Бағдарлама Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сәйкес
«8D02304
–
Әдебиеттану»
мамандығы
бойынша
құрастырылды.
Бағдарламаны
профессор,
филология
ғылымдарының
докторы
А.Б.
Темірболат,
профессор, филология
ғылымдарының докторы
А.Б. Абдулина дайындады.
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының мәжіліснде
қаралған
№ _____ хаттама «___» ______________2020 ж.
Кафедра меңгерушісі________________________ А.Б. Темірболат
Филология және әлем тілдері факультеті
әдістемелік бюросының
мәжілісінде мақұлданды
№ _____ хаттама «___» ______________2020 ж.
Әдістемелік бюроның төрағасы_______________ Г.Т. Оспанова
Ғылыми кеңестің мәжіліснде бекітілді
№ _____ хаттама «___» ______________2020 ж.
Ғылыми кенестің төрағасы,
факультет деканы ______________________ Ө. Әбдиманұлы
Ғылыми хатшы _______________________ Л. Әлімтаева
1. «8D02304 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша қабылданатын
емтиханның мақсаты мен міндеттері
«8D02304 – Әдебиеттану» мамандығы бойынша докторантураға
қабылдау емтиханының бағдарламасы Әдебиеттанудың
өзекті мәселелері,
Көркем әдебиеттегі психологизм, Әдебиеттану және фольклористика:
қолданбалы аспектілер, Көркем мәтінді әдеби өңдеу, Әдебиеттанушылық
зерттеулердің әдістанымы мен жоспарлануы, Салыстырмалы әдебиеттанудың
теориясы
мен практикасы, Эпикалық, лирикалық, драмалық жанрлардың
теориясы, Әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық
құрылымы, Өлең
мәтінінің композициясы, Проза сюжетінің типологиясы, Көркем әдебиеттегі
психологиялық
талдау
тәрізді
магистратурадағы
пререквизиттік
әдебиеттанушылық пәндер деңгейін ескере отырып жасалды.
Бағдарламадағы сұрақтар докторантураға түсушілердің әдебиеттану
және эстетика, деректану, мәдениеттану, тіл білімі, философия сияқты аралас
гуманитарлық білім салаларында жинаған білімі мен білігі, дағды-машығын
анықтау мақсатымен құрылған.
Бағдарлама көркем сөз шығармашылығының ерекшелігі, шығу тегі,
дамуын
озық эстетика мен сын, әдеби-теориялық мұраны игеру орайында
зерттейтін теориялық әдебиеттанудың ең басты қағидаларын басшылыққа
алады.
Қабылдау емтиханы аралас, ауызша-жазбаша үлгіде алынады. Емтихан
тапсырушы емтихан билеттерінің сұрақтарына қайтаратын жауабын тиісті
жауап
парақтарына жазып, емтихан қабылдаушы комиссияның алдында
ауызша баяндайды. Аппелляция жағдайында жауап парағында жазылған
мәтіндер негізге алынады.