Пәннің спецификасына сәйкес ғылыми терминологияларды пайдалана отырып, түсінікті толық ашу және дұрыс түсіндіруі.
3
Ұғымның/терминнің қолданыста болуына мысал келтіру, оның мағынасын түсінетінін нақтылауға мүмкіндік береді.
1
Мазмұндаудың нақтылығы мен сауаттылығы
1
Барлығы:
5 балл
2. Емтиханға жіберілу рейтинг бағасының (ЖРБ) кемінде 50% жинаған және барлық келмеген сабақтарын өтеген студенттер жіберіледі. ЖРБ аралық бақылау бағаларынан тұрады және келесі формула бойынша есептеледі:
ЖРБ = РАБ / n, бұл жерде:
РАБ – аралық бақылау бағаларының орташа арифметикалық жиынтығы.
n – аралық бақылау (коллоквиум) саны
Студенттердің аудиториядан тыс өз бетінше атқаратын жұмысы. БӨЖ-ді міндетті түрде орындау керек. БӨЖ орындалмаған жағдайда студент аралық бақылауды тапсыруға жіберілмейді.
БӨЖ-дің орындалу критерийлері.
БӨЖ түрі: «Жағдаяттық есептерді шешу»:
— студент тапсырмадағы барлық сұрақтарға жауап беруі керек;
— тапсырманы шешуге қажетті барлық көрсеткіштерді интерпретациялау, егер жеткіліксіз болған жағдайда ақпаратты өз бетінше қарастыру;
— тапсырманы шешу жолын түсіндіру;
— жауаптарды негіздеу кезінде басқа пәндердің ғылыми жетістіктерін пайдалану;
— тапсырманың ресімделуінің құрылымы нақты болуы керек;
— жауаптар ұқыпты, түсінікті қолжазбамен, орфографиялық және пунктуациялық нормаларды сақтай отырып немесе тексті компьютерде жазу арқылы орындалуы керек.
БӨЖ түрі: «Презентация».
— бірыңғай безендіру стилін сақтау;
— презентацияның барлық слайдтары Microsoft Power Point бағдарламасында орындалуы керек, файл өлшемі 2мб аспауы керек, слайдтар саны 15-20 дана;
— титулдық, ақпараттық және бекітуші слайдтар болуы керек; титулдық слайдта кафедраның атауы, презентация тақырыбы, оны кім орындады (тегі, топ нөмірі), кім тексерді (оқытушының тегі); бекітуші слайдта ақпарат көздері (автор, оқулық/оқу құралы/монография атауы..., жарияланған жылы, шығарылған жері, беті) көрсетіледі, иллюстрациялық материалға сілтемелер міндетті түрде беріледі;
— слайдтарды жобалау кезінде Times New Roman, Arial, Arial Narrow қаріптерін қолданыңыз; шрифттің түсі мен өлшемі таңдалған слайд өрісінде барлық жазулар анық оқылатындай етіп таңдалуы керек; бір слайдта 3 түстен артық емес түстерді пайдалану ұсынылады: біреуі фон үшін, екіншісі тақырып үшін, үшіншісі мәтін үшін.
— бір слайдты үлкен көлемде толтырмаңыз; қысқа сөздер мен сөйлемдерді қолдану керек; ең маңызды ақпарат экранның ортасында болуы керек.
— ақпаратқа қойылатын талаптар: нақтылық, толықтық, қазіргі заманғы ақпарат көздерін пайдалану, жеткіліктілік;
— мәтінге қойылатын талаптар: ғылыми, логикалық, қол жетімділік, бірегейлік, нақтылық, толықтығы. Грамматикалық және басқа қателіктердің болмауы;
— фон үшін суық реңктерді (көк, жасыл) пайдалану керек; слайдта ақпаратты, сондай-ақ оқу фильмдерінің үзінділерін ұсыну үшін компьютерлік анимация мүмкіндіктерін пайдаланыңыз;
— кестелік ақпарат материалға MS Word мәтіндік процессорының немесе MS Excel кестелік процессорының кестесі ретінде енгізіледі. Деректер саны көп кестелерді пайдаланбаңыз. Диаграммалар MS Excel кестелік процессорының диаграмма шеберін қолдана отырып дайындалады.
Бағалау критерийлері:
— тапсырма мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі;
— ақпараттың дұрыс құрылымы;
— жазылған ақпараттың логикалық байланысының болуы;
— безендірудің эстетикасы, ақпаратты сауатты ұсыну;
— плагиатты тексеру;
— презентацияны оқытушыға тексеруге уақтылы тапсыру.
БӨЖ түрі: «Тақырып бойынша тезис жоспар».
Тезис - бұл мәтіннің негізгі идеясын қамтитын қысқаша тұжырым. Тезистік жұмыстың жоспарын құру үшін алдымен сіз «Инфекциялық процестердің патофизиологиясы» атты кафедраның оқу құралынан (Астана, 2005) материалды оқуыңыз керек. Содан кейін сіз негізгі тезисті бөліктерге/ тармақтарға (мысалы, жіктеу, этиология, патогенез ...) бөлектеу арқылы айқындап аласыз. Тезистер / бөліктер құрылымы мен ауқымы бойынша бір бірінен өзгеше болуы мүмкін. Дегенмен, әр тезистің мазмүны түсінікті, логикалық сауатты және бірегей болуы керек. Оқулықтан материалды сол күйінде алып жазу және түпнұсқадан сөзбе -сөз үзінділер келтіруге болмайды. Сіз ұсынған материал тезис түрінде өңделіп, ұсынылуы тиіс, яғни сіз ақпаратты өңдеуге және құруға қабілеттілігіңізді көрсетуіңіз керек.
БӨЖ түрі: «Глоссарий».
Студент зерттелетін тақырып бойынша негізгі терминдер мен ұғымдарды таңдап, жүйелеп, суреттер, фотосуреттер және басқа көрнекі кескіндерді таңдауы керек. Глоссарий жазбаша ресімделеді. Терминдердің, сөздер мен ұғымдардың атауы мен мағынасы алфавиттік тәртіпте болуы керек. Таңдалған анықтамаларды сыни тұрғыдан түсіну және өзгерту қажет. Соңында дереккөздің бетін міндетті түрде көрсете отырып, пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме берілу керек.
Бағалау критерийлері:
— терминдер глоссарий тақырыбына сәйкестігі;
— терминдерді интерпретациялаудың көп өлшемділігі және пәнді оқу ерекшелігіне сәйкес олардың интерпретациясын нақтылау;
— мазмұндаудың нақтылығы мен сауаттылығы;
— әдебиетке сілтеме;
— плагиатты тексеру;
— глоссарийді оқытушыға тексеруге уақтылы тапсыру.
БӨЖ түрі: «MSQ А-типті форматтағы тест тапсырмаларын құрастыру».
Әр студент дұрыс жауаптары көрсетілген 10 тест тапсырмасын өз бетінше құрастырады. Тесттегі сұрақ келесі талаптарға сай болуы керек:
-адекваттылық (валидтілік) – тақырыпқа сұрақтың сай болуы;
-тесттің жалпыға түсінікті болуы – сұрақтар мен жауаптардың нақты болуы, жалпыға белгілі терминдер мен атаулардың қолданылуы;
-қарапайымдылық – бір тест тапсырмасында күрделілігі бір деңгейдегі тапсырма болуы керек;
-тест тапсырмалары сұрақ түрінде емес, мәлімдеме түрінде жасалуы керек;
-тапсырмада «жоқ» жұрнағы қолданылмауы керек».
Тест тапсырмаларының түрі жабық түрі.
Жабық түрі – бір дұрыс жауабы бар– тест тапсырмасы. негізгі сұрақ, жауаптардың саны 5 болады (А, В, С, D, Е) оның ішінде біреуі дұрыс, ал қалған төртеуі – дистракторлар (шындыққа үйлесетін, тең, дұрыс жауаппен). Егер сұрақтың мәні салыстырмалы түрде болса, «әдетте», «негізінен», «ең бастысы» т.с.с. сөздермен аяқталады. Тест жауаптарын құрастырғанда дистракторлар ретінде немесе дұрыс жауапта «жоғарыда аталғандардың барлығы», «жоғарыда аталғандарда жоқ», «барлық жауап дұрыс емес», «барлық жауап дұрыс» деген сөздерді қолдануға болмайды. Барлығы 10 тест тапсырмасын жасау керек, оның ішінде күрделілігі бірінші когнитивті деңгейдегі – 5 тапсырма болады (орындауға, тануға арналған тапсырма), күрделілігі екінші когнитивті деңгейдегі – 3 тапсырма (түсінуге арналған тапсырма), күрделілігі үшінші когнитивті деңгейдегі – 2 тапсырма (қолдануға арналған тапсырма).
Бағалау критерийлері:
- тест тапсырмалары мазмұнының тақырыпқа сәйкестігі;
- тест тапсырмаларына ең маңызды ақпаратты қосу;
- күрделілік деңгейі бойынша тест тапсырмаларын құрастыру;
- дұрыс жауап эталондарының болуы, оларды түсіндіруі;
- мәтінді безендіру сапасы (тазалық, эстетика, өзіндік ерекшелік);
- плагиатқа тексеру;
- тест тапсырмаларын оқытушыға тексеруге уақтылы тапсыру.