Бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін арттыру оқУ ҚҰралы


Сыншы дос – кәсіби сенімді қарым-қатынас орнаған, тәжірибеңізге сыни талдау



бет63/63
Дата19.10.2023
өлшемі457,69 Kb.
#119468
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63
Байланысты:
Білім беру бағдарламасы 5-модуль мектеп педагогтерінің Әлеуетін -emirsaba.org

Сыншы дос – кәсіби сенімді қарым-қатынас орнаған, тәжірибеңізге сыни талдау 
жасау және сындарлы кері байланыс ұсыну арқылы оқыту мен оқу тәжірибеңізді
жетілдіруге көмектесетін әріптес, коуч, тәлімгер. 


Тайм-менеджмент – арнайы жаттығуды, жұмыстың нақты түрлеріне жұмсалатын
уақытты саналы бақылауды көздейтін, уақытты ұйымдастыру және оны пайдалану 
тиімділігін арттыру технологиясы. Бұл жағдайда жұмыстың тиімділігі мен өнімділігі
артады. Тайм-менеджмент жұмсалатын уақытты жоспарлауды, бөлуді, мақсат қоюды, 
жұмсалған уақытты талдап, мониторингін жүргізуді, ұйымдастыруды, басымдықтардың
тізімін жасап, оларды басымдығына қарай орналастыруды көздейді. 


Тәлім алушы – тәлімгердің қамқорлығындағы тұлға.

Тәлімгер – өз еркімен жүйелі түрде ұзақ уақыт бойы өзінің білімі мен тәжірибесін
тәжірибесі аздау субъектімен – тәлім алушымен бөлісуге дайын жетекші, мұғалім, 
басшы. Бұның нәтижесінде тәліп өзінің кәсіби дағдыларын дамытып, еңбек жолында
айтулы өзгерістерге қол жеткізу мақсатында проблемаларды шешу жолдарын іздейді. 


Тәлімгерлік – ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәліп арасында сенімді, жеке
тұлғаға бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. Ол тәліптің педагог ретінде қалыптасуы 
мақсатында өзінің білімін, ойлауын, тәжірибелік іс-амалдарының тиімділігін жетілдіруде
айтарлықтай қарқын алуына көмектеседі. Коучинг үдерісі тәлімгерлік үдерісімен 
байланысты: коучинг нақты тақырып бойынша әріптесінің кәсіби мүмкіндіктерін ашуға
бағытталса, тәлімгерлік оған жүйелі кәсіби қолдау көрсетуді көздейді. 


http://emirsaba.org




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет