Пәннің мақсаты мен мазмұны- мәдениеттану ілімінің қоғамдағы орны мен рөлін, оның теориялық негіздері мен әлемдік озық үлгілерін, әлемді және қазақ халқының бай мәдени мұрасын оқып үйрену арқылы студенттердің білімділік дағдыларын дамыту болып табылады.
Сабаққа шолу
Сабаққа шолу
білуі керек:
«культуралогия», «пайдея» терминдерін және олардың негізгі анықтамаларын білу.
үйренуі керек:
Мәдениеттану пәніне қатысты ақпараттарды өз бетінше жинау, жалпылау және талдау оны өз көзқарасы үшін тиімді пайдалану;
Білуі керек:
Мәдениеттану ғылымы бойынша қалыптасқан құндылықтарды жаңа заман талабына сай айқындау;
Әр түрлі әлем мәдениеттерін салыстыру;
Сабақ жоспары:
1. Ғылымдағы зерттеу пәні мен әдістері туралы түсінік;
2. Мәдениеттану ғылымының функциялары.
Мәдениет дегеніміз не? "Мәдениет" деген ұғымның аясы өте кең. Сондықтан да болар, "мәдениет" ұғымының көптеген анықтамасы бар. Адам ой-санасы мен әрекетінің нәтижесінде туындаған құндылықтарды біз мәдениет дейміз. Немесе мәдениет дегеніміз – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс-әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанның бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымда мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді.