5. Пәннің мақсаты:студенттерде типтік патологиялық процестердің пайда болу, даму және аяқталу механизмдерінің жалпы заңдылықтары туралы білімді организмнің жас шамалық ерекшеліктілігін ескере отырып қалыптастыру.
А. Білу және түсіну (НҚ1, КҚ2, КҚ7, КҚ10): • Пәнді, зерттеу нысанын, патологияның профилактикалық және клиникалық медицина үшін маңызын және басқа медика-биологиялық және медициналық пәндермен байланысын біледі.
• Жалпы нозологияның негізгі ұғымдары мен категорияларын ажыратады.
• Типтік патологиялық процестердің, аурулардың пайда болу, даму және аяқталу (салдары) механизмдерінде организмнің реактивтілігі мен резистенттілігінің, себептерінің рөлін біледі.
• Медицина және биология үшін ауруларды, патологиялық процестер мен жағдайларды материалдық және формалды модельдеудің мәнін түсінеді.
• Патологиялық процестер мен аурулардың этиологиясы мен патогенезін зерттеудегі эксперименттік терапияның маңызын біледі және түсінеді.
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына сәйкес ғылыми зерттеулер этикасы бойынша нормативтік құжаттарды және клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу ережелерін біледі.
• Әлеуметтік маңызы бар мәселелер мен процестерді талдай алады.
В. Білімдерін және түсініктерін қолдана білу (НҚ1, КҚ2, КҚ7): • Жалпы патофизиологияда алған білімдерін кәсіптік практикасында қолданады.
• Жалпы патофизиологияда алған білімдерін басқа пәндерді оқып білу барысында қолданады.
• Патологиялық процестер мен аурулардың пайда болуында, дамуы мен аяқталуында организмнің реактивтілігінің рөлін бағалайды.
• Типтік патологиялық процестер мен аурулардың патогенезінде, зақымдану және қорғау механизмдерін ажыратады.
• Эксперименттік жұмыстар мен оқыту тапсырмалары бойынша хаттамалар құрастыру және қорытынды жасай алады.
• Клиникалық-зертханалық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіреді.
• Клиникалық жағдайларға патофизиологиялық талдау жүргізе біледі.
• Медицинаның өзекті мәселелерін талдайды, медицинадағы заманауи теориялық тұжырымдамалар мен бағыттарға сыни баға береді.