Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


Индукция: Эмпирикалық түрдебақыланған Дедукция



Pdf көрінісі
бет61/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Индукция:
Эмпирикалық
түрдебақыланған
Дедукция:
Теорияны тексеру 
үшін гипозета
Теория
1.1-СЫЗБА. Ғылым дөңгелегі. 
Ғылыми 
процесті үнемі айналып тұратын 
дөңгелек деп қарастыруға болады. Ол 
бізді үнемі теориядан дерекке және 
деректен теорияға жетелеп отырады.
4-251


50
1-ТА РА У
Зерттеу әдістері
Осы кітапта баяндалған теориялар мен зерттеулер түрлі зерттеу әдіс- 
терінен бастау алады. Бул тарауда алкоголь тұтынуды мысал ретінде 
ала отырып ең көп таралған әдістерді қарастырамыз және олардың 
артықшылықтары мен кемшіліктерін талдаймыз (Зерттеу әдістері: 
«Ұғымдар қорытындысы: зерттеу әдістерін салыстыру» деген тақы- 
рыпшада қысқаша тұжырымдалған).
Эксперимент - себеп-салдар 
теорияларын сынау мақсатымен 
тәуелсіз айнымалы шамаларды 
басқару әдісі.
Эксперименталды топ - тәуелсіз 
айнымалы шаманы зерттеу 
мақсатында экспериментке 
тартылған топ. Осы топтың 
нәтижелері бақылау тобымен 
салыстырылады.
Эксперимент
Эксперимент дегеніміз - себеп-салдар теорияларын сынау үшін 
тәуелсіз айнымалы шаманы зергтеуші басқарып отырып зерттейтін 
әдіс. Классикалық тәжірибеде зерттеуші эксперименталды топты 
бақылау тобымен салыстырады. Екі топтың арасындағы жалғыз 
айырмашылық сол - эксперименталды топ зерттеліп жатқан тәуел- 
сіз айнымалы шаманың әсеріне үшырайды. Егер топтар басқа жағы- 
нан бірдей болса, оларды салыстыру арқылы тәуелсіз айнымалының 
әсерін біле аламыз.
Мәселен, егер біз алкогольді ішімдік ішудің үлгерімге әсерін ба- 
ғалағымыз келсе, алкоголь ішкен эксперименталды топты ішпеген 
бақылау тобымен салыстыруымыз қажет. Бәлкім, алдымен студент- 
терді кездейсоқ түрде екі топқа бөлу керек шығар. Алғашқы жиын- 
тық ауқымды болса, екі топ барлық жағынан бірдей деп болжауға 
болады. Мысалы, екі топта да жақсы оқитындар мен жаман оқитын- 
дар, жалқаулар мен алғыр студенттер саны тең болуы мүмкін. Бұдан 
кейін бақылау тобынан бес апта бойы алкогольді ішімдік ішпеуді 
сұраймыз, ал эксперименталды топқа күн сайын ішімдік ішуді тап- 
сырамыз. Бес аптадан соң екі топтың бағаларын салыстырамыз. Әу 
баста топтардың үлгерімі бірдей болғандықтан, егер алкоголь ішпе- 
ген студенттердің бағасы жақсарса, онда «ішімдіктен бас тарту олар- 
дың үлгерімін жақсартуға мүмкіндік берді» деген қорытынды жасай 
аламыз.
Бұл мысал көрсеткеніндей, эксперимент - себеп пен салдар тура- 
лы гипотезаны сынаудыц тамаша тәсілі. Алайда оның үш кемшілігі 
бар. Біріншіден, адамдарға зиянын тигізетін болса ондай экспери­
менты жүргізу адамгершілікке жатпайды. Мысалы, студенттерден 
күн сайын ішімдік ішуді талап етсек олардың үлгерімі нашарлауы 
мүмкін немесе сол эксперименттің кесірінен маскүнем болып кетуі 
ықтимал. Екіншіден, эксперимент жасаған кезде субъектілер көбіне 
басқаша әрекет етеді. Мәселен, әдетте алкогольді ішімдік ішу сту- 
денттің үлгерімін төмендетуі мүмкін болса да экспериментке қа- 
тысушылар зерттеушілердің өздері туралы дерек жинап жатқанын 
білетіндіктен жоғары баға алу үшін қосымша дайындалып жүруі 
мүмкін. Оның үстіне, эксперимент тым жасанды ортада өткізіледі. 
Сондықтан эксперимент нәтижесін бүкіл қоғамға тән құбылыс деп 
жалпыландыруға болмайды.
Бақылау тобы - тәуелсіз 
айнымалы шама
қолданылмайтын, экспериментке 
тартылған топ.
Сауалнама - салыстырмалы 
түрде көп адамға стандартталған 
сұрақтарды қоюды көздейтін әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет