Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Д е р е к т е р д і т ү с і н д і р у



Pdf көрінісі
бет318/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Д е р е к т е р д і т ү с і н д і р у :
бір жынысты жүптардың санын анықтау 
үшін Санақ бюросы сауалнамасында барлық америкалық азаматқа 
мынадай үш сұрақ қойылды:
1. «Үйіңізде басшы кім?»
2. «Отбасының әрбір мүшесімен және үйдің басшысымен қандай 
қарым-қатынастасыз?»
3. «Үйіңіздегі адамдардың жынысы қандай?»
2-сұрақтың жауабында үй қожалыгының басшысы және басқа бір 
мүшесі «үйленбеген серіктестер» немесе «некедегі серіктестер» 
деп белгіленіп, 3-сұрақтың жауабында екеуі бір жынысты деп бел- 
гіленгенде, Санақ бюросы оларды бір жынысты жұп деп анықтады.
Д е р е к т е р д і с ы н а у :
гейлер мен лесбияндардың ңоғамда абыройсыз 
болуын ескере отырып, кейбір респонденттер Санақ сұрақтарына 
жауап беруге қаймықты. Қалай болғанда да, гей және лесбияндық 
жұптардың нақты саны - Санақ бойынша анықталғаннан көп бо- 
луы мүмкін. Бұл белгісіздікті айқындау үшін Санақ бюросы гей­
лер қоғамдастығына хабарландыру жолдап, құпиялықты сақтауға 
уәде еткен.
Кез келген сауалнамаларға қатысатын респонденттер әдетте үзақ 
тізімдерден шаршайды. Олар тізімдегі дайын нұсқалар арасынан 
таңдау мүмкіндігін қалайды. Сонымен, «Үйленбеген серіктес» па- 
рақшасындағы тізімде он үш нұсқау берілді: «күйеу / әйел», «бөл- 
мелес», «қызы» және тағы басқасы. Бұл толық бага беру үшін жет- 
кіліксіз болуы да мүмкін.

Соңында біреуі «үй қожалығының басшысы» болғанда ғана санақта 
бір жынысты жұп деп есептелді. Басқаша айтқанда, бір жынысты 
жұп м үшесінің біреуі үйдің иесі болса немесе тұратын үйлерін жал- 
дау жөніндегі құжатқа қол қойса ғана оларды жұп деп санаған.
SOURCE: (O'Connd & Feliz Q011).


278
9 -ТА РА У
9.2-СЫЗБА. Гей және лесбияндық
қатынастар мен некеге қолдау корсету.
Деректер негіздеген екі сұрақ: «Өзара 
келіскен ересектердіңарасында гей 
немесе лесбияндық қатынастар болуы 
заңды деп танылуы тиіс пе?» және «Бір 
жынысты жұптардың арасында неке 
қуру дәстүрлі неке сияқты заңды деп 
танылуы, заңмен бекітілуі тиіс пе?»
SOURCE Jones (201D: Newport ООП)
дегендері - 19 пайыздан 44 пайызға дейін (Jones 2011). Сонымен қа- 
тар 53 пайызы олардың арасындағы некені мақұлдаған, бұл 1996 
жылғыдан екі есе көп (Newport, 2011). (Бұл тақырып 11-тарауда 
талқыланады). Гейлердің құқықтарын жастар, қала тұрғындары, 
дінді аса ұстанбайтын, білімі бар немесе тым ымырашыл адамдар 
көп қолдайды. Сондай-ақ олардың арасында гейлер табиғатынан 
сондай болып туған деп ойлайтындар да жиі кездеседі.
ГЕЙ ЖӘНЕ ЛЕСБИЯН ҚОЗҒАЛЫСЫ. Гомосексуализмнің өршуі - гейлер 
мен лесбияндық құқық қозғалысының пайда болу кезеңімен ті- 
келей байланысты. Америкадағы гейлер және лесбияндық құқық 
қозғалысы 1960 жылдың соңында және 1970 жылдардың басында 
қарқынды дами бастады. Сол кездері азаматтық құқық пен феми- 
нистік қозғалыстарға қатысып жүрген гейлер мен лесбияндар өз- 
деріне дәстүрлі некедегі жұптарға тән қүқықтар берілуі тиіс деген 
мәселені көтере бастады (Clendinen & Nagourney, 2001; Marcus, 2002).
Гей құқықтары үшін басталган қозғалыстың негізгі кезеңі 1969 
жылы 27 маусымда болған «Стоуньюлл» тәртіпсіздіктерімен тұспа-түс 
келді. Бірнеше жыл бұрын сол күні Нью-Йорк қаласының полиция қыз- 
меткерлері гей-барлар арасында рейд жүргізген. Бірақ бір нәрсе өзгеше 
боп шықты: бұл жолы бар иелері қарсылық көрсетті. Полиция оларды 
қаталдықпен тойтарды, бірақ тәртіпсіздік одан әрі жалғасты. Ал келесі 
бірнеше күн ішінде екі мыңға жуық адам гейлер мен лесбиян топтары- 
на қосылды. Көтеріліс әбден басылғанша гейлердің құқықтарын қор- 
ғайтын қозғалыс қазіргі қалпына келіп алды.
Қозғалыс тарихында СПИД эпидемиясының әсері ерекше бол- 
ды. 1981 жылы СПИД ауруы алғаш рет анықталған кезде оны көп- 
шілігі «гей обасы» деп атады, бұрмалау мен дискриминация күшей- 
ді. Гейлер бұл ауруға ш алдыққандықтан, өздерінің дәстүрден тыс 
жыныстық көзқарасын ашық мойындауға мәжбүр болған немесе 
СПИД-тен қайтыс болған адамдар гейлер деп анықталған. Осын- 
дай оқиғалар арқылы гетеросексуалдар олардың қаншама достары, 
туыстары, әріптестері, көршілері және сүйікті кино жұлдыздары 
(мысалы, Рок Хадсон) гей болғанын білді.
Гей және лесбияндық құқық қозғалысы алға басты. Америка- 
лық психологиялық қауымдастық гомосексуалдылықты адамның 
ауруы деп есептемейді; кем дегенде 21 штат пен Колумбия окру- 
гы сексуалдық бағыт негізіндегі дискриминацияға тыйым салды 
(National Gay & Lesbian Task Force, 2009), жария гомосексуалистер 
мемлекеттік лауазымға, оныц ішінде АҚШ сенатына сайланды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет