5. Көркем мәтіннің мазмұны мен түрі.
Әлеуметтік және мәдени феномендердің тілге ұқсастығы туралы
болжамдардан туатын ой-болжамдар мен негізгі принциптер (Ю.М. Лотман,
К. Леви-Стросс, Р. Барт). Әдебиеттің «екінші кодтық жүйе» (Ю.М. Лотман
теориясы) екендігі. Көркем мәтінді «үшінші кодтық жүйе» ретінде ұғыну.
Көркем мәтін лингвистикасы. Бейнелік мәтін.
6. Әдеби шығармашылық табиғаты.
Әдебиеттің сөз өнері санатындағы дуалистік сипаты. Шығармашылық және
шығармашылық тұлға туралы ежелгі түсініктер. Классицизм және романтизм
дәуіріндегі көркем шығармашылықтың табиғаты жайлы ұғым. Позитивистер
(О. Конта, И. Тэн және т.б.) еңбектерінің маңызы мен негізгі тұжырымдары.
Әдеби ықпал ұғымы. Шығармашылық тұлға туралы Ю. Кристева мен Ч.
Ломброзоның
интертекстуальдылық
теориясы.
Әдебиеттанудағы
фрейдшілдік бағыт. Әдеби шығармашылық табиғатын пайымдаудағы А.
Маслоудың холистикалық әдісі.
7. Көркем мәтіндегі автор бейнесі.
Әдебиетті оқып үйренудегі өмірбаяндық әдіс. Автор және баяндаушы,
олардың бейнелерінің жақындығы. Көркем шығарма мазмұнында
жазушының өмірбаяндық деректерінің көрініс табуы.
Авторлық баяндау түрлері. Мәтіндерді «мәтін – автор» мәселесі қырынан
жіктеу: баяндау мәтіні, репрезентивті бағытты мәтін. Баяндаушының
жоспары және оның қазіргі әдебиет туындыларында көрініс табуы.
Достарыңызбен бөлісу: