Бағдарламасы алматы 2014 Бағдарлама «6М050100 Әлеуметтану»


Марксистік теориялардағы таптар мәселесі



бет7/16
Дата29.12.2023
өлшемі49,55 Kb.
#144747
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
МАГ Социология каз 2014

9. Марксистік теориялардағы таптар мәселесі


Ортодоксалды марксизмдегі таптар теориясы дамуының негізгі кезеңдері. К. Маркс пен Ф. Энгельс жұмыстарындағы таптық мәселелер. «Тап өзінде» және «тап өзі үшін» ұғымдары. Таптық күрес антагонистік қоғамның негізгі мазмұны мен қозғаушы күші ретінде. Капитализмдегі таптар дихотомиясы. Таптарды жүйелік анықтау. Таптық идентификация белгілері. Қазіргі әлеуметтану тұрғысынан таптардың марксистік теориясын сыни талдау.
10. Халықтың кәсіби құрылымы
Адамдарды кәсібі бойынша бөлу және кәсіби стратификация. Топтардың кәсіби қызығушылықтары және олардың халықтың басқа тобының қызығушылық тарымен сәйкестілігі мен сәйкессіздігі. Престижді, аз престижді және престижді емес мамандықтар – олардың елдің экономикалық, технологиялық және әлеуметтік-саяси дамуына байланыстылығы.
11. П. Бурдьенің қоғамдық ұдайы өндіріс теориясы
П. Бурдьенің әлеуметтанулық талдаудағы фундаменталды алғышарттары. Әлеуметтану «әлеуметтік топология» ретінде. Әлеуметтік кеңістік пен әлеуметтік алаң түсінігі. Әлеуметтік кеңістікті құру қағидасы. Капитал және оның әртүрлі формалары. Символикалық капитал. Тап түсінігі. «Ықтимал» тап және «нақты» тап. Ұдайы өндіріс түсінігі. Білім беру жүйесі қазіргі қоғамның ұдайы өндірісінің ортақ механизмі ретінде. Таптардың білімі мен қарым-қатынасы.
        1. 12. Әлеуметтік мобильділік және әлеуметтік ұдайы өндіріс


Әлеуметтік мобильділік: процесстің анықтамасы мен мәні. Әлеуметтік мобильділіктің негізгі екі түрі – горизонталды және вертикалды. Өрлеуші және құлдыраушы мобильділік. Әлеуметтік мобильділік факторлары. Қоғам түрі мен әлеуметтік мобильділік сипаты. Әлеуметтік қоныстануларға ашық және жабық қоғамдардың әсер ету ерекшеліктері.
        1. 13. Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу әдістері


Ғылыми әдістер түсінігі және оның құрылымы. Әдістердің мазмұнды-генетикалық және формалды-логикалық элементтері, олардың өзара әрекеттесуі. Әдіс пен теория. Әдістер, заңдар, категориялар мен принциптер. Әлеуметтік құрылымды зертеудегі жалпы ғылыми әдістердің рөлі. Қолданбалы әлеуметтанудағы дәстүрлі әдістер және оны әлеуметтік құрылымды зертеуде қолдану.Әлеуметтік құрылымның талдау әдістерінің ерекшеліктері: субъективті әдіс, беделді зерттеу әдісі, әлеуметтік құрылым үлгісін талдау әдісі. Әлеуметтік құрылымды оңтайландырудағы қолданбалы зерттеудің рөлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет