Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет447/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Бұл бізге не береді?
Сіз мансап қууға дайындалып жүргенде айналадағы экономикалық 
жағдай өзгеріп жатады. Сол себепті зейнетке шыққаныңызша бірнеше 
рет жаңа жұмыс орнын іздеп, жаңа машықтарды меңгеруіңіз мүмкін. 
Жаңа технологиялар, жаьандану, Wal-Mart экономикасы және жалға- 
сып жатқан экономикалық мәселелер таяу жылдарда жүмысқа байла- 
нысты жағдайды өзгертеді.
Батыс Еуропа түрғындары қиын-қыстау кезеңде еңбеккерлерге 
мемлекеттен көмек болатынын әуелден күткен. Қазіргі дағдарыс аме- 
рикалықтарға біркелкілікті сезіндірді. Бір жағынан, америкалықтар 
аз дауыс беріп, мемлекеттік көмекке мұқтаж жандардың сайлауға 
қатысу көрсеткіші тым төмен болып тұрған кезде саясаткерлердің қа- 
рапайым жұмысшыларды қорғауға ынталы болуы екіталай. Экономи- 
калық дағдарыс тереңдей берсе, аталған заңнамалардың өзгеруі әбден 
мүмкін.


398
13-ТАРАУ
Қорытынды
1. Билік мәжбүрлеу немесе өкілеттілік арқылы 
жүргізіледі. Билік дәстүрлі, харизмалық және 
рационалдық-құқықтық болуы мүмкін.
2. Инстигуттандырылған билік қатынасы бар 
кез келген әлеуметтік құрылымды саясат- 
тың формасы деп атауға болады. Ең танымал 
саяси институт - мемлекет. Оның басқа саяси 
институттардан ерекшелігі - ол мәжбүрлеуді 
заң жүзінде қолдануда монополист бола ала- 
ды және азаматтық алу құқығымен қоса көп- 
теген мәселелерді шешуге өкілетті. Алайда 
жаьандану бұл билікті шектеуі мүмкін.
3. АҚШ-тағы саяси процесті сипаттайтын екі 
үлгі бар: плюралистік және билік элитасы 
үлгісі. Олар билік элитаның қолында немесе 
мейлінше кең таралған дегенге келіспесе де, 
жекелеген адамдарға қарағанда ұйымдасқан 
топтардың оқиғаларға ықпалы көбірек екенін 
құптайды.
4. АҚШ-та дауыс берудің және саясатқа араласу- 
дың басқа да түрлерінің деңгейі тым төмен. Егде 
жастағы азаматтар, «ақтар» мен жоғары білімді 
немесе табысты адамдар саяси белсенді келеді.
5. Демократиялық партия аз үлттар жұмысшы 
тап өкілдерін, ал Республикалық партия ақ 
нәсілді және табысы жоғары сайлаушыларды 
тартқанымен, АҚШ-тың бұл екі саяси партия- 
сының да көпшілікке қызықты ортақ тұғыр- 
намалары бар.
6. Кейбір әлеуметтанушылар өнеркәсібі дамы- 
тан өзге елдерге қарағанда, АҚШ-та дауыс 
беру қарқынының томен болуы әлеуетті сай- 
лаушылардың саясаттан хабарсыздығынан 
деп есептейді. Енді бірінің айтуынша, көрсет- 
кіштер үкімет саясатының кейбір америка- 
лықтардың дауыс беруін қиындатуына неме­
се мүлде шектеуіне байланысты томен болып 
отыр. Сонымен қатар ірі саяси партиялардың 
бірде-бірі маргиналданған топтарды тартуға 
тырыспағандығы да осы себептердің бірі.
7. 
Капитализм - көптеген байлық (жер, капитал 
және еңбек) жекеменшікте болатын, ашық на- 
рықта саудаланатын және меншік иелерінің 
жеке пайдасы үшін қолданылатын экономи- 
калық жүйе. Социализм - өндіріс құралдары 
(жер, еңбек және капитал) қоғам немесе үкі- 
мет меншітінде болып, баршаның игілігі үшін 
қолданылатын экономикалық жүйе. Капита­
лист^ экономика әдетте өнімді болады, ал со­
циалист:^ экономика ресурстарды әділ бөледі. 
Қоғамдардың көбінің экономикасында екі жүйе 
бірге жүргізіледі.
8. Әрбір елдің өзіндік саяси экономикасы болады: 
бүл - ел ішіндегі саяси және экономикалық фор- 
малардың өзара қатынасы және нақты үйлесуі. 
Капиталистік ел де, социалистік ел де демокра- 
тиялық немесе авторитарлық бола алады.
9. Индустриалдыққа 
дейінгі 
экономикадан 
индустриалдық және постиндустриалдық 
экономикаға дейінгі өзгерістер әлеуметтік 
ұйымдарға қатты эсер етті. Экономиканың 
үшінші секторы АҚШ жұмыс күш інің төрттен 
үш бөлігін жұмыспен қамтып отыр. Оган дәрі- 
герлер, заңгерлер, жүк көлігін айдаушылар 
және даяшылар жатады.
10. Бірнеше алып трансұлттық корпорация қазір 
жергілікті, ұлттық, тіпті халықаралық сая­
си және экономикалық мәселелерде айтар- 
лықтай ықпалды. Бұл корпорациялар ортақ 
мүдде үшін көбінесе бірлесіп әрекет етеді.
11. Қазіргі таңда жалғыз ғана Wal-Mart корпо- 
рациясы АҚШ-тың экономика саласындағы 
ұйымдар мен жеке тұлғаларға ықпал етуге 
құқылы. Нарықтағы сүбелі үлесіне байланыс­
ты ол жұмысшылардың жалақысына, тауар 
жеткізушілер мен бәсекелесгердің бағасына 
эсер ете алады.
12. Қазіргі экономикалық дағдарыс, негізінен, 
мемлекеттік бақылаудың әлсіреуіне бай­
ланысты азаматтардың қарызы көбеюінен 
туындап отыр. Жаианданудың салдарынан 
бұл экономикалық дағдарыс бүкіл әлемге 
жайылды.
13. Кәсіпқой маманға/жүмысқа мыналар жата­
ды: (1) өзіндік білім алып, лицензиялық стан- 
дарттардан өте алатындар, (2) бірнеше жыл 
бойы оқу арқылы алынған арнайы білімі бар- 
лар және (3) қоғам тарапынан ар-намыс қати- 
даларын үстанатындар және ел игілігі үшін 
қызмет етеді деп мойындалғандар.
14. Астарлы экономикаға мемлекеттік бақылау- 
дан жасырынатын барлық жұмыс түрі жата­
ды, оған жөзекшелік те, арнайы лицензиясы 
немесе визасы жоқ жұмысшылар да кіреді.
15. Жұмыссыздар дегеніміз - жұмысы жоқ, жұ- 
мысқа қабілетті және соңғы торт апта бойы 
жұмыс іздеп жүргендер. Жартылай жұмыссыз- 
дар - жарты күн жұмыс істейтін немесе атқа- 
ратын жүмысы тәжірибесі мен білікгілігіне 
сай емес адамдар. Соңғы жылдары жұмыссыз- 
дар мен жарты күн жұмыс істейтіндер саны 
көбейді.
16. Жаңа жүмыс орындары болашақта түрақсыз 
болады және қызмет корсету саласында көп-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет