«Жүректен жүрекке». Релаксация «Сиқырлы көл».
Көздеріңізді жұмыңыздар. Біздің жер шарымызда бір жер бар. Ол жердің ауасы таза, шипа, сол ауамен дем алса ләззат сезіміне бөленеді. Айналасы көр тоймайтын табиғи сұлулық. Жерге қараса айналасы толған хош иісті гүлдер қоршап тұр.
Ол көлдің суы мөлдір, асында бұлақ болғандықтан дәмі өте тәтті, қайта-қайта ішкің келеді. Айдынында екі аққу жүзіп жүр. Сол жерде бір адам тұрады. Ол өзін ең бақытты адаммын деп сезінеді.
Әрқайсысыңыздың қасыңызға барған кезде көзіңізді ашасыз, мен сол адамды көрсетемін сіз ол адамды көрген кезде күліп қараңыз.
Менің түйгенім Сабақ маған ұнады, себебі....
Сабақ маған ұнамады, өйткені.....
Сабақтан үйренгенім....
№4 сабақ. «Мен өзімді мақтан етемін» Мақсаты:
өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынастың дамуы;
рефлексия дамуы;
тәлім алушылардың сенімділік сезімінің көтерілуі;
«Мен кіммін» серпімділік ойыны Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін» деген сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен»: «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» ж.т.б деген сөздермен басталуы қажет.
Біз бүгін, әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таң қалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.
«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы Өзіңді өткен, осы және келер шақтарда қалай көресің, елестете отырып суретін сал.
Талдау: Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?
Келешекке өзіңді кім деп көресің?
Қандай қасиеттер сенде пайда болады?
Сен өзіңе не тілер едің?
Балалар бір-біріне доп лақтыра «Мен бірде...» деген фразаны қоса отырып өзінің қандай да бі жетістігін айтады. Мысалы: «Мен бірде дене шынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінш болып келдім».