306 10-ТАРАУ де қаралуы керек немесе медициналық сақтандыру ісі мемлекет
тарапынан көрсетілетін қызмет пен салықты кез келген себеппен
өсіруге қарсы болуы керек деп санайды. Сонымен қатар дәрі-дәрмек
өндірушілердің көбі, емхана әкімшілігі және басқалар жоспарлы жұ-
мысқа қарсы, өйткені бұдан табыс көлемі азаяды.
Жоспарға қарсылардың бір тобы - бұл ұзаққа бармайды деп ой-
лайды. АСА қазіргі денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде құрылды.
Ұлттық деңгейдегі мыңдаган сақтандыру бағдарламасына жұмсала-
тын әкімшілік шығындардың қайтарымы мардымсыз, дәрігерлер со-
ның арқасында ақша тауып жүр; емханалардың қызметтерінің төлем
жүйесіндегі шығындар да қомақты күйінде қалып отыр. Сонымен
қатар коммерциялық сақтандырушылар денсаулығы нашар адамдар-
ды сақтандырмауға тырысады. Нәтижесінде, АСА сақтандырылмаған
адамдар санын азайтпақ болады, бірақ сақтандыруға немесе денсау-
лық сақтау қызметіне қол жеткізе алмайтын миллиондаған адам
далада қалады, бұл денсаулық сақтау саласына кететін шығындарды
азайтпайды (Medicaid & Medicare Services орталықтары, 2010).
АСА-ның ықпалы толықтай іске асқанша біршама уақыт өтеді.
Жоғарғы сот АСА-ның негізгі компоненттерін (мемлекет Medicaid бағ-
дарламасының қамтылуын кеңейтеді немесе федералдық қаржылан-
дыру қысқартылады деген талаптан басқа) 2012 жылдың маусымында
қабылдады. Бірақ оған қарсылық әлі де қатты. АСА-ның жұмысы жө-
ніндегі сот тайталасы әлі де бірнеше жылға созылатыны анық.
Басқа елдердегі денсаулың саңтау саласы Америка Құрама Штаттары - өндірісі дамыған, бірақ барлық азаматын
медициналық қызметпен қамтамасыз ете алмайтын жалғыз мемле
кет. Денсаулық сақтау қызметтері тауар секілді сатылады. Сіз тек
алғашқы көмек қызметі сияқты қолыңыз жеткен қызметті ғана
пайдалана аласыз. Егер бұл мүмкін болмаса, сол қызметке сүйен-
бей-ақ әрекет етуді үйренесіз. Әлемнің өндірістік саласы дамыған
басқа елдерінде медициналық қызмет бастауыш білім сияқты:
қаржылық мүмкіндігіңізге қарамастан, барша адамға қолжетімді
тиісті көмек ретінде қарастырылады. Ондай елдерде медициналык
көмек қалай қамтамасыз етіледі?