ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
257
келбетіне аз көңіл бөледі. Wodaabe кездесулері кезінде көбінесе ерлер ара-
сында би жарыстары өткізіледі. Онда әйелдер төрешілік етеді. Ерлердің
тән сұлулығы мен сымбаттылығы негізінде жеңімпаздар таңдалады. Со-
дан кейін әйелдер еркектер арасынан романтикалық серікгес регінде ең
гартымдысын таңдайды.
Осы сияқты мәдениетаралық айырмашылықтарға және барлық қо-
гамда әйелдер көп жұмыс атқаратынына қарамастан (көбінесе үй шаруа-
шылығын жүргізіп, азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету), ерлерге
қарағанда әйелдердің мәртебесі әлдеқайда төмен (Kimmel 2000). Оған қа-
рапайым дәлел - әлемдегі көптеген ата-аналар ер балаларын ерекше ілти-
патқа бөлейді. Бұл қыздардың өмірі үшін қауіпті болуы мүмкін. Қазіргі
уақытта Үндістанда 6 жасқа дейінгі әрбір 100 ұл балаға 91
ғана қыз бар,
бүл - жыныстар арақатынасының табиғи көрсеткіші емес. Себебі жыл
сайын дүниеге келетін қыздардың саны 600 мыңға аз болатыны байқа-
лады (Economist 2011). Қытайда жыныстар арақатынасының көрсегкіші
одан да жоғары. Екі елде де жыныстар
арақатынасындағы айырмашы-
лық, көбінесе әйел жынысты ретінде анықталған ұрықтарды өлтіріп,
жүктілікті тоқтатудан туындаған. Басқа қыз нәрестелердің өмірі туған
кезде үзіледі немесе олар тамақ жетіспеушілігінен және медициналық
көмек көрсетілмегендіктен жиі қайтыс болады.
Қыздар мен әйелдердің әлеуметтік жағдайы томен болуының
тағы бір зардабы - оларға қарсы көрсетілетін зорлық-зомбылық.
«Human Rights Watch» белгілі халықаралық
ұйымының мәліметіне
сүйенсек, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қатал, жүйелі түр-
де жасалады және қоғам оған гөзімділікпен қарайды. Әйелдерге қа-
тысты зорлық-зомбылық пен дискриминация жаьандық әлеуметтік
эпидемияға айналған» (Human
Rights Watch, 2004). Мысалы, жыл са
йын 1,5 миллионға жуық америкалық әйелге жыныстық қатынасқа
түскен серіктестері (Tjadcn & Thoennes, 2000) қоқан-лоққы көрсетеді
немесе күш қолданады. Кейде ер адамдар да өз серіктестерінен зардап
шегеді. Бірақ олардың қорғанып соққы беруі мүмкін, одан айтарлық-
тай зиян келмейді немесе өлім болатындай
оқиғаға әкеп соқтырмай-
ды (Fox & Zawitz 2004). (11-бөлімде жақын адамдарынан зорлық-зомбы-
лық көру жайында айтылган). Сонымен қатар дүниежүзі тарихында
әскердің халықты бағындыруының жүйелі тәсілі ретінде, сондай-ақ
сарбаздардың «спортпен айналысып, «тынығуы» үшін әйелдерге зор-
лық жасағаны туралы деректер бар.
Ел ішінде де, басқа елдерде де әйелдерге
қатысты зорлық-зом-
былық олардың мәртебесі томен болуына байланысты. Дүние-
жүзінде әйелдердің саны осе келе олар тең құқықты талап етуде.
Әйелдер - күйеуінің немесе әкелерінің мүлкі ретінде есептелетін
дамуы томен елдердің кейбірінде бүл мәдени және құқықтық қүн-
дылықтарды өзгерту қажет екенін байқатады. Қүрама Штаттарда
және басқа дамыған елдерде мұндай
қиындықтар әлдеқайда аз
үшырасады. Бұл мәселелер әлеуметтанушыларды мынадай сұрақ-
тарды зерттеуге әкеледі: «Гендерлік ерекшеліктер қалай дамыды?
Зорлық-зомбылық пен дискриминацияға айналған теңсіздіктің
сақталуына ықпал ететін заңды себеп бар ма?»
Достарыңызбен бөлісу: