Оқушылардың математика пәні бойынша сауаттылығын арттыру, математикалық қабілетін анықтау және дамыту;
Бағдарламалық материалды терең игеруіне, өз білімін кеңейтуге ықпал жасау;
Стандартты емес,логикалық,күрделі есептерді шығару дағдыларын дамыту;
Дұрыс негізделген математикалық пайымдаулар айту;
Есептерді шығарудың тиімді тәсілдерін табу, орындау, өзін-өзі тексеру, өмірмен байланыстыру;
Математикалық білімді өмірлік жағдаяттарда кездесетін түрлі мәселелерді шешуде еркін қолдану.
Шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;
Мәселелерді тани білу:әртүрлі формада берілген сандық ақпараттарды оқу, талдау, түсіндіріп беру;
Бұл мәселелерді математика тілінде құрастыру;
Бұл мәселелерді математикалық айғақтар мен әдістерді қолдана отырып шешу;
Қойылған мәселелерді есепке ала отырып нәтижелерді түсіндіру;
Ауызша, жазбаша, аспаптық есеп шығару үшін тәжірибелік дағдыларды қалыптастыру
Дәлелдемелі пайымдау жүргізу, талқылауға қатысу және логикалық негізделген қорытындылар жасау;
Бағдарламаның міндеттері:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ізденіс жасау арқылы зерттеушілік қабілетінің дамуына ықпал жасау;
Практикалық мазмұнды есептерді шешудің әр түрлі тәсілдерін қолданып шешу,есептеу мәдениетін дамыту;
Теориялық білімдерін іс жүзінде қолдануға, есеп шығару тәсілдері мен әдістерін меңгерулеріне көмектесу;
Қажетті, нақты тақырыптар бойынша математикалық білімдерін тереңдетіп, толықтыру;
Есте сақтау қабілетін арттыру мақсатында нақты іс тәжірибені қолдану;
Күрделі есептерді шешуде қиындықтарды жеңе білуге және күрделі түрден қарапайым түрге келтіру әдісін үйренуге тәрбиелеу.