Бағдарламасы алматы 2020 Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес «8D02304 Әдебиеттану»


 Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата02.12.2023
өлшемі271,65 Kb.
#131423
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
8D02304 Литературоведение каз

4. Көркемдік әлем және оның негізгі компоненттері.
Көркем мәтіннің фабулалық кеңістігі. Іс-әрекеттік күрделі мәтіндік 
таңбаларды жасау мен тудыру құралы. Әдебиетте іс-әрекетті көрсетудің 
метонимиялық принципі. Түзу сызықты және циклдық іс-әрекет және 
олардың шығарма оқиғасына көшуі. Аффектілі сюжеттік бірліктер (У. 
Ленерт) теориясы және оның көркем туындылардағы іс-әрекеттерді 
айқындаудағы ролі. Әдебиеттегі уақыт пен кеңістік. Көркем және шынайы 
хронотоп. Көркем шығармадағы сюжет пен фабула. 
 


5. Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі.
Әлеуметтік және мәдени феномендердің тілге ұқсастығы туралы 
болжамдардан туатын ой-болжамдар мен негізгі принциптер (Ю.М. Лотман, 
К. Леви-Стросс, Р. Барт). Әдебиеттің «екінші кодтық жүйе» (Ю.М. Лотман 
теориясы) екендігі. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну. 
Көркем мәтін лингвистикасы. Бейнелік мәтін. 
6. Әдеби шығармашылық табиғаты.
Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. Шығармашылық және 
шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер. Классицизм және романтизм 
дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. Позитивистер 
(О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары. 
Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч. 
Ломброзоның 
интертекстуальдылық 
теориясы. 
Әдебиеттанудағы 
фрейдшілдік бағыт. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А. 
Маслоудың холистикалық әдісі.
7. Көркем мәтіндегі автор бейнесі. 
Әдебиетті оқып үйренудегі өмірбаяндық әдіс. Автор және баяндаушы, 
олардың бейнелерінің жақындығы. Көркем шығарма мазмұнында 
жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы. 
Авторлық баяндау түрлері. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан 
жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағытты мәтін. Баяндаушының 
жоспары және оның қазіргі әдебиет туындыларында көрініс табуы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет