Бағдарламасы Астана қаласы, 2007 жыл Мазмұны


 3. Қ азақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата26.12.2023
өлшемі241,22 Kb.
#143311
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
5. 3.
Қ
азақ халқының мәдени мұрасы саласындағы ғылыми жұмыстарды 
одан әрі жалғастыру
 
Мәдени мұраны, соның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды 
зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихы
материалдық және рухани мәдениетімен байланысты түйінді ғылыми мәселелерді 
зерттеу және кӛпшілікке тарату, оның ішінде Орталық Азияның кӛшпелі 
халықтары мен қазақтардың кӛшпелі қоғамы ӛткен ӛмірінің бай тарихы жӛніндегі
зерттеу және таныту іс-шаралары жүзеге асырылмақ.
Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру мақсатында Қытай, Монғолия, Түркия, 
Египет, Батыс Европаға, соның ішінде Париж, Мадрид, Берлин Ұлттық 
кітапханаларына, Ватиканның құпия мұрағатына Қазақстан үшін тарихи-мәдени 
құндылық болып табылатын қолжазбалар мен мұрағаттық құжаттар ескерткіштерін 
сәйкестендіру және жинау үшін ғылыми-іздестіру экспедициялары 
ұйымдастырылады. 
Кӛшпелілердің материалдық мәдениеті болып табылатын қыстаулар, қоныстар, 
бейіттер, құдықтар, кӛшпелі жолдар мен бағыттарды зерттеу, сипаттау, 
карталарын құрастыру және талдау; Қазақстан аумағында шаруашылық жүргізу 
мен табиғи-ландшафттық аймақтарды экономикалық тұрғыдан игеру әдістерін 
жаппай зерттеу; қазақ этносының ру-тайпалық атауларын жан-жақты зерттеу; 
кӛшпелі халықтардың, соның ішінде бірінші кезекте қазақ халқының мәдениеті мен 
тарихы туралы маңызды еңбектерді басып шығару жӛнінде кең кӛлемді жұмыстар 
жүргізіледі.
Зерттеулер нәтижесінде кӛшпелілердің тарихы, археологиясы, этнологиясы, 
мәдениеті мен ӛнері жӛнінде ғылыми еңбектер, атластар, этнографиялық 
карталар басылып шығады. 
Сондай-ақ Қытай, Монғолия, Ресей және тағы басқа алыс және жақын шетелдерде 
тұрып жатқан қазақтардың халықтық ӛнерін кешенді зерттеулер жүргізіледі. 
Еуразия аумағында табылған біздің заманымыздың VI-VIII ғасырларға жататын 
кӛне түркі руникалық тас жазбалары ерте ортағасырлық кӛне түркі тайпаларының 
тарихын терең зерттеуге негіз болатын сирек кездесетін ежелгі түрік жазбалары 


бар мүмкіндік береді. Кӛне түркілердің жазба мұрасы мен Еуразия кӛшпелі 
ӛркениетінің басқа ескерткіштерін айқындау, зерделеу және кӛпшілікке тарату 
мақсатында Монғолия, Қытай, Иран аумағына ғылыми-іздестіру экспедицияларын 
ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми тұрғыда ерекше маңызды Монғолия 
территориясында орналасқан кӛне түркі руникалық жазулары бар «Тоныкӛк» пен 
«Білге қаған» тастарының кӛшірмелерін жаңғырту жоспарлануда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет