Курстың нәтижесінде оқушылардың білуі керек: Сандар теориясында сандардың турлерін,бөлінгіштік белгілерін,Евклид алгоритмін есептер шығаруда қолдану әдістерін білу;Эйлер дөңгелегі көмегімен логикалық есептерді шеше отырып,жиындарға амалдар қолдана білу;Санның соңғы цифрын табуға байланысты есептерде салыстырулар теориясын, одан шығатын салдарды тиімді қолдана білуі тиіс. Қарапайым функциялардың қасиеттерін және графиктерін зерттей білу, нақты тәуелділікті сипаттау және талдау үшін функционалды-графикалық түсініктерді пайдалана білу,шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, аса маңызды құрал ретінде оқып жатқан ұғымдар мен әдістер туралы түсінік қалыптасуы тиіс.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар: Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
Оқушылардың білімін бағалау: Оқушылардың білімін бағалау шынайылық, жүйелілік, бірізділік, дәлдік, мінсіздік, өзектілік сияқты нақтылық қағидалары негізге алынады. Бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау қамтылады:оқушылардың оқу нәтижелері алдын-ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады және жоспарланған оқу мақсаттарына сай оқушылардың шынайы жеткен нәтижелерінің сатылары белгіленеді.
Оқушыларды бағалау алдын-ала ұсынылған өлшем арқылы (өте жақсы орындалған жұмыстың бейнесі) салыстырылады.