Техникалық жəне кəсіптік білім
Мақсаты:
Қоғамның жəне экономиканың индустриялық-инновациялық даму
сұраныстарына сəйкес ТжКБ жүйесін жаңғырту, əлемдік білім беру
кеңістігіне кірігу.
Міндеттері:
1. Экономиканың индустриялық-инновациялық даму сұраныстарын
ескере отырып, техникалық жəне кəсіптік білім (бұдан əрі – ТжКБ)
мазмұнының құрылымын жаңарту.
40
2. Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын
дамыту.
3. ТжКБ-да білім алудың беделін арттыру.
Нысаналы индикатор:
Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз бағалаудан
алғашқы реттен өткен ТжКБ түлектерінің қатысушылардың жалпы санынан
үлесі (2015 жылы – 60 %, 2020 жылы – 80 % ).
ТжКБ оқу орындарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша
білім алған түлектердің оқуды бітіргеннен кейінгі алғашқы жылы жұмыспен
қамтылғандардың жəне жұмысқа орналасқандардың үлесі (2015 жылы –
78 %, 2020 жылы – 80 %).
Ұлттық институционалды аккредиттеу рəсімінен өткен колледждердің
үлесі (2015 жылы – 10 %, 2020 жылы – 30 %).
Техникалық жəне кəсіптік білімнің құрылымы мен мазмұнын
экономиканың индустриялық-инновациялық дамуының сұраныс-
тарын ескере отырып жаңарту
Ұлттық жəне салалық біліктілік шеңберінің негізінде кадрлар даярлау
құрылымы ретке келтірілетін болады.
Мамандар даярлау еңбек нарығының болжанған қажеттіліктеріне
сəйкес жүзеге асырылатын болады.
Кəсіптік стандарттардың талаптарына сəйкес:
ТжКБ-ның мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары, білім беру
бағдарламалары жаңартылады;
арнайы пəндер бойынша типтік оқу бағдарламалары, оқу əдебиеттері
əзірленеді;
бірнеше біліктілік алу үшін модульдік бағдарламалар əзірленеді,
модульдік бағдарламалардың дерекқоры құрылады.
Білім алушылардың практикалық дағдыларын дамыту үшін оқу
жоспарларындағы кəсіптік практиканың үлесі 60 %-ға дейін ұлғаятын бо-
лады. Бұл үшін практика базасы жұмыс берушілермен əріптестік есебінен
кеңейтіледі.
Білім
алушылардың
бойында
қажетті
құзыреттіліктерді
қалыптастыратын заманауи білім беру технологиялары оқу процесіне
енгізілетін болады.
Озық əлемдік тəжірибе мен қолданбалы зерттеулер жүргізудің
негізінде ТжКБ жүйесін ғылыми-əдістемелік қамтамасыз ету жетілдірілетін
болады. Республикалық жəне облыстық ғылыми-əдістемелік кабинеттер
тиімді жұмыс істейтін болады, ТжКБ ұйымдарының кітапханалары қажетті
оқу əдебиетімен толықтырылады.
Экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың инфрақұрылымын
дамыту
Жастардың кəсіптік білім алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін
кəсіптік лицейлер мен жатақханалар салу есебінен оқушы орындарының
саны өседі. Атырау қаласында – мұнай-газ саласы бойынша, Екібастұз
қаласында – отын-энергетика саласы бойынша, Шымкент қаласында -
өңдеу жəне Өскемен қаласында – машина жасау салалары бойынша 4
өңіраралық кəсіптік орталық жұмыс істейтін болады.
41
Оқу орындары шарт негізінде өндірістік практикадан, тағылымдамадан
өту үшін базалық кəсіпорындарға бекітілетін болады.
ТжКБ-ның 70 %-дан астам мемлекеттік оқу орындары заманауи оқу-
өндірістік жəне технологиялық жабдықтармен, ақпараттық технологиялар-
мен қайта жарақтандырылады. Оқу орындарын заманауи оқу-өндірістік
жəне технологиялық жабдықтармен жаңартуға жəне қайта жарақтандыруға
жергілікті, республикалық бюджет, жұмыс берушілер қаражаты,
халықаралық ұйымдардың заем қаражаты есебінен тартылады.
Экономика салаларына мамандардың біліктіліктерін сертификаттаудың
тəуелсіз жүйесін енгізе отырып, жоғары білікті жұмысшы кадрлар даярлау
сапасын реттеу, оның ішінде жергілікті жерлерде «оқушылық» түрінде
қамтамасыз етілетін болады.
Кадрлардың бəсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, қосымша қаражат
тарту үшін ТжКБ оқу орындары мамандар даярлау бейініне сəйкес, оның
ішінде тең құрылтайшылық арқылы ұлттық холдингтер мен компанияларға,
транс ұлттық корпорациялар мен шетелдік инвесторларға бекітілетін болады.
Дүниежүзілік Банктің займы шеңберінде инновациялық даму
бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарын атаулы қаржылай қолдау
жүйесі құрылатын болады.
ТжКБ-да оқыту беделін арттыру
ТжКБ жүйесінде оқытудың тартымдылығы мен беделділігін арттыру
үшін:
əлеуметтік-педагогикалық қызметтер жоқ ТжКБ оқу орындарының
жанынан мансаптық басшылық орталықтары (білім беру ұйымдарының
құрылымдық бөлімшелері) құрылады;
білім алушылардың, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы
пəн оқытушыларының арасында «Үздік оқу орны», «Ең үздік маман»
республикалық конкурстары өткізіледі;
үздік білім алушылар халықаралық кəсіби шеберлік конкурстарына
қатысатын болады.
Өнертапқыштық
жəне
өнертабыстық
қызметке,
техникалық
шығармашылыққа бейім талантты білім алушылар анықталады жəне
оларға қолдау (гранттар мен жұмыс берушілердің атаулы стипендиялары,
жұмыс берушілер ұйымдастыратын жəне қаржыландыратын конкурстар
арқылы) көрсетілетін болады.
Жұмысқа орналастыруға ықпал ету үшін еңбек нарығындағы бос
орындар базасымен өзара байланысты сертификатталған түлектердің
дерекқоры құрылатын болады.
ТжКБ-ны дамыту жөніндегі республикалық, өңірлік жəне салалық
кеңестердің өзара іс-қимылы ТжКБ-ны дамытуға, кадрлар даярлауға жəне
білім ұйымы, кəсіпорын мен студент арасында келісім жасау арқылы
жұмысқа орналастыруға бизнес пен кəсіби қоғамдастықтың белсенді
қатысуын қамтамасыз етеді.
2020 жылға қарай:
Кадрларды ұлттық біліктілік жүйесі негізінде даярлау толықтай еңбек
нарығының сұраныстарына сəйкестендіріледі.
Оқу орындарының оқу-өндірістік шеберханалары мен зертханалары
замауи оқу-өндірістік жəне технологиялық жабдықтармен, ақпараттық тех-
нологиялармен жарақтандырылады.
42
Кəсіпорындардың нақты сұраныстарын ескере отырып, кооперативтік
оқыту кең түрде енгізіледі.
ТжКБ оқу орындарындағы оқыту жастар үшін тартымды жəне беделді
болады.
Бизнес пен кəсіби қауымдастық ТжКБ-ны дамытуға жəне кадрлар
даярлауға белсенді қатысады.
Экономика салаларында жұмыс берушілердің қатысуымен біліктілікті
сертификаттаудың тəуелсіз орталықтары жұмыс істейтін болады.
Жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Мақсаты:
Еңбек нарығының, еліміздің индустриялық-инновациялық даму
міндеттерін жəне жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жəне
білім беру саласындағы үздік əлемдік тəжірибелерге сай келетін жоғары
білім сапасының жоғары деңгейіне қол жеткізу.
Міндеттері:
1. Еліміздің индустриялық-инновациялық даму жобаларына сай
келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен
қамтамасыз ету.
2. Жоғары білімнің еуропалық аймағына кірігуді қамтамасыз ету.
3. Білімнің, ғылымның жəне өндірістің кірігуін қамтамасыз ету, зияткерлік
меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерцияландыру үшін жағдай
жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми-педагог кадрларды даярлау.
Нысаналы индикаторлар:
Жұмыс берушілер қоғамдастығында біліктілікті тəуелсіз бағалаудан
бірден өткен жоғары оқу орындары түлектерінің оған қатысқандардың жал-
пы санынан үлесі (2020 жылы – 80 %).
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жоғары оқу орындары түлектерінің
мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірген жылы жұмысқа
орналасқанының үлесі (2015 жылы – 78 %, 2020 жылы – 80 %).
Əлемнің таңдаулы университеттері рейтингінде көрсетілген Қазақ-
станның жоғары оқу орындарының саны (2015 жылы – 1, 2020 жылы – 2).
Халықаралық стандарттар бойынша тəуелсіз ұлттық институционалды
аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 50 %,
2020 жылы – 65 %).
Халықаралық
стандарттар
бойынша
тəуелсіз
ұлттық
мамандандырылған аккредиттеуден өткен жоғары оқу орындарының үлесі
(2015 жылы – 20 %, 2020 жылы – 30 %).
Отандық ғылыми зерттеулердің нəтижелерін өндіріске енгізудің
негізінде білім мен ғылымды кіріктіру жолымен инновациялық қызметті
жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының үлесі (2015 жылы – 2 %, 2020
жылы – 5 %).
Соңғы 5 жыл ішінде импакт-факторлы ғылыми журналдарда жария-
ланымдары жарық көрген профессор-оқытушы құрамының жəне ғылыми
қызметкерлердің үлесі (2015 жылы – 1 %, 2020 жылы – 5 %).
43
Еліміздің индустриялық-инновациялық дамуының жобаларына
сəйкес келетін жоғары жəне жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар
кадрлармен қамтамасыз ету
Мемлекеттік білім беру тапсырысының құрылымы үдемелі
индустриялық-инновациялық дамудың сұраныстарына сəйкес өзгертілетін
болады.
Үдемелі индустриялық-инновациялық даму жөніндегі 2010 – 2014
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан əрі – ҮИИДМБ)
басымдықтарына сəйкес келетін мамандықтар бойынша мемлекеттік білім
беру тапсырысы ұлғайтылады.
Білім ұйымы, кəсіпорындар мен ҮИИДМБ жобалары үшін мамандар
даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында мемлекеттік тапсы-
рыс бойынша оқитын студенттермен практикадан өту жəне жұмысқа орна-
ласу жөнінде шарттар жасалатын болады.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға
мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі: магистратурада жəне PhD
докторантурада, оның ішінде Назарбаев Университеті үшін ұлғаяды.
«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша стипендиаттардың
100 %-ы магистратурада, докторантурада, ғылыми тағылымдамаларда
оқитын болады, бакалавриатта – бір семестрден академиялық бір жылға
дейін.
ЖОО-ның кафедрааралық байланысы негізінде жоғары жəне жоғары
білімнен кейінгі білімді мамандар даярлау қарастырылады.
Жоғары білім беру жүйесінде педагогикалық жəне техникалық
мамандықтардың студенттеріне өндірісте кеңейтілген практика енгізілетін
болады.
ЖОО-лар базасында ғылымды қажетсінетін өнімдер мен қызметтер
жасау үшін ЖОО-лардың, бейінді ғылыми ұйымдар мен кəсіпорындардың
консорциумдары құрылатын болады.
Əлеуметтік əріптестер ҮИИД-ға кадрларды даярлау үшін гранттар мен
стипендиялар (ҮИИДМБ-дің əр жобасынан 5 грант/стипендия) бөледі.
ҮИИД-ің жобаларын іске асыратын кəсіпорындарда өндірістік практика
базалары құрылатын болады.
Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің
параметрлеріне сəйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық
аймаққа кірігуін қамтамасыз ету
Болон процесінің шеңберінде мынадай міндетті, ұсынымдық
параметрлері орындалады:
академиялық еркіндік – білім беру бағдарламаларының құрылымы мен
мазмұнында таңдау бойынша компонент көбейеді: бакалавриатта 70%-ға
дейін, магистратурада 80%-ға дейін, докторантурада 90 – 95%-ға дейін;
Болон декларациясы принциптерінің бірі ретінде академиялық
ұтқырлықты дамыту мақсатында студенттер оқудың барлық кезеңінде
кемінде бір академиялық мерзімде шетелде оқытылады, оның ішінде
Президенттің «Болашақ» бағдарламасының гранты есебінен;
ЖОО-лардағы тəрбие жұмыстарын күшейту;
сыбайлас жемқорлық деңгейін едəуір төмендету;
ЖОО-лардың академиялық, қаржылық жəне басқарушылық қызметінде
ЖОО-лардың автономдық ұстанымдары іске асырылады;
44
12 жылдық білім беруді іске асыру шеңберінде бакалавриаттың білім
беру бағдарламаларының құрылымындағы жалпы білім беретін пəндер
циклінің үлесі 25 %-дан 15 % -ға дейін азаяды;
еңбек нарығының сұраныстарына арналған еліміздің жоғары оқу
орындарының білім беру бағдарламаларының икемді əрекет ету тетігі
енгізіледі – модульдік білім беру бағдарламалары əзірленеді;
Болон процесінің жəне академиялық ұтқырлық орталығы құрылады.
Еңбек жəне жұмыспен қамтудың уəкілетті органымен бірлесіп, салалық
министрліктер мен жұмыс берушілердің қатысуымен Ұлттық біліктілік
жүйесі құрылады:
білім берудің түрлі деңгейлеріндегі қазіргі біліктіліктер ұлттық жəне
халықаралық еңбек нарықтарында танылатын көпдеңгейлі біліктілік
жүйесіне біріктіріледі;
жұмыс берушілер бірлестіктері нақты мамандықтар шеңберінде
біліктілік талаптарына сай келетін кəсіптік стандарттарды əзірлейді;
мамандардың кəсіби дағдылары мен біліктіліктерінің сапасын тəуелсіз
бағалау мен сертификаттау жүйесі енгізіледі.
ЖОО-лар əзірлеген білім беру бағдарламалары Ұлттық біліктілік
жүйесі талаптарына сай келетін болады.
Білім беру бағдарламаларын іске асыруға жəне ғылыми-зерттеу
қызметін жүзеге асыру көлеміне байланысты мынадай республиканың
ЖОО жіктеуішінің жүйесі құрылады: ұлттық зерттеу университеттері,
ұлттық жоғары оқу орындары, зерттеу университеттері, университеттер,
академиялар мен институттар.
Назарбаев Университеті моделі негізінде білім, ғылым, қаржы,
халықаралық жəне басқа қызметті жүзеге асыруда дербес болу деп
түсіндірілетін жоғары оқу орындары автономиясының принциптері
əзірленетін болады. Мемлекеттік ЖОО-лар автономды коммерциялық емес
ұйымдар болады. Сонымен қатар ЖОО-лар есеп беруге тиісті қамқоршылық
кеңестер, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қызметі айқындалатын
тетіктер құрылады. Мемлекеттік ЖОО-лар үшін ректорларды тағайындау
тетігі жетілдіріледі.
Еліміздің ЖОО-ларына кезең-кезеңімен автономия беру үшін
жағдайлар жасалады. 2015 жылдан бастап автономия ұлттық зерттеу
университеттеріне, 2016 жылдан бастап – ұлттық жоғары оқу орындарына,
2018 жылдан – қалған жоғары оқу орындарына беріледі.
2016 жылдан бастап үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың
басым салаларының салалық біліктілік шеңберіне сəйкес білім беру
бағдарламаларын əзірлеу жұмысы жалғастырылатын болады.
Жоғары білім сапасын бағалау жүйесінің жоғары тиімділігін
қамтамасыз ету
Уəкілетті органның тізіліміне енгізілген аккредиттеу ұйымдары жоғары
оқу орындарын аккредиттеуді жүргізеді.
2020 жылға қарай ұлттық аккредиттеу органдары Аккредиттеу
агенттіктерінің тізіліміне енеді (Еуропалық сапаны қамтамасыз ету
агенттіктерінің тізілімі).
2012 жылдан бастап аккредиттеуді коммерциялық емес үкіметтік емес
аккредиттеу агенттіктері жүзеге асырады.
ЖОО-ын ұлттық аккредиттеуден өтуге уəждейтін шарттар əзірленеді.
45
Атап айтқанда, Уəкілетті органның тізіліміне енгізілген агенттіктерде
институционалдық жəне арнайы аккредиттеуден өткен ЖОО-лар аккре-
диттеу мерзімінде аккредиттеу бағдарламалары бойынша мемлекеттік
аттестаттаудан босатылады. Олар өзіндік үлгідегі дипломдар бере ала-
ды, анағұрлым жоғары деңгейдегі бағдарламаларды іске асыра алады,
мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыта алады.
2015 жылдан бастап ЖОО мен колледждер үшін мемлекеттік аттестат-
тау ұлттық институционалды аккредиттеуге толық ауысады. Мемлекеттік
бақылауды мемлекеттік органдар лицензиялық тексерістер нысанында
жүзеге асырады.
Ұлттық ЖОО-лар ұлттық аккредиттеумен қатар халықаралық
мамандандырылған аккредиттеуден өтеді.
Қазақстандық ЖОО-лардың 65%-ы халықаралық стандарттарға сəйкес
тəуелсіз ұлттық институтционалды аккредиттеуден өтеді. Сонымен қатар
ЖОО-лар тəуелсіз ұлттық мамандандырылған аккредиттеуден өтетін бо-
лады.
Ұлттық тəуелсіз рейтингтер өткізуде мемлекеттік қаржылық қолдау
көрсетіледі.
Қазақстанның ЖОО-лары əлемнің үздік университеттерінің рейтингіне
қатысады. Кемінде екі ЖОО əлемнің үздік университеттерінің рейтингінде
аталады.
ЖОО-ның
материалдық-техникалық
базасын
дамытуды
қамтамасыз ету
2014 жылдан бастап жыл сайын оқу-зертханалық базасы жаңартылатын
ЖОО-лардың үлесі 10 %-ға көбейеді. ЖОО-лардың материалдық-
техникалық базасын дамыту үшін мемлекеттік-жеке əріптестік есебінен
қаражат тартылатын болады.
Жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болатын 4
Орталық құрылады: Бизнес-инновациялық орталық (жоғары білім мен
инновациялар аймағы); Жұмысшы кəсібінің орталығы жəне Дəнекерлеу
орталығы; Тамақ технологиялары бойынша шағын цехы бар азық-түлік
қауіпсіздігі орталығы, конкурс негізінде Аудармашылар бюросы.
Оқу-əдістемелік құралдарды əзірлеу жəне оларды басып шығару,
оқулықтарды мемлекеттік тілге аудару, ЖОО кітапханаларын қажетті оқу
əдебиетімен толықтыру қамтамасыз етіледі. Қазақстандық оқулықтармен
қатар таңдаулы шетелдік оқулықтар қолданылады, əсіресе экономикалық,
техникалық жəне жаратылыстану ғылымдары бойынша.
Білімнің, ғылымның жəне өндірістің кірігуін қамтамасыз ету,
зияткерлік меншік пен технологиялардың өнімдерін коммерциялан-
дыру үшін жағдай жасау. Жоғары білікті ғылыми жəне ғылыми – пе-
дагог кадрларды даярлау
Іргелі жəне қолданбалы ғылыми зерттеулерді, басқа ғылыми-
техникалық, тəжірибе-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру мен
жүргізуде қатысатын зерттеу университеттері құрылады, олардың даму
бағдарламаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Зерттеу
университеттерінің негізгі міндеті жоғары жəне жоғары білімнен кейінгі
білім деңгейлерінің барлығында ғылыми қызметпен білім беру процесін
біріктіру болады. Зерттеу университеті жоғары жəне жоғары білімнен
кейінгі білім бағдарламаларын əзірлеу мен іске асыруға, сондай-ақ оқуға
46
қабылдау кезінде бейінді бағыттың қосымша талаптарын белгілеуге
құқылы.
Білім мен ғылымның бірігуі жекелеген ғылыми-зерттеу институттарын
заңдық дербестік құқығымен жетекші зерттеу университеттердің құрамына
беру арқылы жүзеге асырылады.
Елдің индустриялық- инновациялық даму бағыттарын іске асыру
үшін жоғары оқу орындары негізінде инновациялық құрылымдар құру үшін
базалық ЖОО-н айқындау тетіктері əзірленеді:
бизнес-инкубаторлар, оның ішінде:
2013 жылы – «Энергетика» бағыты бойынша; 2014 жылы – «Мұнай
өңдеу жəне мұнай-газ секторының инфрақұрылымы»; 2015 жылы –
«Химия өнеркəсібі»;
технопарктер, оның ішінде:
2013 жылы – «Металлургия жəне дайын металл өнімдерін өндіру»
бағыты бойынша; 2014 жылы – «Машина жасау»; 2015 жылы – «Жеңіл
өнеркəсіп»;
ғылыми əзірлемелер мен технологияларды коммерцияландыру
орталықтары.
Еліміздің жетекші ЖОО-лары жанынан жоғары білікті ғылыми-педагог
кадрларды даярлау жəне инновациялық қызметті дамыту мақсатында
ғылыми зерттеулер жүргізу, зияткерлік меншік құқығын қорғауды одан
əрі қамтамасыз ете отырып, зияткерлік меншіктің бəсекеге қабілетті
өнімдерін жасау үшін ғылыми жəне жобалық-конструкторлық ұйымдардың
бірлескен құрылымдық бөлімшелері ашылады: 2011 жылы – 5 бірлескен
құрылымдық бөлімше; 2012 жылы – 8, 2013 жылы – 10, 2014 жылы – 12,
2015 жылы – 15.
Жеке меншік секторды ғылыми жəне инновациялық қызметке тарту
бойынша оларды экономикалық ынталандыру шаралары əзірленген.
2015 жылдан бастап Назарбаев Университеті жоғары кəсіби ма-
мандар мен жас ғалымдарды оқытып шығарады. Назарбаев
Университетінің
тəжірибесі біртіндеп елдің жұмыс істеп тұрған жоғары оқу орындарына
енгізіледі.
2016 жылдан бастап:
жетекші шетелдік əріптес жоғары оқу орындарымен бірлесіп, білім
беру бағдарламалары əзірленеді;
жоғары технологиялық жəне ғылымды қажетсінетін өнім жасау үшін
экономиканың басым бағыттарында ғылыми зерттеулер жүргізіледі;
əріптес университеттермен жəне шетелдік ғылыми орталықтармен
бірлесу жүзеге асырылады.
Нəтижесінде, іргелі жəне қолданбалы зерттеулерді кеңейту үшін
университеттердің маңызды ғылыми əлеуеті тиімді қолданылады, олардың
кешенділік жəне практикалық нəтижелілігі артады.
47
Өмір бойы оқу
Мақсаты:
Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.
Міндеті:
Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау.
Нысаналы индикатор:
Барлық жастағылар үшін білім берудің əртүрлі нысандары мен типтерін
енгізу.
Өмір бойы оқу білім алудың барлық деңгейінде адамның білім алуға
деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың түрлі мүмкіндіктерін жасау
есебінен жүзеге асырылады.
2020 жылға қарай өмір бойы оқу үшін жасына, білімі мен кəсіби біліктілік
деңгейіне қарамастан жағдайлар жасалатын болады.
Жасына жəне əлеуметтік жағдайына қарамастан барша халыққа
техникалық жəне кəсіптік, жоғары білім жүйесінде оқытудың түрлі ныса-
ны жəне білім беру қызметтерін жекеше берушілер арқылы (қашықтықтан
оқыту, қайта біліктілік беру, формалды, формалды емес, инклюзивті қысқа
мерзімді курстар) жаңа базалық дағдыларды игеруді қоса алғанда, негізгі
дағдыларды игеру мен жетілдіру мүмкіндігі ұсынылатын болады. Оқу
орындарымен, сондай-ақ əлеуметтік əріптестермен бірлесіп, өндірістен
қол үзбей оқыту қарастырылатын болады.
Білім беру ұйымдарында 2016 жылдан бастап мүмкіндіктері шектеулі
адамдарды кəсіби даярлау үшін жағдайлар жасалатын болады, модульдік
білім беру бағдарламалары жасалады.
Халықтың ересек тобын қайта мамандандырудың ваучерлік жүйесі
əзірленетін болады.
Өндірісте жұмыс істей жүріп, адам өзі оқытудың түрлерін, қарқынын
жəне мерзімін таңдап, білім алу процесін дербестендіре алады. Білім
алушылардың тəуелсіз коммерциялық емес агенттіктерде өздерінің
алған біліктілік деңгейін бағалаудан өтіп, сертификаттар алуы арқылы
мемлекеттік жəне жекеше білім беру қызметтерін ұсынушыларды оқыту
нəтижелерін тануда тиімді шаралар əзірленетін болады.
Өмір бойы оқыту оқытудың формалды жəне формалды емес
нысандарының тұтастай спектрін, инклюзивті білім беруді қоса алғанда,
мектеп жасына дейінгі жастан бастап зейнеткерлікке шығу жасынан кейінгі
оқытуды қамтитын болады.
Инклюзивті білімді дамыту тиісті бейіндегі мамандарын даярлауды
жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының жанынан консультациялық-
практикалық орталықтардың құрылуына ықпал етеді.
Жұмыс берушілер оқу бағдарламаларын қоса қаржыландыруға жəне
əрбір қызметкердің үздіксіз білімге қатысуына мүмкіндік беретін икемді
сызбаларды дайындауға тартылады.
Барша қазақстандық азаматтар мемлекеттік тілді толық меңгергенге
дейін тілдерді меңгерудің халықаралық стандарттары негізінде мемлекеттік
48
тілді үздіксіз оқытатын «Балабақша - мектеп, кəсіптік лицей, колледж –
жоғары оқу орындары» жүйесі құрылатын болады.
Қазақстан азаматтары (оқушылар, студенттер, магистранттар, түрлі
сала қызметкерлері) мен Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азаматтар
үшін сертификат бере отырып, қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі –
Қазтест енгізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |