жщспарын жүзеге асырудың екінші кезеңінде ортағасырлық Қазақстанның саяси,
экономикалық және мәдени ӛмірінде маңызды рӛл атқарған тарихи қала
орталықтарына археологиялық-этнографиялық зерттеулер жүргізілуі қажет.
Сондай-ақ, Ұлы Жібек жолы тармақтарының бірі болып табылатын ортағасырлық
Жетісудың керуен жолдары да зерттеуді қажет етеді. Арал жағалауындағы
ескерткіштер – ортағасырлық қалалар Жанкент, Арал Асар мұрамыздың әзірге
зерттелмеген бӛлігі болып отыр.
Жоғарыда аталғандарды ескере отырып, Бағдарламада ежелгі Қазақстанның
патша мазараттары мен зиярат орындарын – Берел, Шілікті обаларын, Қызыл
Ұйық зиярат орнын, Қазақстан аумағындағы ежелгі және орғасырлық
мемлекеттердің астана орталықтарын: Арал жағалауы сақтарының астанасы -
Шірік Рабат, қарлұқтар астанасы - Қаялық, оғыздар астанасы – ежелгі және
ортағасырлық Жанкент, Ақорда мен Қазақ хандығының астанасы – Сауран
қалашықтарын, ежелгі ортағасырлық қағандық орталығы – Ақыртас, Жошы
ұлысының астанасы – Хан ордасы кешендері, сондай-ақ Ұлы Жібек жолындағы ірі
қала орталықтары – Ақтӛбе (Баласағұн), Сидақ, Арал Асар, Шымкент, Сайрам,
Сығанақ қалашықтарында тереңдетілген археологиялық зерттеулер кӛзделмек.
Достарыңызбен бөлісу: