Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет464/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

АҚШ-тағы халық саны
АҚШ-тағы демографиялық ахуал Италиядағы жағдайға ұқсайды, туу 
және өлім деңгейі төмен, бірақ бірқатар ерекшеліктері де бар. Біріншіден, 
туу коэффициенті халық санының нөлдік өсу межесіне жақын болғаны- 
мен, Италиядағы сияқты шектен тыс төмен түсіп кеткен жоқ. Екіншіден,


ХАЛЫҚ САНЫ ЖӘНЕ УРБАНИЗАЦИЯ
413
халық саны иммиграция әсерінен айтарлықтай өсіп отырады. Үшінші- 
ден, осы иммиграцияның арқасында АҚШ халқы италиялықтардан әл- 
деқайда жас. Бұл тарауда АҚШ-тағы туу коэффициент]., өлім көрсеткіште- 
рі мен миграция мәселелері туралы қысқаша айтып өтеміз.
Туу көрсеткіштері
Соңғы 20 жылда АҚШ-та әр әйелге шаққандағы бала туу көрсеткіші 
халық саны өсімінің нөлдік деңгейі шамасында болды. Мұндай төмен 
көрсеткіш әлеуметтік таптың азаюына, туу коэффициентіндегі нә- 
сілдік және діни айырмашылықтарға да байланысты. Кейбір әйел- 
дер жасөспірім кезінде, ал енді бірі 40 жасында балалы болады, бірақ 
қай-қайсысының да екі баламен шектелуі жиіледі.
Өлім көрсеткіштері
АҚШ отбасылары үшін өлім - өте сирек болатын жағдай. Өмірдің орта- 
ша ұзақтығы 80 жасқа жақындады, ал 65 жасқа ауырмай жеткен адам 
тағы 20 жыл анық өмір сүреді деп күтуге болады. Ата-аналары бала- 
ларының аман-есен жетіліп, ұзақ өмір сүретініне сенімді бола алады. 
Егер жас жұбайлар ажырасып кетпесе «алтын тойға» жетері анық.
1970 жылдан бері орташа өмір сүру ұзақтығына 7 жыл қосыл- 
ды. Бұл, ең алдымен, қарт адамдар жиі шалдығатын дегенеративгі 
(жүрек аурулары және қатерлі ісік) ауруларды диагностикалау және 
емдеу жолдарының жақсаруымен байланысты. Сонымен қатар нәсіл- 
дік және әлеуметтік тап арасындағы өлім көрсеткіштерін төмендету 
де себеп болып отыр. 1940 жылдардың бас кезінде афроамерикалық 
әйелдердің ғұмыры «ақ» әйелдерден 12 жылға қысқа болатын, бүгінде 
айырмашылық 3 жылдан астам (U.S. Bureau of the Census, 2011c).
1981 жылы алғаш анықталған СПИД дерті өлім-жітімді көбейтті. 
Соңғы жылдары СПИД-тен қайтыс болғандардың саны біршама азай- 
ғанымен, 25-44 жас аралығындағылардың әсіресе афроамерикалықтар 
мен латынамерикалықтардың өліміне бірден-бір себеп осы дерт болып 
отыр. Негізінен, есірткіні күре тамырға егу арқылы жиі таралатын 
СПИД кедейлер мен тұрмысы төмендердің ауруына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет