Бағдарламасы (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)



бет2/4
Дата19.05.2022
өлшемі23,8 Kb.
#35103
түріБағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Химия және экология

Тақырыптың маңыздылығы

 
Химия өнімдері біздің өміріміздің барлық салаларына, күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Бізді қоршаған орта химия саласымен тығыз байланысты, сондықтан да химия күннен күнге, жылдан жылға тез қарқынмен дамуда, үнемі химияға байланысты жаңа заттар пайда болып отыр.
Сонымен қатар, дүние жүзі қауымдастығының алдында тұрған келелі проблемалардың бірі – химияның әсерінен адамзаттың тіршілік ортасының нашарлауы. Мұны шешудің бірден – бір жолы экологиялық білімді жеке тұлғаны қалыптастыру.
Курстың принциптері мен міндеттері
Курс негізіндегі принциптер:
-«Экология білім арқасында»
-оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.
Бағдарламаның міндеттері:
-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, әр түрлі заттардың күнделікті өмірде қолдануын тәжірибе жүзінде дәлелдеуі, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;
-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;
-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдасын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;
-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
Оқу процесін ұйымдастыру
Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:

  • Курсқа қызығушылықты арттыру;

  • Белсенді қатысу;

  • Еркіндік және диалогқа дайындық;

  • Өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

  • Зерттеушілік – ізденіс;

  • Ғылыми жұмыс және бағдарламалар;

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме, семинарлар, пікірталастар, сарамандық жұмыстар, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барысы:

  • Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;

  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;

  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;

  • Дербес жауап;

  • Материалдық логика;

  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет