Бағдарламасы Астана қаласы, 2007 жыл Мазмұны



Pdf көрінісі
бет3/7
Дата26.12.2023
өлшемі241,22 Kb.
#143311
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Period 2007-2009 kz

 
2. Кіріспе
2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасы (бұдан әрі-
Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі № 319 
қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының 2005-2007 жылдардағы Қазақстан 
халқына жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жӛніндегі негізгі бағыттардың (іс-
шаралардың) жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау жӛніндегі іс-шаралар 
жоспарының 157-тармағын іске асыру мақсатында, сондай-ақ 2007 жылғы 13 
ақпандағы Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени 
мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жӛніндегі Қоғамдық кеңес 
отырысының № 01-7.2. хаттамалық шешіміне сәйкес әзірленді. 
Аталған Бағдарлама еліміздің тарихи-мәдени мұрасын 
зерттеуге, сақтауға, жаңғыртуға және тиімді пайдалануға бағытталған кешенді іс-
шараларды іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігінен туындап 
отыр. Үстіміздегі жылғы 13 ақпанда Қазақстан 
Республикасы Президентінің қатысуымен болған 2004-2006 жылдарға арналған
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жӛніндегі Қоғамдық 
кеңестің кеңейтілген отырысында еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және 


тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мәселесі қаралып, онда Мемлекет басшысы 
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне 2007-2009 
жылдарға арналған «Мәдени мұра» салалық бағдарламасын әзірлеп, іске асыруды 
тапсырды.
 
 
 
3. Мәдени мұра саласындағы проблеманың қазіргі жай-күйін талдау
2006 жылы 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік 
бағдарламасы іске асыру жұмыстары аяқталды. 
Бағдарламаны іске асыру барысында тарих және мәдениеттің жаңа ескерткіштерін 
ашу, ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіштерді 
консервациялау, қайта жаңғырту және қалпына келтіру мәдени мұраның, соның 
ішінде қазіргі таңдағы ұлттық мәдениетті, ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-
ғұрыптарды зерделеудің біртұтас жүйесін жасау; ұлттық әдебиет пен жазудың сан 
ғасырлық тәжірибесін қорыту, әлемдік ғылыми ой-сананың, мәдениет пен 
әдебиеттің таңдаулы жетістіктерінің негізінде гуманитарлық білім берудің 
мемлекеттік тілдегі толыққанды қорын жасау жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге 
асырылды.
Ӛткен кезең ішінде отыз бес тарих және мәдениет ескерткіштеріне жаңғырту 
жұмыстары жүргізілді, оның ішінде:
2004 жылы 12 объектіде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды; 
2005 жылы 13 объектіде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
2006 жылы 10 объектіде қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Қазақстан аумағындағы отыз қалашықтарда, қоныстарда және қорғандарда
археологиялық зерттеулер жүргізілді, оның ішінде: 
2004 жылы 20 қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді; 
2005 жылы 30 қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді; 
2006 жылы 30 қалашыққа археологиялық қазба жұмыстары жалғастырылды. 
Қазақ халқының мәдени мұрасы үшін тарихи маңызы бар қолжазбаларды, сирек 
басылымдарды, кітаптар мен мұрағаттық құжаттарды анықтау және сатып алу 
үшін
 
Қытай, Монғолия, Ресей, Батыс Европа елдерінің мұрағаттары мен 
кітапханаларына ғылыми-зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. 
Ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша маңызы бар қолданбалы, бірегей тарихи-
мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерге ғылыми зерттеу жұмыстары 
жүргізілді. Сонымен қатар еліміздің мұрағаттары мен қоймаларындағы аса 
кӛрнекті ауызекі кәсіби дәстүрде орындаушы-музыканттардың фоножазбаларын 
қалпына келтіріп, қазіргі заманғы аудиотасымалдаушыларға қӛшіру жобасы жүзеге 
асырылды, оның ішінде: 2004 жылы – 10 қолданбалы ғылыми 
зерттеу;
2005 жылы – 10 қолданбалы ғылыми зерттеу;
2006 жылы – 7 қолданбалы ғылыми зерттеу жобалары іске асырылды. 
Ұлттық және әлемдік ғылыми ой-сана, мәдениет және әдебиет басылымдарының 
дестелерін әзірлеу жӛніндегі жұмыстар жүйелі жүзеге асырылып, екі жүз он сегіз 
аталым кітаптар басылып шығарылды. Олардың ішінде «Бабалар сӛзі», «Қазақтар 
құқығының ежелгі әлемі» (Жеті жарғы), «Қазақ музыкасының антологиясы», 
«Әлемдік саясаттану ой-санасы», «Қазақ тілінің синонимдер сӛздігі», «Қазақ тілінің 
орфографиялық сӛздігі» дестелері бар, оның ішінде:
2004 жылы – ғылыми кітаптың 29 аталымы;


2005 жылы – ғылыми кітаптың 89 аталымы;
2006 жылы – ғылыми кітаптың 100 аталымы шықты. 
Сонымен бірге, кең ауқымды бағдарламаны қысқа мерзім ішінде іске асыру мүмкін 
еместігін тәжірибе кӛрсетіп отыр.
Қазақстанның ұлттық тарихында зор маңызы бары кӛптеген тарихи, 
археологиялық және сәулет объектілері әлі күнге дейін қажетті кӛмекке зәру 
болып отыр. Олардың ішінде тарих пен мәдениеттің айрықша ескерткіштері 
Бесшатыр, Есік, Берел және Шілікті қорғандары, еліміздің әр түрлі түпкірлерінде 
орналасқан кӛптеген жартастардағы бейнелер де бар. Олардың кӛбі урбанизация 
мен индустриализацияның салдарынан бұзылу мен жойылудан әлі күнге дейін 
қорғалмаған.
Ежелгі дәуірден бастап осы кезге дейінгі рухани мәдениетті, материалдық емес 
ескерткіштерді пайдалануды зерделеу жүйесі мен әдістері қажетті дәрежеде 
дамымаған.
Мемлекеттік және саяси құрылыстың түбегейлі ӛзгеруіне байланысты осыдан 25 
жыл кеңес кезеңінде қабылданған Қазақ КСР тарих пен мәдениет ескерткіштерінің 
мемлекеттік тізімі ескірді, сол себепті қайта қарауды қажет етеді.
Тарих пен мәдениет ескерткіштерін пайдалану және олардың 
базасында туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдай жасаудың толық жүйесі 
жоқ.
2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын іске 
асыру кезінде анықталған проблемалар 2007-2009 жылдарға 
арналған «Мәдени мұра» бағдарламасын әзірлегенде есепке алынды.
Аталған бағдарлама шеңберінде тарихи-мәдени мұра объектілерін қалпына 
келтіру және консервациялау жұмыстары одан әрі жалғасын табады. Сонымен 
қатар Қазақстан тарихына байланысты алыс және жақын шетелдердегі тарих және 
мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіру, зерттеу және Монғолия мен басқа 
елдер аумағынан табылған кӛне түркі руникалық жазулары бар тастардың 
кӛшірмесін жаңғырту жұмыстарын іске асыруға алғашқы қадамдар жасалмақ.
Ұлттық мәдениетіміз үшін айрықша маңызды қазақ халқының мәдени мұрасын, 
оның ішінде тарихи-мәдени, сәулет және археологиялық ескерткіштерді зерделеу 
жӛнінде кең кӛлемде қолданбалы ғылыми зерттеулер кӛзделуде. 
Ұлттық әдебиетіміз бен жазбамыздың, Қазақстан тарихы, археологиясы, 
этнографиясы мен мәдениеті жӛніндегі кӛптеген мәселелер бойынша дестелік 
басылымдар шығаруға қатысты кӛпғасырлық тәжірибесін жинақтау мәселелері де 
ӛз жалғасын табуды қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет