БАҒдарламасы астана, 2010 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің


Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата31.03.2017
өлшемі304,94 Kb.
#10928
1   2   3   4   5   6

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту

          



Мақсаты: 

Балаларды мектепке дейінгі сапалы тəрбиемен жəне оқытумен толық 

қамтуды,  оларды  мектепке  даярлау  үшін  мектепке  дейінгі  тəрбиелеудің 

жəне оқытудың  əртүрлі бағдарламаларына тең қол жеткізуді қамтамасыз 

ету.

Міндеттері:

1.  Мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту.

2.  Мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту. 

3.  Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту ұйымдарын кадрлармен қамтамасыз ету.



Нысаналы индикатор: 

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тəрбиемен жəне 

оқытумен қамтамасыз ету (2015 жылы – 73,5 %, 2020 жылы – 100 %).

Мектепке дейінгі  ұйымдардың желісін ұлғайту 

2015 жылға қарай «Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепке 

дейінгі тəрбиемен жəне оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 70 

% қамтамасыз ететін мемлекеттік жəне жекеменшік балабақшалар желісі 

дамитын болады.

Мектепке 

дейінгі 

ұйымдардағы 

орындар 

саны 


«Балапан» 

бағдарламасының шеңберінде көбейеді.

Балаларға  ерте  жастан  түзеу-педагогикалық  қолдау  көрсету  үшін 

түзету жəне инклюзивтік білім кабинеттері құрылатын болады. 2015 жылға 

дейін  барлық  балабақшалардың  жалпы  санынан  түзеу  жəне    инклюзивті 

білім  кабинеттерінің желісі 8 %-дан 30 %-ға дейін ұлғаяды.

Мектепке  дейінгі    арнайы  түзеу  ұйымдарының  желісін  сақтау  жəне 

ұлғайту мақсатында Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда жəне 

Солтүстік Қазақстан облыстарында арнайы балабақшалар ашылады. Мек-

тепке дейінгі  арнайы түзеу ұйымдарының үлесі олардың жалпы санынан 

2015 жылы – 2 %-ды, 2020 жылы – 2,5 %-ды құрайды. Ұйымдарға кедергісіз 

қол жеткізу үшін жағдай жасау арқылы балабақшалардың үлесі олардың 

жалпы санынан 2011 жылы 1 %-дан 2020 жылы 10 %-ға дейін ұлғаяды.


32

Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету

2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу 

бағдарламасын жаңарту жоспарлануда.

Əрбір  оқу  бағдарламасы  үшін  оқу-əдістемелік  кешендер  əзірленеді                   

(жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25).

2015 жылға дейін жоғары оқу орындарында жəне ТжКБ ұйымдарында         

мектепке дейінгі білім беретін 18 мыңнан астам педагог қызметкерлер да-

ярланады.

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтерін қайта даярлау жүзеге асы-

рылады. 


2020 жылға қарай:

өңірлердің  ерекшеліктеріне  қарай  мектепке  дейінгі  ұйымдардың 

түрлі  модельдерінің  жұмыс  істеуі  қамтамасыз  етіледі.  Мысалы,  оңтүстік 

өңірлерде – жекеменшік  коттедждердегі  балабақшалар,  жұмысқа  отбасы 

мүшелерін тарта отырып, тұрғын жайлар базасында 5 – 6 балаға арналған 

отбасылық  балабақшалар.  Солтүстік  өңірлерде – оқушылық  орынның 

профициті  есебінен  жалпы  білім  беретін  мектептер  базасында  шағын 

орталықтар.  Қалаларда  тұрғын  үй  кешендерінің  төменгі  қабаттарында – 

шағын жинақталған балабақшалар мен шағын орталықтар. Барлық өңірде 

– «Мектеп-бақша» кешендері. Мемлекеттік балабақшалардың баламасы ірі 

компаниялар, ұйымдар, кəсіпорындар жанындағы балабақшалар болады;

мектепке дейінгі балалар ұйымдарындағы орындар саны 373 мыңнан              

662 мыңға дейін көбейтіледі;

балабақшалардағы  топтардың  толықтырылуы  жас  ерекшелік  норма-

ларына (бөбектер тобы – 17, орта – 22, ересектер - 27) сəйкес 27-ден (ел 

бойынша орташа) 22-ге дейін азайтылды;

мектепке  дейінгі  жастағы  барлық  бала  санынан  мектепке  дейінгі 

тəрбиемен  жəне  оқытумен  қамтылған  балалардың  саны 70 %-дан                              

100 %-ға дейін көбейтіледі. 

10 оқу бағдарламасы жаңартылады, 30 ОƏК əзірленеді, оның ішінде            

2016 жылы – 8, 2017 жылы – 8, 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 8, 2020 жылы 

– 8 бірлік. 



Орта білім

Мақсаты: 

Жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның 

тез  өзгеретін  əлемде  табысқа  жетуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы 

қажеттіліктерін  қанағаттандыру,  еліміздің  экономикалық  игіліктері  үшін 

бəсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.  12 жылдық оқыту моделіне 

көшу.

Міндеттері:

1. 12 жылдық  оқыту  моделіне  көшуді  білім  беру  мазмұнын  жаңғырту 

арқылы жүзеге асыру.

2. ШЖМ проблемаларын шешу.

3. Мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру.


33

Нысаналы индикаторлар:

2020 жылы 12 жылдық оқыту үлгісіне көшу толықтай жүзеге асырыла-

ды (2015 жылы – 1, 5, 11-сыныптар).

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасы шеңберінде Қазақстанның 

барлық өңірлеріндегі мектептердің саны (2020 жылы – 20).

Жаратылыстану-математика  пəндері  бойынша  білім  беретін  оқу 

бағдарламаларын жетік меңгерген оқушылардың үлесі  (2015 жылы – 60 

%, 2020 жылы – 70 %).

Қазақстандық  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушыларының PISA, 

TIMSS, PIRLS халықаралық  салыстырмалы  зерттеулеріндегі  нəтижелері 

(2015 жылы: PISA – 50 – 55 орын, TIMSS – 10 – 15 орын, 2020 жылы:  PISA 

– 40 – 50 орын, TIMSS – 10 – 12 орын, PIRLS – 10 – 15 орын).

Инклюзивті білім үшін жағдайлар жасалған мектептердің үлесі олардың 

жалпы санынан  артады (2015 жылы – 30 %, 2020 жылы – 70 %).



Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу

Құзыреттілік тəсіліне негізделген 12 жылдық білім берудің жаңа стан-

дартын əзірлеу жəне енгізу жоспарлануда. 

Білім  беру  стандарттарының  ауысуы  білім  берудің  жаңа  мазмұнын 

əзірлеумен байланысты. Жаңа білім беру мазмұнының базалық принципі 

–  əрбір  мектепте  тұлғаның  адамгершілік-рухани  қасиеттерін  дамыту-

ды  ынталандыратын  ізгі  білім  беру  ортасын  құру:  өзін-өзі  тану,  өзін-өзі 

анықтау жəне өзін-өзі жетілдіру. Білім беру ұйымдары мен отбасыларда 

адамгершілік-рухани  мəдениеттің  жоғары  деңгейіне  қол  жеткізілетін  бо-

лады. Барлық балалар, оқушылар, студенттер мен педагог қызметкерлер 

Өзін-өзі  танудың  негізін,  жалпыадамзаттық  құндылықтардың  дамуын 

меңгеретін болады. 

МЖБС  коммуникативтік  дағдыларды,  ақпараттар  мен  технология-

ларды басқара білуді, проблемаларды шешуді, іскерлік пен креативтілікті 

қалыптастыратын  білімді  алудағы  тұлғаның  дамуын,  дербестігін 

қамтамасыз ететін нəтижеге бағытталады. 

2011 жылы бастауыш білімнің МЖБС жаңартылады, негізгі орта жəне 

жалпы орта білім берудің құзыреттілік тəсілі негізінде оқу бағдарламалары 

əзірленеді. 

2015  жылдан  бастап  Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  жинаған 

тəжірибенің элементтері білім беру жүйесіне енгізілетін болады.

2012  жылы  жалпы  орта  білімнің  МЖБС  жоғары  білімнің  (бакалаври-

ат) МЖБС-мен біріктіріледі – жоғары білімнің жалпы білім беретін пəндер 

циклінің жеке пəндері (əлеуметтану, өзін-өзі тану, ӨҚН, Қазақстан тарихы, 

мəдениеттану  жəне  т.б.)  оқу  жүктемесін  көбейтпей, «Бейіндік  мектептің» 

бейіндік оқыту бағдарламасына көшіріледі.

2014 жылға қарай қоғамдық-гуманитарлық жəне жаратылыстану-мате-

матика бағыттары бойынша «Бейіндік мектеп» бейіндік оқыту бағдарламасы 

əзірленеді жəне сынақтан өткізіледі. 

Оқытудың 12 жылдық  үлгісі  бойынша  эксперименттік  алаң  үшін 

оқулықтар  мен  ОƏК,  түзеу  білім  беру  ұйымдары  үшін  электрондық 

оқулықтар, аударма жəне оқулықтар мен ОƏК-ні бейімдеу жүзеге асыры-

лады. Оқулықтарды əзірлеу жəне оқулықтарды сараптамадан өткізу функ-

циялары бөлінеді.  



34

2013  жылы  оқытудың 12 жылдық  моделінің  бағдарламасы  бойынша 

оқулықтар мен ОƏК əзірленіп, ал 2014 жылы олар сараптамадан өтеді. 

2014 жылы 1, 5, 11-сыныптардың, 2015 жылы 2, 6, 12-сыныптардың,   

2016  жылы 3, 4, 7-сыныптардың, 2017 жылы 8, 9, 10-сыныптардың 

оқушылары үшін оқытудың 12 жылдық  моделінің бағдарламасы бойынша 

балама оқулықтар мен ОƏК-лер дайындалады.

Қазақстандық  оқулықтармен  қатар  ҚР  БҒМ  рұқсат  берген  тізбеге 

енгізілген математика, жаратылыстану мен техникалық ғылымдар бойын-

ша анағұрлым сапалы шетелдік оқулықтар қолданылатын болады.

2015  жылы  жалпы  білім  беретін  білім  беру  ұйымдарының  барлық 

оқушысы жергілікті бюджет есебінен тегін оқулықтармен жəне сандық білім 

ресурстарымен қамтамасыз етіледі. 

2015 жылы оқытудың 12 жылдық моделіне дəйекті көшу мынадай сыз-

ба бойынша басталады: 

Жылдар


Оқытудың 12 жылдық 

бағдарламасы бойынша

Оқытудың 11 жылдық 

бағдарламасы бойынша

2015 – 2016

1,5,11


2,3,4,6,7,8,9,11

2016 – 2017

1,2,5,6,11,12

3,4,7,8,9

2017 – 2018

1,2,3,5,6,7,11,12

4,8,9

2018 – 2019



1,2,3,4,5,6,7,8,11,12

9

2019 – 2020



1,2,3,4,5,6,7,8,9,11,12

11 жылдық мектептің 9-сыныбынан 12 жылдық мектептің 11-сыныбына 

көшу 2015 – 2016 оқу жылынан 2019 – 2020 оқу жылына дейін жүзеге асы-

рылады. Оқытудың 12 жылдық моделінің 11 жəне 12-сыныптарында оқыту 

ақысыз болады. 

Алдын ала деректер бойынша 2015 жылғы 1 қыркүйекте оқушылардың 

жалпы саны шамамен 2,7 млн. баланы құрайды. 

Олардың  ішінде 12 жылдық  бағдарлама  бойынша: 1-сыныпқа – 600 

мың баладан аса (шамамен 6 жастағы балалар – 450 мың жəне 7 жастағы 

балалар 150 мың).  Сынып-жинақтардың  болжамды  саны – шамамен 30 

мың;

5-сыныпқа – 260 мыңнан астам, сынып-жинақтардың болжамды саны 



– шамамен 13 мың;

11-сыныпқа – шамамен 175 мың бала, сынып-жинақтардың болжамды 

саны – 8 мыңнан астам.

2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, 

гимназиялардың,  зияткерлік  мектептердің,  дарынды  балаларға  арналған 

мамандандырылған  мектептердің  жоғары  сыныптарында  «Бейіндік 

мектеп»  бейінді  оқу  бағдарламасы  іске  асырылады.  Бейіндік  мектепке 

қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік 

мектепте 

оқуды 10-сынып 

бітірушілерінің 60%-ы 

жалғастырады  деп  болжамданып  отыр.  Осы  ретте  бейіндік  мектеп  ашу, 

оның ішінде жатақханамен, оның жартысынан көбін ауылдық жерлерде ашу 

қарастырылып отыр. Сонымен, бір уақытта жоғары оқу орындарының ба-


35

засында бейінді оқыту бағдарламасын іске асыратын мектептер құрылады. 

Бейіндік  мектепте (11 – 12-сыныптар)  оқу  мен  орналастыру  мүмкіндігі 

қарастырылатын 40 жоғары оқу орны анықталған. 

Жинақталған  тəжірибе  мен  халықаралық  тəжірибені  ескере  отырып, 

2015  жылдан  бастап  Қазақстанның  білім  жүйесінің  құрылымы  ХББСК-ға 

сəйкестендіріледі. Техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің 

мамандықтар  жіктеуіші  қайта  қарастырылатын  болады.  Орта  кəсіптік 

білімнің  бөлек  білім  бағдарламалары  үшінші  білім  жүйесіне  (қолданбалы 

бакалавриат) 

ауыстырылады, 

колледждердің 

мəртебесі 

артады. 


Қолданбалы  бакалавриаттың  бағдарламаларына  түсу  үшін  толық  орта 

білімді аяқтау қажет.



Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім 

(докторантура (PhD)

Мектепке дейінгі тəрбие мен оқыту. 

Мектепалды оқыту

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура)

Жоғары білім (бакалавриат)

Орта білім

Негізгі орта білім

Бастауыш білім

Толық емес жоғары білім (қолданбалы 

бакалавриат)

Орта білімнен 

кейінгі білім

Жалпы орта білім 

(бейіндік оқыту)

Орта кəсіптік-

техникалық білім

Еңб

ек

 нарығы



0

1

2



3

4

5



6

5 А


5 В

ХБЖС бойынша білім сатылары

Оқушылардың  оқу  жетістіктерін  сырттай  бағалау  жүйесі  əлемдік 

тəжірибені ескере отырып дамиды. 

Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі жəне бейіндік мектептерді бітіргеннен кейін: 

бастауыш мектепте – ішінара, оқушылардың оқу жетістіктеріне мони-

торинг жүргізу мақсатында;


36

негізгі  мектепте (10 сыныптан  кейін) – оқытудың  одан  əрі  жолын 

анықтау мақсатында;

бейіндік мектепте – алған білім-білігінің деңгейін бағалау мақсатында 

өткізіледі.

2015 жылға қарай жазба тапсырмаларын қоса алғанда, білім алушы-

лар құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу 

тапсырмаларының базасы құрылатын болады.

Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологияларды қолдана оты-

рып, компьютерлік тестілеу əдісімен өткізіледі. 

Жоғары  білім  алуға  үміткерлер  тəуелсіз  ұлттық  тестілеу  нысанында 

қосымша бейінді емтихандар тапсыратын болады.  

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім 

беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді.   

Оның  ішінде, «Назарбаев  Зияткерлік  мектептері»  мектептер  желісінің 

саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді 

моделін,  білім  берудегі  инновацияларды  сынақтан  өткізу  үшін  базалық 

алаңдар болады. 

Қазақстан  оқушыларының  білім  беру  сапасының  халықаралық 

зерттеулеріне  қатысуы  қамтамасыз  етіледі: PISA (15 – 16 жастағы 

оқушылардың  математика  сауаттылығы  мен  оқу  жəне  жаратылыстану 

бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 жəне 8-сынып оқушыларының 

математика  жəне  жаратылыстану  бойынша  білімінің  сапасын  бағалау), 

PIRLS (оқу  деңгейі  мен  сапасын  салыстыру,  əлем  елдеріндегі  бастау-

ыш  мектеп  оқушыларының  мəтінді  түсінуі), TIMSS ADVANSED (11-сы-

нып  оқушыларының  математика  жəне  жаратылыстану  (физика)  пəндерін 

тереңдетіп  оқытатын  сыныптарда  сол  пəндер  бойынша  сауаттылығын 

бағалау), ICILS (8-сынып  оқушыларының  компьютерлік  жəне  ақпараттық 

сауаттылығын бағалау).

Оқытудың 12 жылдық  моделінің  талаптарына  сəйкес  материалдық-

техникалық база жаңартылады. 

Мектептердің  спорт  залдарын  қазіргі  заманғы  жабдықтармен 

жарақтандыру мəселесі шешіледі. 

Жергілікті  бюджет  қаражаттары  есебінен  мектептерге  сервистік 

қызмет көрсете отырып, оларды физика, химия, жаңа түрлендірілген био-

логия  кабинеттерімен,  лингафондық  жəне  мультимедиалық  кабинеттер-

мен жарақтандыру жалғастырылатын болады, олардың үлесі 35,6 %-дан                          

80 %-ға дейін ұлғаяды. 

2011 жылы бейіндік мектептерге қойылатын техникалық талаптар мен 

оларды жарақтандыруға қойылатын талаптар əзірленеді. 

Бұдан  басқа,  мектептердің  үш  ауысымдығы  мен  апаттылығын  жою 

мақсатында мектептер салынатын болады.  



ШЖМ проблемаларын шешу

ШЖМ-дағы білім беру сапасын арттыру проблемаларын шешуге мы-

надай  іс-шаралар ықпал ететін болады: 

2011 жылы: 

Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының базасында 

ШЖМ-ды дамытудың республикалық орталығы, педагог қызметкерлердің 

біліктілігін  арттыруды  жүзеге  асыратын  ұйымдардың  жанынан 14 өңірлік 

орталық құрылады, ШЖМ қызметінің үлгі ережесі əзірленеді;



37

«Мектепке  жəне  мектептен  тегін  əрі  қауіпсіз  жеткізетін  мектептер 

жоқ  елді  мекендерде  тұратын  білім  алушылар  мен  тəрбиеленушілерді 

қамтамасыз ету» стандарты əзірленеді жəне қабылданады.

2011 жылдан бастап:

оқушылар  саны 10 жəне  одан  көп  барлық  ШЖМ  жаңа  түрдегі  ком-

пьютерлермен жəне кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз 

етіледі.  Қашықтықтан  оқыту «e-learning» электрондық  оқыту  шеңберінде 

ұйымдастырылады; 

160 тірек мектеп ашылады. 

Тірек мектеп (ресурстық орталық) – базасында жақын маңдағы ШЖМ-

ның  білім  беру  ресурстары  шоғырланатын  білім  беру  ұйымы.  Əрбір 

ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітіледі. ШЖМ-дағы балалар үш рет 

(оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) тірек 

мектепте білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсы-

рады. Сессияаралық кезеңде ШЖМ-да оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің 

қатысуымен  жəне  қашықтықтан  оқыту  технологияларының  көмегімен 

жүргізіледі. Осылайша, ресурстық орталықтар ШЖМ оқушыларының сапа-

лы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 

2020  жылға  қарай  ШЖМ,  негізінен,  бастауыш  жəне  негізгі  орта  білім 

деңгейлері үшін жұмыс істейді. 

ШЖМ проблемасы тірек мектептер (ресурстық орталықтар), интернат-

тар, жеткізу есебінен шешіледі. 

Инклюзивті білім  жүйесін дамыту

2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:

мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  біріктіріп  оқытудың  модульдік 

бағдарламалары;

мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп 

оқыту ережесі əзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары 

анықталады;

мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары 

əзірленеді. 

2020  жылға  қарай  мектептерде  мүгедек  балалар  үшін  көтергіш 

жабдықтар,  пандустар,  санитарлық  бөлмелерде  арнайы  құралдар  орна-

ту,  тұтқалармен,  арнайы  парталармен,  үстелдермен  жəне  басқа  да  ар-

найы  компенсаторлық  құралдармен  жарақтандыру  арқылы  «кедергісіз 

аймақтар» құрылады.

3030  мектепте  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқытуға  жəне 

тəрбиелеуге  тең  қол  жеткізу  үшін  жағдайлар  жасалады  (мектептерде 

педагог-дефектологтардың,  балаларды  психологиялық-педагогикалық 

сүйемелдеудің,  арнайы  жеке  техникалық  жəне  компенсаторлық 

құралдардың болуы).

Үйде білім алатын мүгедек балалар жеке мүмкіндіктері мен қажеттіліктері 

ескеріле отырып, компьютерлік техникамен жəне компьютерлік қамтамасыз 

ету жинақтарымен қамтамасыз етіледі. 

Жоғарыда айтылған міндеттерден басқа өзге де бірқатар мəселелерді  

шешу қажет. 

Қосымша білім беру мазмұны жетілдірілетін болады.

Тұлғаның  шығармашылық  құзыретіндегі,  үздіксіз  білім  беру  мен 

тəрбиелеудегі,  кəсіби  өзін-өзі  анықтаудағы  бəсекелі  артықшылықтарын 


38

қалыптастыру мақсатында негізгі бағыттар: шығармашылық-эстетикалық; 

ғылыми-техникалық;  экологиялық-биологиялық;  туристік-өлкетанушылық; 

əскери-патриоттық; əлеуметтік-педагогикалық; білім беру-сауықтыру жəне 

т.б. бойынша балаларға қосымша білім беру мазмұны жаңартылады. 

Қосымша  білім  беретін  педагогтерді  жəне  аралас  мамандықтардың 

педагог ұйымдастырушыларын даярлау бағдарламасы жетілдіріледі. 

2015 жылға қарай қосымша білім беру ұйымдарының желісі ұлғайып, 

625-ке жетеді.

Бұл  балаларды  қосымша  біліммен  қамтуды 23 %-ға  дейін  көбейтуге 

мүмкіндік береді. 

Мектептерде  спорт  секцияларын  құру  арқылы  дене  шынықтыруды 

ұйымдастырудың  мектептен тыс нысандары жетілдірілетін болады. 

Құқық  бұзушылықтар  мен  басқа  да  бейəлеуметтік  құбылыстардың 

алдын  алу  бойынша  əрбір  білім  алушыны  жекелей  психологиялық-

педагогикалық  сүйемелдеуді  қамтамасыз  ету  жолымен  қосымша  білім 

беру  конкурстары  мен  олимпиадаларының  жүйесі  арқылы  оқушылардың 

қоғамдық  жəне  əлеуметтік  белсенділігін  қалыптастыратын  балалар 

қоғамдық бірлестіктері дамиды. 

Жалпы оқытудың,  мектептегі тамақтану мен медициналық қызмет 

көрсетудің тиімді менеджментін ұйымдастыру

Жалпы оқыту

2015  жылы    оқушылардың  қозғалыс  мониторингінің  бірыңғай 

ведомствоаралық  кешенді  ақпараттық  жүйесі  «Жалпы  оқытуды»,  оның 

ішінде  оқумен  қамтылмаған  «тəуекел  топтарының»  балаларын  дербес 

есепке алу бойынша деректер базасымен бірге енгізу жоспарлануда. 

«Жалпы оқыту» жүйесін пайдалану жалпы оқытуды қамтамасыз ету-

ге функционалды түрде тартылған түрлі басқару органдарының келісілген 

іс-қимылдарын қамтамасыз етеді жəне балаларды міндетті орта біліммен 

қамту туралы нақты ақпаратты алуға мүмкіндік береді. 

Мектептегі тамақтану

2011  жылдан  бастап  облыстардың,  Астана  жəне  Алматы 

қалаларының  білім  беру  органдарының  жанынан  мектепте  тамақтануды 

ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары 

мен тəрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингі 

бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады. 

Мектеп  оқушыларын  тегін  тамақтанумен  қамту  көрсеткіші  барлық 

деңгейдегі əкімдер рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы – табысы аз 

отбасылардан  шыққан  оқушыларға, 2020 жылы – бастауыш  жəне  мекте-

палды сыныптар оқушыларына. 

2015  жылға  қарай  табысы  аз  отбасы  оқушыларының 100 %-ы  жəне                    

2020  жылға  қарай  мектептердің  бастауыш  жəне  мектепалды  сыныптар 

оқушыларының 100 %-ы ыстық дəрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз 

етіледі. 

2020  жылға  қарай  орта  жалпы  білім  беретін  ауыл  мектептерінің 

100 %-ында  күрделі  жөндеуден  өткен  жəне  жаңа  жабдықтармен 

жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.

2020  жылға  қарай  мектептің  барлық  оқушысы  мектептерде 

стационарлық су тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер  жəне басқа да 

құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 



39

Медициналық қызмет көрсету

2015 жылға қарай мектеп жасындағы, оның ішінде ауылдық жерлердегі 

балаларды медициналық тексеру 100 % қамтамасыз етіледі.

Диспансерлік  есепте  тұрған  мектеп  жасындағы  балалардың  үлесі                     

70 %-дан 50 %-ға  дейін,  оқушылардағы  асқазан-ішек  жолының  ауруы –                   

28,2 %-дан 18 %-ға дейін, сколиозбен (мүсінінің бұзылуы) ауыратындар –                   

2 %-дан 1 %-ға дейін төмендейді. 

Денсаулығы  нашар 60 %-ы  балалардың  арнайы  медициналық 

топтардағы дене шынықтырумен шұғылдануға мүмкіндік алады. 

Осылайша «Орта білім» бағыты бойынша  2020 жылға қарай: 

барлық мектептерге 12 жылдық білім беру моделі енгізіледі;

орта  білімнің  инфрақұрылымын  дамыту  жалғасады  жəне  мектептер 

техникалық жарақтанумен қамтамасыз етіледі;

ШЖМ бірыңғай ақпараттық желіге қосылады;

қосымша  білім  беру  білім  алушылар  үшін  беделге  ие  болады  жəне 

тұлғаның кəсіби қалыптасуына ықпал етеді. Қосымша білім берумен білім 

алушылар мен тəрбиеленушілердің 30 – 50 % -ы қамтылады;

инклюзивті білім жүйесі енгізіледі: 

инклюзивті білім үшін жағдай жасайтын мектептердің үлесі мектептердің 

жалпы санынан 70 %-ға ұлғаяды;

мүгедек балалар үшін «кедергісіз қол жеткізуді» жасайтын мектептердің 

үлесі мектептердің жалпы санынан – 20 %;

инклюзивті  біліммен  қамтылған  балалардың  үлесі  даму  мүмкіндігі 

шектеулі балалардың жалпы санынан – 50 %.

медициналық  қызмет  көрсету  мен  мектептегі  тамақтанудың  тиімді 

менеджменті ұйымдастырылады;

оқушылар жалпы білім беретін мектепте сапалы медициналық қызмет 

ала алады. Жалпы білім беретін мектептерде медициналық кабинеттерді 

ашу  жəне  оның  қызмет  етуін  қамтамасыз  ету  бойынша  шаралар 

қабылданады;

мемлекеттік-жеке əріптестік негізінде облыс орталықтарында, Астана 

жəне Алматы қалаларында мектептегі тамақтанудың 16 энергия үнемдегіш 

комбинаты салынады, республика  мектептерінің 50 %-ының мектептегі ас 

блоктарының  материалдық-техникалық  базасы  жаңартылады.  Сапалы, 

дəрумен  қосылған  жəне  қауіпсіз  мектептегі  тамақтануды  ұйымдастыру 

мониторингінің жүйесі енгізіледі.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет