Физика пәнінің негізгі идеялары мен деректерін, ұғымдарын, теорияларын меңгеру;
Әр бөлім бойынша түсініктерін дамыту;
Теорияларды , заңдарды, формулаларды қолдана білу
Оқушыларға қоршаған орта мен физиканың ара байланысын жеткізу
оқушы жеңілден ауырға және оңайдан күрделіге көшу бағытымен міндетті күрделілеу есептерді шығара алуы тиіс;
физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Бағдарламаның идеясы:
Ұсынылып отырған тақырыптар 9- сынып оқушыларының
стандарт бойынша алған білімдерін жүйелі түрде қайталап, нығайтуларына көмектеседі, сонымен қатар оқушылардың өздік жұмысына нұсқаулық көрсетуді қамтиды. Теориялық материалдар негізгі анықтамалар және формулаларға сүйеніп берілді. Тақырыптар сатылы түрде құрылды. Физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын, заңдардың практикалық қолданыстарын түсініп, игере білуіне көмектеседі.
Бағдаламаның мазмұны мен құрылымы «9» класс (Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
Кинематика негіздері(5 сағат). Механикалық қозғалыс. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдық және орын ауыстыру. Дененiң еркiн түсуi, еркiн түсу үдеуi. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.
Астрономия негіздері (2 сағат).Аспан сферасы, аспан координаталарының жүйесі. Күн жүйесіндегі ғаламшарлардың қозғалыс заңдары.