Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС



Pdf көрінісі
бет297/482
Дата17.10.2023
өлшемі30,13 Mb.
#116775
түріБағдарламасы
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   482
Байланысты:
1240 leumettanu negizderi

ЖЫНЫС, ГЕНДЕР ЖӘНЕ ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАС
261
Биологиялық айырмашылықтарды
арттыру
Гендерлік әлеуметтену арқылы қыздар мен ұлдар, ерлер мен әйелдер 
«нағыз ер азамат немесе әйел қандай болуы керек» екенін жақсы түсі- 
неді. Бұл идеялар өздігінен орындалатын болжамға айналуы мүмкін, 
себебі ерлер мен әйелдердің биологиялық түрғыдан әр басқа екеніне 
деген сенімнің өзінен-ақ өздерін әртүрлі етіп үстайды (Lorber, 1994). 
Бұл қалай жүмыс істейтінін түсіну үшін Шари Дворкин (2003) спорт- 
тық жаттығу залындағы қатысушыларды бақылап, екі жыл зерттеу 
жүргізген. Екі жаттығу залындағы бапкерлер ер адамның ғана «бүл- 
шық еттері өсуі» мүмкін деп, әйелдерге қауіптенбей ауыр затты кө- 
тере беруді кеңес етеді. Бірақ әйелдердің 25 пайызы «еркектік» бұл- 
шық еттердің пайда болуынан қауіптеніп, ауыр көтеруден мүлде бас 
таргты. Олардың 65 пайызының бұлшық еттері өсе бастаған соң, ауыр 
көтеруді қысқа мерзімге немесе жеңіл салмаққа ауыстырды. Екі жыл 
жаттығулар нәтижесінде бұл әйелдердің бұлшық еттері салыстыр- 
малы қалыпты күйде болды. Олардың бұлшық еттерінің жетілмеген 
себебі - жетілдіруге қабілеті болса да ерлер мен әйелдерге тән ерекше- 
ліктерді, айырмашылықтарды ескере отырып, одан бас тартуды жөн 
көрген.
Биологиялық жыныстық айырмашылықтарды медицина тәжіри- 
белері де күшейте алады. Дәрігерлер кейде қыздардың бойы «тым 
биік» және ұлдардың бойы «тым аласа» болуына жол бермеу үшін 
гормондар қабылдауды ұсынады (Weitz, 2010) Дәрігерлер кішкентай 
кеуделі әйелдерге және пекторалды бұлшық еттері дамымаған ерлер- 
ге пластикалық хирургия ұсынады. Осылайша, ерлер мен әйелдердің 
айырмашылықтары жөніндегі әлеуметтік идеяларды нығайтуға ай- 
наламыздан көріп жүрген «денелердің» өздері көмектеседі.
Биологиялық айырмашылықтар - табиғаттан екендігі туралы 
сенім, шын мәнінде, ерлер мен әйелдердің ұқсас болуын ескермегенде 
күшейеді. Теледидардан ер чирлидер мен әйел футболшыларды емес, 
әйел чирлидер мен еркек футболшыларды жиі көрсетеді. Бұл - әйел- 
дердің ауыр спорт түрлерімен шүғылданбайтынын және «шынайы 
еркектердің» чирлидингке қатысуы қоғамда қабылданбайтынын 
дәлелдейді. Олимпиадалық ойындарда мәнерлегі сырғанаушы әйел- 
дер грация бойынша, ал ерлер жылдамдығы мен күшіне қарай бағала- 
нады. Көрермендер де әргүрлі дағдыларды дамытатын әйел спортшы- 
лар мен ер спортшылар әртүрлі қабілеттерге ие деген сенімде қалады. 
Сондай-ақ атлетикалық ережелер бойынша қыздар ойнайтын баскет­
бол алаңы арнайы өлшемде шектеулі, ал ерлер мен әйел спортшылар- 
дың жарыстарда бәсекелес болуына тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   293   294   295   296   297   298   299   300   ...   482




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет