1-мысал: 4 оқушыны 7 орындыққа неше түрлі тәсілмен отырғызып шығуға болады?
Шешуі: Мұнда Х жиыны 7 элементтен тұрады. Онда бізге қажетті сан барлық 7-ден 4 бойынша қайталанбайтын орналастырулар санына тең. Өйткені бірнеше оқушы бір орындыққа отырмайды деп есептейміз.
Сонда Жауабы:840
2-мысал: Бес адамды кезекке неше түрлі тәсілмен тұрғызуға болады?
Шешуі: Бізге қажетті сан 5 элементтен алынған барлық алмастырулар санына тең.
Жауабы: 120
3-мысал: Үш таңбалы саннан қанша әртүрлі цифрдан құрастырылған үш таңбалы сан алуға болады?
4-мысал: Шахмат турниріне 12 ойыншы қатысты және әрбір шахматшы өзгелермен бір-бір ойыннан ойнайды. Турнирде барлығы неше партия ойналды?
Шешуі: Әрбір партияны өткізуге екі ойыншы қатысады. Онда барлық өткізілген партиялар саны 12-ден 2 бойынша алынған терулер санына тең.
IV. Теңдеулер немесе теңдеулер жүйелерін құруға берілген есептерді шешу. 1-мысал: Алдар көсе бір байдың үйіне жұмысқа жалданады. Бір жылдық жұмыс істегені үшін 1 жылқы және 10000 теңге алу керек болатынғ бірақ ол 7 айдан кейін істегісі келмей, жұмыстан кетеді. Өзімен 1 жылқы және 2000 теңге алып кетеді. 1 жылқының құны қанша?
Шешуі:айына алатын жалақысы - , ал жылқының құны - деп белгілейік.
Сонда ?
Теңдеулер жүйесін құрамыз:
Жауабы: 9200
2-мысал: Айтбай орманнан жаңғақ теріп әкелді. Жаңғақтың жартысын ол қарындасына берді, ал қалғанының жартысын інісіне берді. Осыдан кейін Айтбайда 25 жаңғақ қалды. Айтбай орманнан неше жаңғақ әкелген?