Бағдарламасы (аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат) Окпебаев Ербол Шерниязович



бет1/9
Дата16.10.2023
өлшемі317,5 Kb.
#116419
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Б А Ғ Д А Р Л А М А
элективті курс
МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

9-сынып оқушыларына арналған элективті курс бағдарламасы


(аптасына 2 сағат, барлығы 68 сағат)


Окпебаев Ербол Шерниязович
Алматы облысы Алакөл ауданы «М.Әубәкіров атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәнінің мұғалімі


Түсініктеме хат мазмұны
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасында және оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық жоспарында анық көрсетілген. Ондағы басты мақсат–жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұл үлкен жауапкершілік артатын үлкен мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, ол әрбір оқушының жеке басының қасиеттері мен қабілеттерін дамытып, шығармашылығын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет.Қойылған міндеттерді шешу үшін оқушылардың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалардың дамуы үшін мүмкін жағдайлар жасау қажет.Ал талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты математикалық мәдениеттің деңгейін көтеру болып табылады.
Функционалдық сауаттылық - тұлғаның нақты мәдени ортада өмір сүру қызметін іске асыру үшін қажетті және әлеуметтік қатынаста ойдағыдай қызмет етуін қамтамасыз ететін білімі, ептілігі, дағдылары.
Математикалық сауаттылық функционалдық сауаттылықтың бір тармағы болып табылады. Сауаттылық қызметі – алған білім,білік,дағдысын күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі.
Бағдарламада оқушылар меңгеруге тиісті білім,білік,дағды мөлшері көрсетіледі.Бұл білім мөлшері оқушының жалпы білім беретін орта мектепке міндетті түрде барлық оқушы алатын білім мөлшеріне енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет