Тексеру жүйесі. PISA жобасы тексерудің үш бағытының (математика, ғылым, оқу) біріне айырықша мән беріп, үш жылдық кезеңмен жүргізіледі. 2012 жылы негізгі бағыт «математикалық сауаттылық» болды.
PISA зерттеуі 15 жастағы оқушылардың мектепте алған академиялық білімі мен тұрмыс, үйрену дағдысын тексеріп, өз білімі мен қабілетін түрлі өмірлік жағдайлар мен әлеуметік ауқымда тиімді қолдану қабілетін анықтауға бағытталған.
Қойылатын және көзделетін талаптар.PISA жобасының оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау басыңқылығы үш бағыт бойынша жүреді. Олар оқу біліктілігі, математика және жаратылыстану ғылымдарындағы біліктілік.[2] PISA зерттеуінде ойлау, дәйектеу, мәселе (сұрақ) қоя білу және шеше білу, модельдеу, нәтижелерді ұсынудың түрлі әдістерін пайдалану секілді қабілеттер бағаланады. Осылайша, халықаралық емтиханға қатысушылардың оқу біліктілігі әрекеттің үш оқу-танымдық түрі бойынша анықталады. Олар жаңарту, қолдану және пайдалану.[3] Зерттеудің үш бағыты бойынша оқушылар сауаттылығын бағалау технологиясы - PISA жобасы қатысушылардың алған білімін қаншалықты экстраполяция (құбылыстың бір бөлігін байқаудан алғна қорытындыларды оның екінші бөлігінде қолдануға саятын ғылыми зерттеу әдіснамасы) жасап, оларды мектептен тыс қолдана алатынын, мәселелер туралы дербес ой жүгіртіп, өзіндің таңдау жасай алуын анықтауға мүмкіндік туғызады. Осы тұрғы заманауи экономикалық тұрмыста академиялық білімді жоғары кәсіби деңгейде қолданатын қоғамды қолдайтыны туралы айғақты көрсетеді.
Анықталатын деңгейлер.Функционалды сауаттылықты бағалау технологиясы әлемдегі 60-тан астам елдің 15 жастағы оқушыларын алты деңгейде анықтайды. Ең жоғарғы көрсеткіш 5- және 6- деңгей. Ол бойынша оқушы өз бетінше ойлау, талдау және өз болжамын ұсыну қабілеті. Сосын, 4- және 3- деңгей: жаңа ақпарат алу үшін бар білімі мен қабілетін қолдану мүмкіндігі. Сосын, 2- деңгей: қарапайым оқудан тыс жағдайда бар білімі мен дағдыларын қолдану мүмкіндігі. Сосын 1- деңгей: таяз білімнің төмендігі деңгейі мен тапсырмаларды табысты орындаудың аздығы.
Зерттеудің барлық үш бағыты бойынша қабілеттілік жиынтығы мен білімді қолдану мүмкіндігіне қойылатын нақты талаптар анықталған. Демек, PISA жобасы оқушыны сыни бағалау мен сындарлы ойлау моделіне жетелейді.
Маңызы. PISA-2012 халықаралық зерттеуінің мәліметтері 15 жастағы қатысушының функционалдық дайындық деңгейін салыстыруға мүмкіндік беріп қоймай, нақты факторлардың оқыту тиімділігіне тигізетін әсерін анықтауға да мүмкіндік береді. Зерттеу тест тапсырмаларын орындау табыстылығы қосымша фондық ақпаратпен бірге жүреді. Тек оқушыларға ғана емес, сонымен бірге білім беру ұйымының әкімшілігіне де сауалнама жүргізу PISA жобасына қатысушылардың жетістіктеріндегі өзгешелікті түсіндіруге мүмкіндік береді.