ҚАН ТАПСЫРУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ Қан тапсырудың маңызы өте зор. Адам қанынтолық алмастыра алатын зат жоқ. Сондықтан қан тапсырудың адам өмірін құтқаруда маңызы зор.
Францияда қан құю арқылы жыл сайын 500 мың науқастың азабын жеңілдетеді.Қаналу үшін стерильді бір рет қолданылатынқұрал-саймандар пайдаланылады (шприц, түтіктер және контейнерлер).
Қан тапсыра отырып, сендер ешқандай қауіпке ұшырамайсындар.
Қан тапсыру – тегін көмек көрсетудің ең көп тараған түрі және оған небәрі 45минуттан 1 сағатқа дейін ғана уақыт кетеді. Донордан 450 мл және талдау мен тексеру үшін тағы бірнеше тамшы қаналады.
Ер адам жылына бес рет, ал әйел адам үш рет қан тапсыруына болады.
18-ден 65 жасқа дейінгі адамдар донор бола алады.
Әрбір қан өткізу арасындағы міндетті үзіліс 8 аптаны құрайды.
«Қан тапсыру тұралы хабарландыру» мәтіні Интернеттегі француз сайтынан алынған. Келесі сұрақтарға жауап беру үшін«Қан тапсырутуралы хабарландыру» мәтінін пайдаланыңдар. Сұрақ-1: Қан тапсыру туралы хабарландыру.
Соңғы он екі ай ішінде екі рет қан өткізген он сегіз жастағы қыз қайта қан өткізгісі келеді. «Қан тапсыру туралы хабарландыру» мәтіні бойынша оған қандай жағдайдақайтадан қан тапсыруға рұқсат?
2) МЕН ШЕТЕЛДІК ОТБАСЫНДА ТҰРЫП, ОҚИАЛАМЫН БА? Мен шетел отбасында тұрып, оқи аламын аламын ба? Бұл ой мені көп мазалайды, деген мен өте қызығарлық жағдай. Егер сіз еш қорықпастан шешім қабылдасаңыз, бұл жағдай басқаларға ерекше таңданыс тудырар еді. Ең бастысы – сіздің жеке қалауыңыз бен күткен үмітіңіздің толық орындалуы.
Үміткерден не талап етіледі? Оқушылармен алмасубағдарламасымен жұмыс істейтін түрлі ұйымдардыңталаптарының арасында аз ғана айырмашылық бар, бірақ олардыңбарлығы үміткердің жасына, бітірген сыныбына, үлгеріміне жәнежеке басының қасиеттеріне қатысты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15-тен 18-ге дейінгі негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітірген оқушылар оқуға қабылданады.
Оқушылармен алмасу жұмысының алғашқы жылдарыменсалыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес.Көптеген жағдайларда орташа үлгеріммен де қабылдануға болады. Оқушының үлгерім деңгейі біршама төмен болғанымен,әңгімелесу кезіндегі оның эмоционалды жақсы әсер қалдыруыкөбірек ескеріледі. Көп жағдайларда мектеп немесе мұғалімдер тарапынан берілген мінездеме қажет болады. Өтінішіңізге қоса сіздің мектептегі бағаларыңыз көрсетілген көшірмені қосу керек.