Бағдарламасы 6В10122 «Медицина»



бет1/16
Дата01.10.2023
өлшемі0,49 Mb.
#112139
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
09.09 -каз Силлабус-2ОМ-ОБЩАЯ ПФ-23-24





«Астана медицина университеті» КеАҚ



С-62


В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы



26 беттің 1-інші беті







CИЛЛАБУС
Модуль «Жалпы патология»
Пән «Жалпы патофизиология»

Білім бағдарламасы - 6В10122 «Медицина»


Дәрістер

Практикалық сабақтар 20 сағат

ОБӨЖ 10 сағат


БӨЖ 30 сағат


Барлығы 2 кредит / 60 сағат

Курс 2

Астана 2023 ж.

Силлабус Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен бекітілген МЖМБС негізінде жасалды.


Силлабус кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

«31» тамыз 2023 жылғы №1 Хаттама


Кафедра меңгерушісі Тәжібаева Д.С.




1. Оқытушылар туралы мәлімет





Аты-жөні

Дәрежесі/лауазымы

1

Тажібаева
Дамира
Сабирқызы

М.ғ.д./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық
физиология кафедрасының меңгерушісі

2

Бегларова Гульшахар Еркиновна

М.ғ.к./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының профессоры

3

Ерментаева Лаззат Нурмаханбетқызы

М.ғ.к./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының доценті




Ниязбекова Карлыгаш Калжанқызы

Ғылым магистрі/ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының
аға оқытушысы




Тулеуов Темирлан Ныгызбекулы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының аға оқытушысы

6

Аринова Сапаркүл Махамбеталиқызы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

7

Уразалы Камилла Бауыржанкызы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

8

Галымжан Арна

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

9

Тохаева Майра Базарбековна

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы



2. Байланыс ақпараты:
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 8-ші қабат. Тел. 8-7172-53-95-24. Электронды адрес - kaf.patphys@amu.kz.


3. Саясат
3.1 Кафедраның саясаты
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының саясаты оқу проуесін жүйелі және мақсатты түрде жүзеге асыру болып табылады. Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының студенттерге қоятын талаптары Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында білім берудің жалпы принциптеріне негізделген және «Астана медицина университеті» КеАҚ Академиялық саясатының (2022 ж.) талаптарына сәйкес келеді:
1. Студент білімді, тәжірибелік дағдыларды, машықтықты толық көлемде меңгеруге міндетті.
2. Студент сабақтардың барлық түріне қатысуға және барлық тапсырмаларды орындауға міндетті ( практикалық сабақтар, ОБӨЖ, аралық бақылау БӨЖ).
2.1. Қатыспаған практикалық сабақтар, келмеген себептеріне қарамастан, деканаттан рұқсат беру себебі көрсетілген, (жіберілсін) деген мәліметі бар құжатпен өтелуі керек. Қатыспаған сабақтары өтелгеннен кейін өтеу журналына «өтелді» деп жазылады. Студент дәлелді себептермен жіберілген 2 сабақты және дәлелсіз себептермен жіберілген 1 сабақты бір мезетте өтей алады. Жіберілген сабақтарды өтеу аралық бақылауға жіберу үшін негіз болып табылады және студент пен оқытушының негізгі оқу сабақтарынан бос уақытында жүзеге асырылады. Аралық бақылаудың алдындағы сабақты жіберіп алған студент, оны коллоквиум күні немесе одан кейінгі келесі күні өтейді, бұл ретте студент аралық бақылауға жіберіледі.
2.2. Сабақты өтеу кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қайта өтеуге жіберілмейді. Дәлелді немесе дәлелсіз себеппен жіберілген практикалық сабақтар өтелгеннен кейін электрондық журналында "жоқ" белгісі жойылады. Егер студент дәлелсіз себептермен практикалық сабақтарды жіберіп алса, коллоквиум үшін жиынтық бағадан 1 академиялық сағат үшін 1 балл шегеріледі. Егер студент дәлелсіз себептермен тек қана аралық бақылауды жіберіп алса, онда оны өтегеннен кейін "жоқ" белгісі электрондық журналынан жойылады, ал оқытушы өтеген аралық бақылаудың жиынтық бағасынан 20% шегереді.
2.3. Жіберілген практикалық сабақтарды өтемеген студент, өтеу себептеріне қарамастан, аралық бақылауды (коллоквиум) тапсыруға жіберілмейді және педагогтық және электрондық журналдардың жиынтық баға деген бөлігіне 0 (нөл) балл қойылады. Коллоквиумды тапсыруға тиісті бөлім бойынша БӨЖ тақырыптарын тапсырмаған және практикалық сабақтар мен ОБӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындамаған студенттер де жіберілмейді.
3. Студенттердің білімі мен іскерлігін тексеру жиынтық бағалау түрінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.
3.1. Жиынтық бағалау пәннің әрбір бөлімін аяқтағаннан кейін педагогикалық және электронды журналдарда балл қою арқылы жүргізіледі. Аралық бақылау (коллоквиум) бөлімі үшін бір жиынтық баға қойылады, ол практикалық сабақтардың, БӨЖ және ОБӨЖ тақырыптары бойынша оқу материалдарын зерделеуді аяқтағаннан кейін білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
3.2. Коллоквиум кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент оң бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
4. Білімді қорытынды бақылауға (аралық аттестация) жіберу рейтингісінің 50%- ын жинаған және барлық келмеген сабақтарын өтеген студенттер жіберіледі, ЖРБ пәннің соңғы сабағында септеледі. Студенттің пән бойынша қорытынды бағасы студенттің жіберу рейтингінде, емтихан бағасында да оң нәтижеге тапсырған жағдайда ғана есептеледі.
4.1. ЖРБ 49 балл және одан төмен студенттер ақылы негізде университеттің академиялық саясатына сәйкес қайта оқу курсын жазғы және қысқы семестрлерде өтеуге құқылы.
4.2. Емтиханда "FX" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған студент емтихандық сессияны тапсырғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей, қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Егер қорытынды бақылауда «FX» бағасын алған студент дәлелді себептермен емтиханды қайта тапсыруға келмеген болса, онда ол 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Олай болмаған жағдайда студент ағымдағы оқу жылының қысқы немесе жазғы семестрінде ақылы негізде қайта оқу курсын өтуге міндетті.
4.3. Емтиханда "F" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, студент ағымдағы оқу жылының қысқы немесе жазғы семестрінде ақылы негізде қайта оқу курсыне құқығы бар.
4.4. Емтиханға дәлелді себептермен келмеген студент растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды өтеуге міндетті. Емтиханға дәлелсіз, себепсіз келмеген студент ақылы негізде пәнді қайта оқуға міндетті. Емтиханға себепсіз келмеген студент ағымдағы оқу жылының қысқы немесе жазғы семестрінде оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатыса отырып, оқу жұмысын бағдарламаға сәйкес белгіленген тәртіппен орындай отырып, ақылы негізде пәнді қайта тапсыруға міндетті.
4.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген студент комиссиялық қарауды талап ететін сұрақты сипаттап және пәнді көрсете отырып, емтихан бағалары жарияланған күннен 24 сағат ішінде Университеттің жетекшілік ететін проректорының атына апелляция беруге құқылы.
4.6. Емтиханда алған оң бағаны жоғарылату мақсатында аралық аттестацияның сол кезеңінде қайта тапсыруға рұхсат етілмейді.
5. Студенттер сабақ барысында ұялы телефондарды, смартфондарды, планшеттерді және басқа да электронды құрылғыларды мұғалімнің рұқсатымен ғана пайдалана алады.
Бағаланатын бақылау жұмыстарын (коллоквиум, емтихан) орындау кезінде: а) коллоквиум және емтихан кезінде сөйлесуге; б) электрондық және/немесе қағаз тасымалдағыштарды пайдалана отырып, оқу ақпаратын заңсыз пайдалануға; в) басқа біреудің жазбаша жауаптарын әдейі пайдалануға немесе басқа студентке емтихан парағын көшіруге рұқсат беруге; г) билет нөмірін әдейі өзгерту және т.б., тыйым салынады. Жазбаша жұмыс парақтары көк немесе күлгін сиямен шарикті қаламмен ұқыпты және түсінікті түрде толтырылуы керек. Егер мәтін ұқыпсыз жазылса, сондықтан жауаптың мағынасы түсініксіз болса, тексеруші мұны қате деп санауға құқылы. Сөздерді қысқартуға да жол берілмейді.
Академиялық адалдық қағидалары бұзылған жағдайда, оның ішінде плагиат фактісі анықталған жағдайда (жауаптың бірегейлігі 55%-дан кем), анықталған бұзушылық туралы акт жасалып, студентке апелляция беру құқығынсыз 0 балл (F бағасы) қойылады. Бұл жағдайда студент ағымдағы оқу жылының қысқы немесе жазғы семестрінде ақылы негізде пәнді қайта оқуға міндетті.
6. Студент сабақ кезінде этикет пен мәдениетті сақтауы керек; сабаққа кешікпей уақытында келу керек.
7. Студент дәрістерде, практикалық сабақтарда және ОБӨЖ-де медициналық халат киіп отыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет