Бағдарламасы ағылшын тілінен аударғанда "Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу"



бет10/22
Дата07.12.2022
өлшемі370,41 Kb.
#55508
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс-тәсілдері

42, Блиц-кездесу
Әріптесіңіз екеуіңіз, біреуіңіз тақтаға, ал екіншіңіз қарама-қарсы жаққа қарап отырыңыз.
Бірінші қатысушыда келесі әріптесіне өтпей тұрып, төменде келтірілген негізгі сөзді (дерді) түсіндіру үшін бар-жоғы 30 секунды бар –мұғалім түсіндіру үшін негізгі сөзді мысал ретінде келтіреді.
43, Он сұрақ!
Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады – қатысушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады, оған жауап не ИӘ, не ЖОҚ деп беріледі.
44, Әліпби желісі
Бізге 5 ерікті қажет!
Әліпби тәртібімен әріптерді пайдалана отырып, қатысушылар алға шығулары керек және кезек-кезекпен берілген тапсырма бойынша негізгі сөздерді дауыстап айтады.
__________________
Бұл өте жеңіл – мысалы, егер сіздің тақырыбыңыз Орта ғасырға қатысты болса, онда сіз былайша бастай аласыз:
А - Aббаттық
Б – Білге қаған
В – Византия
45, Құпия зат
– мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ
46, Серпілген сауал
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың арасында сұрақтарды лақтырыңыз.
Мысалы,
“Азамат, Айнурдың жауабы туралы сен не ойлайсың?”
“Ажар, Арманның жауабын барынша кеңейту үшін оны қалай дамытуға болады?”
“Дәурен, естігеннің барлығын бір жауапқа қалай біріктіруге болады?”
47, Келтірілген мысалды пайдалана отырып, жоқ сөздерді қойыңыз:
Машина үшін металл жиһаз үшін ағаш сияқты / Мұғалім затқа қатысты баламаларды ұсынуы тиіс.

____ үшін_____.............үшін_____сияқты


____ үшін_____.............үшін_____сияқты
____ үшін_____.............үшін_____сияқты
____ үшін_____.............үшін_____сияқты
48, Сұрақты ұстап ал!
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.
49, Лездеме!
Сіздің топтың екі қалған оқушысына бүгінгі сабақтың негізгі сөздерін түсіндіру үшін сізде бір минут бар:
Конверттен бір сөзді бір рет алу
Сөздің өзін атамай түсіндіру
Сөзді тапқан бірінші адам конверттен келесіні таңдайды және қалғандарына түсіндіреді!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет