312 11-ТАРАУ және күйеулеріне жыныстық қызмет көрсету міндеттелді. Еркек пен
әйел арасындағы мұндай міндеттер 1970 жылы феминисток қозғалыс
пайда болған соң, өзгере бастады.
Неке - бала тәрбиесі үшін өте маңызды, өйткені ата-аналарға және
өзге туыстарға әлеуметтік қадағалаушы рөлі беріледі. Некелі жұптар
балалы болған кезде ата-аналары, ата-әжелері және аға-әпкелері сә-
бидің жақсы өсуі үшін өздеріне жауапкершілік алады. Ал некесіз дү-
ниеге келген бала бұл жағынан әлсіз. Балаға қамқорлық көрсететін
адамдар аз болады, ал қамқор болмаған адамдарды әлеуметтік немесе
заңды тұрғыдан жазалай алмайсыз. Сондықтан некесіз дүниеге кел
ген балалардың өлім-жітімі жиі кездеседі.
Әулет - ерлі-зайыптылар
мен олардың балалары өзге
туыстарымен, яғни ердің не
әйелдің ата-анасымен немесе
бауырларымен бірге өмір сүретін
отбасы.
Нуклеар отбасы - ата-анасы мен
балалары өзге туыстардан бөлек
үйде түратын, тәуелсіз отбасы.
Аралас отбасы - ерлі-
зайыптылардың бірінің немесе
екеуінің де алдыңгы некесінен
баласы бар отбасы.
Мәдениетаралық өзгешеліктер Бұған дейін біз отбасылардың көбіне өзара үқсас келетінін айтқанбыз.
Бірақ әлемдегі отбасылардың елеулі айырмашылықтары да бар.
Отбасы түрлері Тарихқа көз жүгіртсек, қай елде болмасын, қай жерде болмасын
адамдар әдеттегідей туыстарымен, айталық, күйеуі, бір немесе бір-
неше әйелі, олардың балалары, ата-әжелері, аға-әпкелері, іні-қарын-
дастары, бөлелері, жиендері т.б. бәрі бірге тұрған. Отбасының мүндай
түрін кеңейтілген отбасы деп атайды.
Ә у л е т т ің ұтымды түстары көп:
әңгімелесетін, жаныңды үғып, құшағын жаятын адам әрдайым жа-
ныңнан табылады, кішкентай балаң қараусыз қалмайды, үйдегі қарт
немесе мүгедек адамдар жалғызсырамайды, шығындарды бөлісіп тө-
леуге болады. АҚШ-та кеңейтілген отбасы көлемі шамамен 12 пайыз
және бұл көрсеткіш жыл санап өсуде. Мұның екі себебі бар (Du Toit,
Bachtell, & Haggerty 2011). Біріншіден, экономикалық мәселелердің
салдарынан адамдар ақша үнемдеу үшін туыстарымен бірге тұруға
мәжбүр бола бастады. Екіншіден, соңғы жылдары АҚШ-қа кеңейтіл-
ген отбасы құндылықтарын ұстанатын елдерден иммигранттардың
келуі көбейген. Олар жаңа қоныстарында да осы тенденцияны жал-
ғастырып жатыр.
Дегенмен америкалықтардың басым бөлігі (ауқатты қоғамда өмір
сүретін басқа адамдар секілді) нуклеар отбасында тұруды қалайды.