Антигендік қасиеттері.Бактериофагтардың құрамында иммундық қасиеттерге ие, организмде спецификалық антиденелердің түзілуін туғызатын, топтықспецификалық және типтікспецификалық антигендер болады. Бактериофагтармен әрекеттескен антиденелер, олардың бактерияларға тигізетін литикалық белсенділігін бейтараптай алады. Типоспецификалық антигендеріне байланысты фагтарды серотиптерге бөледі.
Резистенттілігі (төзімділігі).Адам вирустарына қарағанда бактериофагтар қоршрған орта факторларына төзімді болып келеді. 65-70°С температура, жоғары мөлшерде УК-сәулеленудің, иондаушы радиация, формалин және қышқылдар әсерлерінен инактивацияланады. Төменгі температурада және кептірген кезде ұзақ сақталынады.
Фагтардың бактерия жасушасымен әрекеттесуі. Бактериофагтар жасушаның арнайы рецепторларымен әрекеттесе отырып, қатаң түрде белгілі бір бактерияларды зақымдайды. Әрекеттесудің спецификалылығына байланысты келесі бактериофагтарды ажыратады: бактерияның туыстас түрлерімен әрекеттесетінполивалентті түрі; бактериялардың белгілі бір түрімен әрекеттесетінмоновалентті; берілген түрдің бір ғана типімен (варианттарымен) әрекеттесетінтиптіктүрі.
Фагтардың бактериялармен әрекеттесуі басқа вирустағылардай өнімді, түсіктік (абортивті) және бірікпе (интегративті) жолмен өтуі мүмкін. Әрекеттесудің өнімді түрінде бактерия лизистеніп фагтық ұрпақ түзіледі; түсіктік түрінде - фагтық ұрпақ түзілмейді де бактерия өмірін сақтап қалады; интегративті түрде – фаг геномы бактерия хромосомасына еніп, сонымен бірге тіршілік етеді. Әрекеттесу түріне байланысты вирулентті және әлсіз бактериофагтарды ажыратады.
Вирулентті бактериофагтарбактериямен өнімді түрде әрекеттеседі. Бактерияға енгеннен кейін олар 200-300 жаңа фагтық бөлшектерге дейін репродукцияланып, бактерияны лизистейді. Бактериофагтың бактериямен әрекеттесуі адам вирусының иесінің жасушасымен әрекеттесуін еске түсіреді. Фагтардың бактерия жасушасына спецификалық адсорбциялануы жасуша қабырғасында липопротеиндік немесе липополисахаридтік комплементарлық рецепторлар болған жағдайда ғана болады. Жасуша қабырғасы жоқ бактерияларға (протопластар, сферопластар) бактериофагтар адсорбцияланбайды. Кейбір фагтар рецепторлар ретінде бактериялардың жыныстық кірпікшелерін (пилилерін) пайдаланады.
Әлсіз бактериофагтарвирулентті бактериофагтарға қарағанда сезімтал бактериялармен өнімді немесе интегративті жолмен әрекеттеседі. Әлсіз фагтың өнімді айналымы вирулентті фагтың әрекетін қайталап, бактерия лизисімен аяқталады. Әрекеттесудің интегративті түрінде әлсіз фагтың ДНҚ-лы бактерия хромосомасына еніп, көбейіп жатқан бактерияның геномымен синхронды репликацияланып, лизис тудырмайды. Бактерия хромосомасына енген бактериофаг ДНҚ-лыпрофагдеп, ал бактерия дақылылизогендідеп аталады. Бактерия мен бактериофагтың мұндай бірлесіп тіршілік етуінлизогения(гректіңlisis-еру, genea-шығу тегі) деп аталады. Бактерия хромосомасының бөлігіне айналған профаг, бактерия көбейген кезде тұқым қуалап, ұрпақтарға беріледі.