Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет185/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

160
5-ТАРАУ
Қорытынды
1. Өзара қарым-қатынастар айырбас, ынтымақ- 
тасу, бәсеке және конфликт деген төрт негізгі 
әлеуметтік процеспен сипатталады.
2. Топтың тобырдан ерекшелігі - топ мүшелері 
бір-бірін есепке алады және олардың өзара 
әрекеттестігі ортақ мүдде мен өзара тәуелді- 
лікке негізделеді.
3. Эталон топ - адамдар өздерін үнемі салыс- 
гырып отыратын тоитар. Өзімізді жақсырақ 
адамдармен салыстырып, салыстырмалы де- 
привацияға жол береміз, бұл біздің өзімізді 
бақытты сезінуімізге кері эсер етеді.
4. Негізгі топтарға өзара тығыз және бетпе-бет 
әрекеттер тән. Бұлар жекелей қанағаттану 
мен бірлесу үшін маңызды. Бұлар - қоғамдағы 
әлеуметтік бақылаудың негізгі агенттері. Қо- 
салқы топтар үлкен, ресми және жеке адамға 
негізделмеген болып келеді. Бұлар әдетте алға 
қойылтан міндеттерді атқаруға бағытталған 
және қоғам мен жеке тұлға үшін қажетті құ- 
рал қызметін атқарады.
5. Топтың көлемі, басқа топтармен жақындығы, 
ондағы байланыс түрлері және бірлігі топтың 
өзара әрекетке түсуіне эсер етеді. Топтағы өза- 
ра әрекеттестік топ мүшелерінің арасындағы 
бірлік пен келісімге жетелейді, бұл кейде те- 
pic шешімдерді қолдауға мүмкіндік береді.
6. Әр адамның қуатты және әлсіз байланыстар- 
дан түратын әлеуметтік торабы бар. Әдетте біз 
көмекке қатты мүқтаж болғанда өзіміз сенім 
арта алатын адамдармен тығыз байланыс орна- 
тамыз. Әлсіз байланыстар жүмыс іздеу сияқты 
кең ауқымды әлеуметтік торапқа шығу керек 
болған кезде пайдалы. Әдетте ұзақ жыл бойы бі- 
лім алған адамдардың жалпы тыгыз байланы-
Сыни ойлау
1. Facebook сияқты әлеуметтік тораптар негізгі 
топтар ма, әлде қосымша топтар ма? Олар топ- 
тық бірлікке бастай ма? Мысалдармен түсін- 
діріңіз.
2. Өз мінез-құлқыцыздың негізгі топтан гөрі қо- 
сымша топтың әсеріне ұшыраган кезін корсе­
те аласыз ба?
3. Ішкілікке (нашақорлыққа) салынған отба- 
сыңыздың мүшесіне көмектесуге тырысып
сы да, ықпалды адамдармен тығыз байланысы 
да күшті болады.
7. 
Еріктілер қауымдастықтары - мүдделері ор- 
тақ адамдардыц басын қосатын, табыс тап- 
пайтын топтар. Олар негізгі топтардың кейбір 
экспрессивті функцияларын қосымша топтар- 
дың құралдық функцияларымен біріктіреді.
8. Адамдар тығыз, өзара мүдделес тораптарға қо- 
сылып қауымдастық қүрады. Қауымдастық- 
тың ішіндегі әлеуметтік байланьтстар салыс­
тырмалы түрде әлсіз болған күннін, өзінде де 
өз мушелеріне коп эсер етеді.
9. Кешенді ұйымдар - қалыптасқан мәртебелік 
тармақтары бар үлкен ресми ұйымдар. Бюрок­
ратия - тиімділікті барынша арттыру мақса- 
тында құрылған күрделі ұйымдар. Бюрокра­
тия әдетте еңбекті бөлу; иерархиялық билік; 
ережелер мен қағидалар; адамгершіліктен 
ада әлеуметтік қатынастар; карьераға, қыз- 
меттің уақытшалығына, біліктілікке назар 
аудару; тиімділікке баса назар аудару сияқты 
ерекшеліктерімен сипатталады.
10. Қазіргі эаманіы ұйымдардың көбі бюрокра- 
тиялық үлгіге негізделгеніне қарамастан, бір- 
азы классикалық үлгіден әлдеқайда алшақ. 
Макдональдтандыруды сынаушылар: «Бюрок- 
ратияның ұтымдылыққа баса мән беруінің 
иррационал зардаптары болуы мүмкін», - дей- 
ді. Оның үстіне, тиімді бюрократиялардың 
барлыгы қызметкерлерді беріле жүмыс іс- 
теуге ынталандырып, ұжымдық мақсаттарға 
жету үшін ұйымның негізі болатын нормалар 
мен құндылықтарға, яғни ұжым мәдениетіне 
сүйенуі керек.
жүрсіз делік. Мұнда қуатты және әлсіз байла- 
ныстарыңыздың қандай пайдасы тиюі мүм- 
кін?
4. Өз тәжірибеңізде бюрократияның қандай 
функцияларын қолдандыңыз? Онда қандай 
түйткілдер бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет