Бағдарламасы ағылш. Programme for International Student Assessment



бет1/6
Дата15.12.2023
өлшемі36,74 Kb.
#139675
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Пиза


Оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарлама (PISA) жəне ЭЫДҰ.


Халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы (ағылш. Programme for International Student Assessmentфр. Programme international pour le suivi des acquis des élèves, қысқаша PISA) — Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) 2000 жылдардан бері үш жылда бір ұйымдастыратын әлем елдері арасында 15 жастағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын тексеру мен бағалаудың халықаралық бағдарламасыт.PISA бағдарламасының мақсаты білім берудің әдіснамасы мен нәтижесіне пайдалы әсер ету болатын. Аталған бағдарлама қазіргі әлемде оқушылар қабілетін тексеру мен бағалаудың ең ықпалды жобасы болып отыр.
PISA дегеніміз не? PISA (Programme for International Student Assessment) – 15-жастағы білім алушылардың оқу, математика және жаратылыстану сауаттылығы бойынша оқу жетістіктерін бағалауға арналған халықаралық зерттеу. Зерттеуді Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (Organization for Economic Cooperation and Development) әр үш жыл сайын өткізеді. PISA алғаш рет 2000 жылы жүргізілді, ал Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан бері қатысып келеді. Әрбір циклде үш бағыттың бірі мұқият талдауды жүргізу үшін негізгі болып анықталады. Зерттеу жалпы міндетті білімді меңгерген оқушылардың қоғаммен толыққанды әрекеттесуге қажетті білім мен дағдыларға қаншалықты ие екендігін анықтауға мүмкіндік береді.


Неліктен елдер PISA-ға қатысады?
PISA зерттеуінің нәтижесінде қатысушы елдер ұлттық білім беру жүйесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтау, оны одан әрі дамыту үшін жаңа реформалар мен бастамаларды әзірлеу үшін объективті деректер базасын алады. Зерттеуге қатысу арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығының қалыптасуындағы трендтерді өлшеуге мүмкіндік туады. Сонымен қатар, PISA нәтижелері әртүрлі білім беру жүйелерін салыстыруға және ұлттық білім беру стратегияларын әзірлеуде жетекші елдердің тәжірибесін зерттеуге мүмкіндік береді.


Келесі PISA циклі қашан өтеді?
PISA 2022 апробациялық зерттеуі 2021 жылы жүргізілді, ал негізгі зерттеу 2022 жылы өтеді.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз не?
Функционалдық сауаттылық оқушылардың әртүрлі өмірлік жағдаяттармен бетпе-бет кездескенде академиялық ортада алған білімдері мен дағдыларын пайдалану дәрежесін – олардың қоғамдағы өз бетінше өмір сүруге дайындығын білдіреді.


PISA тестілеуіне не кіреді?
• Когнитивті тест (120 минут)
• Білім алушыларға арналған
сауалнама (40-60 минут)
• Білім беру ұйымының әкімшілігіне
арналған сауалнама (онлайн)
Білім беру ұйымдары мен оқушылар зерттеуге қалай іріктеледі?
Білім беру ұйымдарын таңдау кезінде репрезентативті стратификацияланған іріктеу тәсілі пайдаланылады. Оқушылар кездейсоқ іріктеу арқылы зерттеуге таңдалады.


Қазақстан қатысқан PISA циклдері


2009
 65 ел мен жеке территория
 Дүние жүзі бойынша 470 000 оқушы


2012
 65 ел мен жеке территория
 Дүние жүзі бойынша 510 000 оқушы


2015
 72 ел мен жеке территория
 Дүние жүзі бойынша 540 000 оқушы


2018
 79 ел мен жеке территория
 Дүние жүзі бойынша 500 000-нан астам оқушы
PISA 2022 нәтижелері қашан жарияланады?


PISA 2022 нәтижелері туралы халықаралық есеп ЭЫДҰ веб-сайтында 2023 жылдың желтоқсан айында шығады. Ұсыныстары бар ұлттық есеп 2024 жылы IAC веб-сайтында қолжетімді болады. PISA зерттеуі туралы қосымша ақпаратты, соның ішінде ЭЫДҰ есептерін, тест форматы мен құрылымын, халықаралық дерекқорларын ЭЫДҰ веб-сайтынан табуға болады: https://www.oecd.org/pisa/




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет