Бағдарламасы алматы 2014 Бағдарлама «6М050100 Әлеуметтану»


Макс Вебердiң әлеуметтануы



бет4/16
Дата29.12.2023
өлшемі49,55 Kb.
#144747
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
МАГ Социология каз 2014

5. Макс Вебердiң әлеуметтануы
Макс Вебердiң әлеуметтiк көзқарастары мен теориялық ұстанымдарының қалыптасуының теориялық және қоғамдық шарттары. Әлеуметтанудың ғылым ретіндегі жалпы концепциясы. Әлеуметтiк әрекет ұғымы, оның құрылымы және түрлері. Идеалды тип теориясы. «Идеалды әлем» әлеуметтанулық зерттеудiң құралы ретінде. «Түсiну» әдiсі және оның әлеуметтiк әлем тұжырымдамасымен байланысы.
6. Фердинанд Теннис әлеуметтануы
Ф.Теннистiң әлеуметтанулық идеяларының бастауы. Теннистiң негiзгi еңбегі – «Қауым және қоғам». Қауымкелісім, дәстүрлі қатынастардың басымдығына негізделетін қоғамдық байланыстардың формасы ретінде. Қоғам әлеуметтiк қатынастар, келісім-шарт негізінде құрылатын ерекше форма ретінде. Қоғамдық қатынастар және әлеуметтiк топтардың типологиясы.
7. Вильфредо Паретоның әлеуметтанулық теориясы
Италиядағы әлеуметтану дамуының ерекшеліктері. В. Паретоның ғылыми қызығушылықтарының қалыптасуы, теориялық көзқарасының эволюция кезеңдері. В. Паретоның әлеуметтанулық көзқарастарына иррационалистік және волюнтаристік концепциялардың ықпалы. Парето бойынша әлеуметтанудың әдістемелік принциптері.
8. П.А. Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасы
П.А. Сорокиннің әлеуметтанулық көзқарасының теориялық қайнар көзі. П.А. Сорокиннің әлеуметтік идея эволюциясының негізгі фазалары. Әлеуметтік-мәдени динамика концепциясы. Әлеуметтану аппаратының аналитикалық ұғымын жасау. Қоғамдық құрылым, оның құраушыларының өзара әрекет механизмі түсіндірмесі.
9. Т. Парсонстың әлеуметтанулық доктринасы
Әлеуметтік әрекет концепциясының қалыптасуы. Т.Парсонс және оның «жалпы әлеуметтанулық теориясын» құрудағы талпынысы. «Қарапайым әрекет» - әрекет теориясындағы талдаудың негізгі бірлігі. Құрылымдық элементтер: қатысушы тұлға, мақсат, жағдай, әрекеттің нормативтік бағдары.
10. Роберт Мертонның құрылымды-функционалды талдауы
Орта деңгей теориясы тұжырымдамасы. Парадигма әдістемелік құрылым ретінде. Парадигманың функциялары. Дисфункция (әрекетсіздік) ұғымы. Мертонның уақыттың функциялық теориясын талдауы. Ашық және жасырын атқаратын қызметтері. Қазіргі қоғамдағы функциялық саралаудың негізгі принциптері мен шарттары. Мертонның құрылымдық талдауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет