«Гипоксия» тақырыбы бойынша клиникалық-лабораториялық тапсырмаларды бағалау критерийлері (АБ-2)
25
Гипоксияның типі және түрі жіктеу критерийлерін ескере отырып, дұрыс анықталған. Көрсеткіштерді интерпретациялау дұрыс жүргізілген. Қорытынды негізделген, гипоксия дамуының патогенездік негізі көрсетілген. Жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы логикалық сауатты және ұқыпты, теориялық материалды терең түсінгенін көрсете білген.
20
Гипоксияның типі және түрі жіктеу критерийлерін ескере отырып, дұрыс анықталған, Гипоксия дамуының патогенездік негізін көрсетуде 1-2 елеусіз қателіктер жіберген. Қанның газдық құрамының көрсеткіштерін интерпретациялауының 3/4 артық параметрлері дұрыс жүргізілген. Қорытынды негізделген, бірақ есеп бойынша жалпы қорытындыларға әсер етпейтін елеусіз қателер жіберілген. Жауаптардың құрылымы анық, мазмұндауы логикалық сауатты.
15
Гипоксияның типі және түрі дұрыс анықталған. Жіктеу критерийлері толық ескерілмеген. Қорытындыны беткейлік негіздеген, 1-2 қателіктер жіберген. Жауаптардың құрылымы анық емес, бірізділік жоқ, жағдайды терең талдамаған. Зерттеудің клиникалық-зертханалық әдістерінің 1/2 параметрлері дұрыс интерпретацияланған.
10
Гипоксияның типі және түрі дұрыс анықталған, алайда жіктеу критерийлерін көрсетпеген. Қорытындыны беткейлік негіздеген, 2-3 елеулі қателіктер жіберген. Жауаптардың құрылымы анық емес, бірізділік жоқ, жағдайды патофизиологиялық тұрғыда дұрыс талдамаған. Медициналық терминдер мен негізгі тақырыптық ережелердің көбісі дұрыс түсіндірілмеген. Қанның газдық құрамының көрсеткіштерін интерпретациялауының 1/2 кем параметрлері дұрыс талданған.
5
Гипоксияның типі және түрін анықтауда қателіктер жіберген, жіктеу критерийлерін көрсетпеген, қорытынды дәлелденбеген. Медициналық терминдер мен негізгі тақырыптық ережелердің көбісі дұрыс түсіндірілмеген. Қанның газдық құрамының көрсеткіштерін интерпретациялауының 1/3 кем параметрлері дұрыс талданған.
0
Тапсырма дұрыс орындалмаған, қорытынды жоқ. Қанның газдық құрамының барлық көрсеткіштерінің интерпретациясы жоқ немесе дұрыс жазылмаған.
Тақырыптық диктант. Екінші аралық бақылаудың № 2 тапсырмасы ретінде «Типтік патологиялық процестер» бөлімінен, практикалық сабақтарда, ОБӨЖ және БӨЖ-де өткен тақырыптар бойынша 5 термин енгізілген. Әрбір термин/тұжырымдама 5 ұпаймен бағаланады. Осылайша, студент тапсырма үшін максималды 25 балл ала алады.