Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті
ОБӨЖ
Дайындаған: Курбаниязова Роза Рял 22-4
Тексерген: Сыпатаева Салтанат
Ақтау қ. 2022-2023ж
ӨБӨЖ №1 Біздіңмақсатымызазаматтыққоғамқұру Азаматтық қоғам ешқашан бірден орнамаған. Бізтоталитарлы қоғамнан нарықтық қоғамға өттік. Сол кездеазаматтық қоғамның дамуына үлес қосатын институттардыңжұмысы кенжелеп қалды. Азаматтық қоғамның жандануынаүлес қосатын бірден-бір құрылым – үкіметтік емесұйымдар. Біздің елімізде олар 2000 жылдардан бері қарайқалыптаса бастады.
Барлық функциясын орындап, толық орнады деуге ерте, әліде уақытты қажет етеді. Жалпы азаматтық қоғам дегенімізмемлекеттің ішкі мәселелеріне азаматтардың белсенеараласуы. Көптеген шетелде азаматтық қоғам қалыптасқан, сәтті нәтижелерін де көріп жүрміз. Тіпті ауыл-аймақтыңжұмысы да халыққа байланысты. Бізде ең алдымен саясимәдениетті қалыптастыру керек.
Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтінжәне оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастармен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасынқоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын жәнемаңызды тепе-теңдігін білдіреді. Ешкім ешкімге өз түсінігінмойындатуды да, ешкім ешкімді дәлме-дәл қайталауды да мақсат етпейді. Идеялар белгілі қоғамның, әлеуметтікдамудың талаптарына сәйкес келетіндіктен қабыл алынады. Сондай идеялардың қатарына азаматтық қоғам идеясыжатады. Азаматтық қоғам туралы әр түрлі көзқарастар, әртүрлі бағдарлар бар. Қазірде азаматтық қоғамның жалпығабірдей ортақ анықтамасы жоқ. Дегенмен әлемдікәлеуметтік-философиялық ғылымда бұл феномендізерттеудің екі түрлі бабы бар. Біріншісі азаматтық қоғамдыәлеуметтік әмбебап категория ретінде қарастырады. Бұлұғымға олар мемлекетке, өкімет құрылымдарына қарама-қарсы қойылған қоғамдық қарым-қатынастардың бүкілжиынтығын сыйғызады.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саясиқорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдiдaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдыңдамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқанәpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiнебағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмныңмаңызды белгiсi болып табылады. Дамыған демократиялықмемлекеттер, сонымен қатар өркендеген азаматтыққoғaмaдap да болып табылады. Сонымен бiрге азаматтыққoғaмның дамуына бағытталған түрлi әлеуметтiк топтардыңнемесе жеке азаматтардың бастамалары (азаматтықбастамалар аталынатын) мемлекет арқылы қабылданадыжәне оны жетiлдiре түceді.
ӨБӨЖ №2 Отбасыжәне ұлттық дәстүрлер Бала тәрбиесі тек мектеп қабырғасында ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, адамның жер қойнына берілгенге дейінгі өзі көріп - білген салт - дәстүрлер, әдет - ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары. Салт - дәстүр, әдет - ғұрып атадан балаға қалып отыратын мол мұра. Әр ұлттың өзіне тән салт - дәстүрі бар. Сол сияқты әр отбасының да салт - дүстүрлері бар.
Дәстүр әр халықтың өмірі мен сол қоғамның өзіндік ерекшеліктері негізінде қалыптасады. Кең байтақ даланы мекендеген халықта бір тіл, бір әдет-салт, бауырмалдық, қонақжайлылық қалыптасқан.
Қонақжайлылық – «қонағы айтпай қонатын, көршісі айтпай кіретін» халқымыздың қанына сіңген дәстүрлік әдебі. Қонаққа үйдің төрін, астың дәмдісін ұсынып, соған бір жасап қалу – ежелден келе жатқан ескі салтымыз. Қонақты ақжарқын көңілмен жақсылап күту – көргенділік, адамгершілік, азаматтық қана емес, тіпті міндет болған десек, артық айтқандық емес. Мұның бәрі де қонақжайлылық, меймандостық дәстүрді берік сақтау, оны бұзуға жол бермеу мақсатынан туындаған.
Құда түсу – қазақтың мәртебелі әрі жарасты салт-дәстүрлерінің бірі. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыздың әкесі келісім берген соң, құдалықтың жөн-жоралғысы жасалады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады.
Ұзатылатын қыздың әкесі құда түсіп келген құдаларға құйрық-бауыр жегізіп, құдалық рәсімнің орындалғанын көрсетеді.
«Тойдың болғанынан болатыны қызық» демекші, үйлену салты негізінен, үйленуге дайындық, құдалық, той және тойдан кейінгі әдет-ғұрыптар сияқты бағыттардан құралады
Той - қазақтың қазынасы. Ата-ана бала дүниеге келген күннен бастап, әр кезеңдегі қуанышын үлкен дүбірмен атап өтіп отырған.
Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән берген халық. Ата-баба аруағын сыйлау, оған жүгіну – ежелгі салтымыз. Дәстүрге халықтың әдет-салты, күнделікті тіршілігінің ауқымы, адамдардың қалыптасып үйренген мінез-құлқы – бәрі де кіреді.
Қазақ халқының суды қадірлемеу, қорламау жөнінде де неше түрлі аталы сөздерін естиміз. Талшыбықты ат қып мініп ойнап жүрген балаларға ата-анасы, үлкендер «суды сабама», «бұлақты лайлама», «суды сапырма» деп жасынан үйретеді. Ал мал суаты болған бұлақ бастарын таза ұстап, оның көзін жыл сайын балдыр-батпақтан тазалап, су көзінің бітеліп қалуынан, не құрып кетуінен сақтаған. Ал бір ауылда той болып, не ас беріліп жатса, басқа ауылдар сол ауылға сусын үшін, саба-саба қымызын өздері ішпей, жиып тегін артып барады. Әрине, мұндай дәстүрлер біріншіден қасиетті ел берекесі болса, екіншіден суды, сусынды қадірлеу дәстүрі.
ӨБӨЖ №3 Қазіргі уақытта бізге қызықты да қажетті мамандықтар көп. Күннен күнге жоғарғы білім беру орындары: институттар, университеттер және де академиялар түрлі мамандықтағы жоғары білімді мамандарды дайындап шығаруда. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен.
Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Иә, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақындар да, тегеуріне темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып терін төккен шопан да бәрі-бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы.
Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. Мен бастауыш сынып мұғалімі болғым келеді. 1 – ші қыркүйек күні мектеп табалдырығын алғаш аттап отырған жас бүлдіршіндерді өз қамқорлығыңа алып, оқытудың өзі қандай керемет. Мектепке алғаш келген кезден 1, 2, 3, 4 сыныптты бітіргенге дейін оқушылардың білім деңгейлері едәуір толығады.
Мұғалім оқушыны оны қоршаған ортамен таныстырады. Оқушы табиғат жайында, яғни, жануарлар мен өсімдіктерді, адамдар мен заттарды жақын танып біледі. Мұғалім деген дәрежеге лайық болу үшін мектептің білімімен шектеліп қана қоймай, колледж немесе жоғарғы оқу орнын оқуы қажет. Мекепте білім беру үшін көптеген пәндерді жетік меңгеру басты міндеттердің бірі болып табылады.
Мұғалімде балаға деген сүйіспеншілік пен махаббат және жылулық болуы қажет. Балаларды шын жақсы көріп түсіне алатын адам ғана нағыз мұғалім бола алады. Себебі, балалардың мінезі әртүрлі болып келеді: ұшқалақ, ұқыпты, сабырлы, тұйық және де ұялшақ. Бірақ, бұған қарамастан мұғалім барлығына бірдей қарауы қажет және де қиын мінезді балалармен жұмыс істеу барысында мұғалім көп күш жұмсауына тура келеді өйткені жақсы нәтижеге қол жеткізу қажет.Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жан дегенде жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызды көпшілдікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет.
Мұғалім жақсы психолог бола білуі қажет.«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай, әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаймын.
Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз болашақ мұғалімдердің еншісінде.
ӨБӨЖ №4 Менің университетім-менің мақтанышым
Менің жоғары оқу орным - менің мақтанышым деп ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеде. Бала кезімізден бастап үлкен-үлкен ғимараттардан қолдарына кітаптарын ұстап шығып келе жатқан студенттерге қызығушы едік. Енді міне өзіміз де өзгелер қызығып та, қызғанып та қарайтын білдей бір студент болдық. Көптеген еліміздің көшбасшысы болып жүрген танымал адамдардың ізін басып, мен де Есеновқа арманның жетегіне еріп түстім. Бұл таңдауыма бірде-бір рет өкінген емеспін. Жан-жақты білім, қызықты студенттік шақ, әр-түрлі концерт, олимпиада, студенттің білімге қызығушылығын арттыратын түрлі іс-шаралар, мұның барлығы сөзсіз студентті алға жетелейді. "Жаста оқыған оқуың - тасқа жазғанмен бірдей" дегендей қатарластарымызбен жарыса оқу оқимыз. Неліктен Есенов? Не үшін мен осы жоғары оқу орнын таңдадым? Оған бірнеше себеп бар:
1. Ш.Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар мен инжинирниг отандық университеттер ұлттық рейтінгісінің көшбасшысы жəне QS халықаралық рейтінгісінде əлемнің 800 үздік университеттері арасында 220 орынды алады, Университет 13 позицияға жоғарылап, 207-ші орынға тұрақтады. Бұл - университетіміздің үздіксіз даму үстінде екендігін көрсетеді.
2. Университеттік кампуста заманауи оқу ғимараттары, ғылыми инфрақұрылым, кітапхана, интернет-орталық, фудкорттар, спорт кешені, кинотеатр, «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, Студенттер сарайы, әскери кафедра, бассейн, «Жас ғалымдар үйі» бар. Студенттерегe ыңғайлы жатақханалардан орын беріледі.
3. 16 факультетте 86 мамандық бойынша жоғары білім (бакалавриат) алу, магистратура мен PhD докторантурада оқуды жалғастыру мүмкіндігі бар. Оқу үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.
4. Жоғары және арнайы орта білім негізінде білім алу. Оқудың түрлері: күндізгі және қашықтықтан оқыту.
5. Үздіксіз білім беру жүйесі: бейіндік мектеп, колледж, бакалавриат, магистратура, PhD докторантура – сәттілікке бастар жол! Мұның барлығы басқа жанға асыра мақтау болуы мүмкін, бірақ, Есенов - мүмкіндіктерге толы инновациялық мекен екендігін мойындауымыз керек. Бұл жетістіктер Есенов еңбек ұжымының, ұстаздардың қажырлы еңбегі мен университет басшылығының жұмысты парасатты да сапалы ұйымдастыру білуінің арқасы екендігінде сөз жоқ. Отандық және шетелдік жұмыс нарығында бәсекеге қабілетті жоғарыбілікті де білімді мамандарды даярлап, кадр потенциалын құруды басты мұраты еткен ҚазҰУ-лықтардың негізгі мақсаты – классикалық ұлттық университеттен әлемдік деңгейдегі зерттеу университетіне айналу. Қазіргі таңда, оқу орнымыз студенттеріне білім алуға барлық мүмкіндікті беріп отыр, ал оны миға тоқып, университетіміздің деңгейін көтеру - біздің қолымызда!