Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет215/274
Дата20.11.2023
өлшемі35,41 Mb.
#124949
түріБағдарламасы
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   274
2010
).
Түрмелер
Әсіресе есірткіге қатысты салаларда жазаны қатаңдату нәтиже- 
сінде құқық қорғаушылардың жұмысы күрт көбейді. 2007 жылы 
түрмедегілердің саны 1970 жылмен салыстырғанда бес есе өскен 
(Western, 2006; Savage, 2011). Қазіргі уақытта АҚШ-та 2 миллион­
ная астам адам федералдық және штаттық турмелерде, 7 милли- 
оннан астам адам сотқа дейінгі қамау изоляторларында, уақытша 
абақтыларда отыр (Glaze, 2010). 6.3-сызбада көрсетілгендей, АҚШ-та 
түрмеге қамау деңгейі қазір басқа елдердегіден әлдеқайда жоғары 
(Халықаралық түрмелерді зерттеу орталығы, 2011).
Қамалғандардың көбеюі түрмелер мен тергеу изоляторларын- 
дағы жағдайды нашарлатып жіберді. Қызметкерлердің жұмысы 
өте көп, ал қамалғандар өте тар абақтыларға тоғытылған. Мәселен, 
Аризонада қамалғандардың көптігі сондай - оларды шатырларға 
жатқызуға мәжбүр болған, жаз айларында мүндағы ауа темпера-


ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛ ЫҚ, ҚЫЛМЫС ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ
183
ч
і
га

if
П)
3
5
40
ct
га
г
Z
5
§
ч
Q.
ч
I
АҚШ Ресей Африка Ливия Мексика Қытай Канада Италия Франция Германия
6.3-СЫЗБА. 100 мыңадамға шаққанда
сотталушылардыңсаны
Түрмеге қамалғандардың саны жөнінен 
АҚШ бәрінен алда түр. Бүл тұрғыда АҚШ 
Канада сияқты өзіне үқсас елдерден 
ғана емес, Ливия, Қытай сияқты 
диктатуралық елдерден де озып кеткен.
турасы 62 градусқа дейін ысиды (Hensley, 2011). Калифорния түрме- 
леріндегі жағдай адам төзгісіз, 2011 жылы АҚШ Жоғарғы соты мұны 
сотталғандарды заңсыз «қатал әрі шектен тыс жазалау шарасы» деп 
атады. Түрмедегі бүлік пен зорлық-зомбылыққа, негізінен, осы фак- 
торлар эсер етеді (Useem & Goldstone, 2002; Hensley, 2011). Штаттар 
2008 жылдан бері, бюджет тапшылығына байланысты қылмыскер- 
лерді қамаудан басқа, шығыны аз амалдар іздестіре бастады, сон- 
дықтан қамалғандар саны аздап кеміді (Savage, 2011). Осы себептен 
кейбір штаттар белгілі бір мерзімге міндетті түрде бас бостанды- 
ғынан айыру ережесінен бас тартып отыр (Steinhauer, 2009).
Дегенмен АҚШ түрмелеріне әлі де миллиондаған адам қойша 
тоғытылып жатыр. Бүлардың арасында жас, білімсіз әрі кедей афро- 
америкалықтар өте көп (Western, 2006). Түрмеге қамалғандардың 
40 пайызы - афроамерикалық ер адамдар (Әділет министрлігі, 2010). 
Егер осылай жалғаса берсе, үш афроамерикалықтың біреуі түрмеге 
түседі деген сөз (Lyons & Pettit, 2011).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   274




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет