Бағдарламасы (5-11 сынып) Бағдарлама мақсаты


Парақ бетіндегі баланың көлемі



бет16/30
Дата20.06.2023
өлшемі141,62 Kb.
#102514
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
5. Парақ бетіндегі баланың көлемі.
Егер бала өзін кішкентай көлемде салатын болса, ол баланың өзіндік бағалауының төмендігін білдіреді немесе ол бала өзін отбасында ең кішкентай адам ретінде сезінеді. Өзіндік бағалауы жоғары балалар, өздерін ата-аналарынан да үлкен етіп салады.
6. Суретте баланың орналасуы, отбасындағы баланың жағдайын білдіреді. 
Бала ата-анасының ортасында немесе өзін бірінші салса, ол отбасында өзін қажетті сезінеді. Егер бала өзін бөлек немесе өзін соңында салса, бұл қызғаныштың, қолайсыздықтың белгісі.
7. Суретте салынған кісілердің арақашықтығы, олардың өзара жақындығын немесе керісінше алшақтығын білдіреді.
Кейіпкерлердің арасы алшақ болған сайын, олардың өзара қарым-қатынастары түрлі жаққа бағытталған. Егер бала отбасы мүшелерінің қолынан ұстап тұрса, ол баланың барша отбасына жақындығын көрсетеді.
8. Отбасындағы мүшелерінің реттік орналасуы.
Бала көп жағдайда бірінші өзін салады немесе отбасындағы өзіне жақын, беделді адамды салады. Ең соңында салынған адам, беделі төмен адам болып саналады (бұл баланың өзі болуы мүмкін).
9. Парақ бетіндегі бейнелердің орналасуы.
Суретте кімнің жоғары немесе төмен орналасқанын байқаңыз. Мысалы, парақтың ең жоғарғы жағында теледидар, алты айлық қарындасы орналасатын болса, баланың ойы бойынша олар отбасын басқарады.
10. Балада көп қобалжуды тудыратын кейіпкер немесе зат.
Егер  бала сурет салу барысында қарындашты күшпен басып, қатты штрихтайтын болса, ол қорқыныштың белгісі.
11. Дене мүшелері.
Бас мүшесі. Бұл – дене мүшесінің ең маңыздысы және құндысы. Ақыл-парасаттың барлығы – баста. Отбасындағы ең ақылды адамның басын бала үлкен қылып салады.
Көз. Тек қарап, бақылау үшін ғана емес, сонымен қатар, адамның көңіл-күйін көрсетеді. Көзі үлкен адамдар, баланың ойынша қобалжулы, мазасыз, көмекке мұқтаж адам болып табылады. Нүктемен немесе сызықшамен белгіленген көзі бар адам, көп жағдайда өзінің эмоциясын сыртқа көрсете бермейтін, тұйық мінезді адамдар.
Құлақ. Бұл – өзің жайлы кез келген ақпарат пен сынды естіп, қабылдайтын мүше. Құлағы үлкен адамдар суретте бейнеленсе, бұл адамдар айналасындағыларды тыңдайтын адамдар. Егер кейіпкер мүлде құлақсыз болса, ол айналадағыларды тыңдамайтын, барлығына қарсы шығушы адам.
Ауыз. Суретте ауыз – шабуыл жасаушы мүше, ауызбен адамдар ұрысады, агрессиясын білдіреді, ренжітеді, тістейді. Ауызы үлкен немесе штрихталған кейіпкер қауіпті болып табылады. Егер кейіпкерде мүлде ауыз болмаса, ауыз нүктемен немесе сызықшамен сызылған болса – ол адам өзінің сезімдерін жасыратын, сөзбен айтып жеткізе алмайтын, өзгелерге әсер ете алмайтын адам болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет