Бағдарламасы 8-9 сыныптарға Құрастырған: Мазинова А. Ж. 2023-2024 оқу жылы



бет2/3
Дата11.12.2023
өлшемі29,64 Kb.
#137694
түріБағдарламасы
1   2   3
Эссе жазуда ұстанатын қадамдар: 
1. Контексті анықтау.
Бұл эссенің көлемі, бірінші парағының үлгісі, т.б. Қандай талаптар қойылса да, оларды сақтау керек. Ең бастысы - эссенің негізгі ойы. 
2. Тақырыпты таңдау.
Берілген тақырыптың біз үшін маңызды, қызықтысын таңдауға қажет. Сонда эссе жазу қиынға соқпайды. Негізгі тезисті анықтап аламыз, бірақ ол тым күрделі болмау керек. Қажет болған кезде ойды жалғастыруға болады. Тезис – бұл эсседе бір нәрсені дәлелдеуге немесе түсіндіруге тырысу, мысалы «Менің отаным – гүлденген Қазақстан». Тезистің көлемі бір сөйлемнен артық болмау, эсседегі айтатын ойды сиғызу қажет. 
3. Ақпаратты жинақтау.
Тезисті дәлелдемелермен толықтыру үшін, ақпарат қажет. Өзіміз білетін, оқыған ақпарттарды еске түсіру. Фактілер қай жерден басталатынын байқау. Көзқарасты жоққа шығаратын пікірлер мен фактілерге назар салмау. Жақсы эссе жазушы өз тезисі үшін дәлелдерді таба алады. 
4 . Эссені жоспарлау.
Басты ойды фактілермен дәлелдеуге уақыт келді. Жинаған барлық ақпаратты мұқият оқып алу. Басты принциптер мен байқауларды көріп тұрсыз ба? Жазу барысында қандай тәртіпті сақтауды ойластыру. Эссе құрылымын жинақтау үшін, қысқаша жоспар құрастыру, параграфтарға атау ойлау. 
5 . Алдымен негізгі бөлімді жазу. 
Мәтін тезисін бекітуге көмектесетін басты үш ой анықтау. Әрбір көзқарас мысал және дәлелдермен бекітілуі тиіс. Қысқаша эсседе әрбір абзац бір ойдың мән-жайын баяндайды. Көлемді эсседе көзқарасты негіздеу үшін бір бет қажет болады. Жоспарды сақтау, сөйлемдерді логикалық тәртіпке келтіру. Барлық негізгі идеяларды жазып болғасын, барлық үзінділерді байланыстыратын сөйлемдермен жазу.
6 . Қорытынды жазу. 
Негізгі идеяларды жинақтау, оқырманға қай бағдарда оқып, оларды дамыту керегін ұсыныс жасау. Тезистен қандай қорытынды шығаруға болады? Қандай сұрақтар жауапсыз қалды? 

7 . Кіріспені жазу. 
Негізгі бөлім мен қорытындыны жазып болғасын кіріспе туралы ойлану. Тезистік дәлелдемені түсіндіру және оны қалай дәлелдеуді жалпы суреттеу. Қарапайым сөз тіркестерін қолданбау: «Эссе мына туралы...» немесе «Бұл эссе тақырыбы ...» немесе «Қазір мен сізге ...». Жалпы дәлелден бастау, оны сұрақ немесе мәселемен кейін тезиспен және көзқарасқа қысқаша шолумен бекіту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет