Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет296/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

Гендер қоғамдық құрылыс
және әлеуметтік құрылым
ретінде
Әлеуметтанушылардың айтуынша, гендер жеке түлғаларға тән, 
биологиялық тұрғыдан берілетін нәрсе емес, керісінше, әлеуметте- 
ну, медицина мен мәдениет әсерінен, қоғамдағы өзара әрекеттес- 
тікте тұрақты түрде жаңғыртылып отыратын нәрсе. Сол сияқты 
әлеуметтанушылар гендерді тек жеке тұлғалардың ғана емес, әлеу- 
меттік құрылымдардың да атрибуты ретінде сипаттайды.
Гендерлік статусқа деген сенім - 
бір жыныс (әсіресе еркектер) 
басқага (әйелдерге) қараганда 
сыйлы, лайықты және құзыретті 
деп санайтын, кеңінен таралған 
көзқарас.


260
9 -ТА РАУ
Гендерлік бірегейлік
Бала дүниеге келген кезден бастап қоғам қыздарға басқаша, ұлдарға 
басқаша қарайды; қызғылт немесе қоңырқай көрпеге орайды, бірін 
спортқа үйретсе, екіншісіне тігін тігуді үйретеді. Шын мәнінде, жеке 
тұлға ретінде толық қалыптасқанға дейін бірін күшті, екіншісін әдемі 
болуіа талпындырады. Осылайша, символдық интеракционизм зерт- 
теулері анықтағандай, балалар өздерінің жынысын және гендерлік 
рөлдерін таниды.
Жас балалардың гендер жөніндегі ойлары әдетте түрақты болады. 
Олардың мұндай ойлары екі себептен елеулі стереотиптердің дамуы- 
на алып келеді. Бірінші себеп - элем тек қана жыныс бойынша бөлі- 
неді. Балалардың ойынша, әйелдер көпір салмайды, ал еркектер тігін 
тігумен айналыспайды. Стереотиптің қалыптасуына эсер ететін екін- 
ші себеп, тағы бір маңызды фактор - олардың өздеріне деген көзқара- 
сы. Зерттеулер көрсеткендей, ата-аналар ұл баласы мен қыз баласын 
әр басқа қабылдайды. Олар өз балаларына «жынысына сәйкес келе- 
тін» ойыншықтарды береді, ұлдары қыздардың, не қыздары ұлдардың 
ойыншықтарымен ойнаса алаңдаушылық пайда болады. Ата-аналар 
ұлдарга белсенді және агрессивті болуға ерік береді, ал қыздарының 
тыныш ойнауын және үлкендермен бірге жүруін (Orenstein, 1994) қол- 
дайды. Ата-аналар гендерлік стереотипке сай мінез-құлықты қолда- 
маса, балалары гендерлік стереотиптерді қатаң ұстанбас еді.
Осы процестің нәтижесінде ұлдар мен қыздардың өз жыныстары- 
на тән әрекеттер туралы тұрақты пікірлері дамиды. Мысалы, ұлдар 
қыздарға тән қасиеттер көрсеткені үшін сынға алынады. Сол себепті 
кішкентай ұлдар мен қыздардың жынысқа тән әрекеттер жөніндегі 
ойлары ерекше қатаң. Қыздар ұлға тән мінез-құлық көрсете алады. 
Сонымен қатар көптеген ата-аналар қазір қыздарының спортпен шұ- 
ғылдануын, компьютерде ойнауын және басқа ұл балаларға тән іс-әре- 
кеттермен айналысуын қолдайды. (Керісінше, ұл балалардың қыздар- 
ға тән әрекетгерімен айналысуын қолдау сирек кездеседі). Сонымен, 
қыздар бұрын ұлдарға ғана тән деп саналатын іс-әрекеттер қолайлы 
екенін сезінуі ықтимал (England 2010).

АҚШ-тағы гендерлік рөлдердің 
I өзгергеніне қарамастан, қыздар мен 
ұл балалар әлі де дәстүрлі гендерлік 
әлеуметтенудің ықпалында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет