Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет187/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Бейресми қоғамдық бақылау-
достарымыз, қызметтестеріміз 
және айналадағы басқа адамдар- 
дың бізді орынсыз әрекет жасаудан 
бейресми түрде тыйып отыруы.
Ресми қоғамдық бақылау -
айыппүл салу, жұмыстан не 
топтан шығару, қамау сияқты 
әкімшілік жазалар қолдану 
әдісі ресми қоғамдық бақылауға 
жатады.
Конформизмді түсіну
Адамдардың неліктен ережені бұзатынын түсіну үшін, алдымен көп- 
шіліктің неліктен көбінесе ережеге бағынатынын түсінуіміз қажет. 
2-тарауда айтылғандай, ережеге бағынуға ынталандыратын күштер 
мен процестер әлеуметтік бақылау деп аталады. Әлеуметтік бақылау 
үш форма арқылы жүзеге асады:
• 
өз-өзімізді іштей бақылау арқылы;
• 
бейресми бақылау арқылы: достарымыз бен жақындарымыз 
ережеге бағынганымызды құптап, ереже бұзғанымыз үшін жа- 
залайды;
• 
ресми бақылау арқылы: мемлекет немесе басқа органдар ереже 
бұзушылықты тыйып отырады.
Адамдар өз топтарының нормаларын қабылдап, оларды өз сенім 
жүйесі мен бірегейлігінің бір бөлігіне айналдырғанда өз-өздерін іш- 
тей бақылай бастайды. Біз дүкен тонаудан, сыныпта қатты кекіруден 
өз-өзімізді тыйғанда полиция тұтқындайды, я сыныптан шығарып 
жібереді деп қорыққаннан емес, ішкі құндылықтарымыз бен адами 
болмысымызға қайшы келетіндіктен ондайға бармаймыз.
Өз-өзімізді бақылауға 
бейресми қоғамдық бақылау 
қосылады. 
Достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа адамдар бізді 
орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отырады. Сондықтан 
ішкі құндылықтарыңыз шашыңызды тықырлап алып тастауға (егер 
әйел адам болсаңыз) немесе тырнағыңызды қызғылт лакпен бояуға 
(егер ер адам болсаңыз) рұқсат бергенімен, достарыңыз безіп, ата-анаңыз 
сыртқа теппеуі үшін және көршілеріңіз күлмеуі үшін олай істемейсіз.
Ал егер сізді бұлардың ешқайсысы тоқтата алмаса, онда сіз ресми 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет