Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет283/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Байырғы америкалықтар
Тарихи ш олу
Байыргы америкалықтар («Америкалық үндістер») Солтүстік Амери- 
каны мекендеген жергілікті түрғындардан тараған. Олардың ата-ба- 
балары АҚШ қогамының қүрамы болуды өз еркімен шешкен жоқ. Ға- 
сырлар бойы оларга куш көрсетіліп, бағындыру көзделген. Жанжал,


НӘСІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОСТЫҚ ТЕҢСІЗДІК
247
конфликтілер аяқталған соң да АҚШ үкіметі байырғы америкалық- 
тардың еш құқығы жоқ деп кедейліктен шығармау саясатын ұстанған 
(Wilson, 2000). Мысалы, 1838 жылы үкімет байырғы Америка халқын 
Миссисипи өзенінің шығыс жағалауынан күштеп көшірген. Олардың 
көбі фермерлер болған, ешқайсысы АҚШ үкіметіне қарсылық көрсет- 
кен емес. Олар АҚШ-тың оңтүстік бөлігінен жаңа «Үндістер терри- 
ториясы» - Оклахомаға көшірілді. Бұл «мұңлы сапарда» мыңдаған ер 
адам, әйелдер мен балалар аштықтан, әлсіздіктен және түрлі аурулар- 
дан қайтыс болған. Өнімсіз өңірлерде қоныстанған соң да көбі өмірден 
кетті.
Бір ғасыр өтпестен АҚШ үкіметі басқа да байырғы америкалық- 
тарды шөлейтті жерлерге мәжбүрлеп көшірді. Олар тұрып жатқан 
жерлерді ақ нәсілді америкалық ұнатып қалса жерін тартып алған. 
Жергілікті топ мүшелерінің дауыс беру құқығы болмаған, ал бала- 
ларының сана-сезімдерін «тазарту» үшін бірнеше жылға интернатта 
оқуға мәжбүрлеп жіберген (Wilson, 2000). Ұлттық сайлауда дауыс бе- 
руге 1924 жылға дейін, ал жергілікті сайлауда дауыс беруге 1960 жыл- 
га дейін тыйым салынған (Wilson, 2000). Бұдан кейін де дискрими­
нация сақталып, 1968 жылғы америкалық үндістердің көтерілісіне 
әкеп соқтырды.
Қазіргі жағдай
Байырғы америкалықтар (америкалық үндістер) АҚШ-ты құрайтын 
азшылық топтардың бірі болып есептеледі (жалпы халықтың 1 па- 
йызын ғана құрайды). Жартысына жуығы төрт штатта ғана өмір сү- 
реді: Оклахома, Аризона, Калифорния және Нью-Мексикода. Бәлкім, 
байырғы америкалықтар қоғамның ең көп зардап шеккен азшылық 
тобы шығар. АҚШ-тағы нәсілдік және этностық топтардың арасында 
олардың білім көрсеткіші ең төмен, ал ішімдік ішу мен мезгілсіз қаза 
болу көрсеткіші ең жоғары деңгейде (Kao 
&
Thompson 2003). Ақ нәсілді 
америкалықтарда жергілікті америкалық тайпалар казинолар арқы- 
лы жетістікке жетті деген ой қалыптасқан. Казинолар үлкен қалалар- 
ға жақын орналасса ғана көп пайда келтірген. Казинолар, шынымен, 
тайпалық үкіметке қажетті табыс әкеліп, мектептер мен үй мәселе- 
сін шешуге, сонымен қатар өз топтары ішіндегі кедейлікпен күресуге 
ықпал етті (Conner & Taggart, 2009; Evans &Topoleski, 2002). Алайда ка­
зинолар санының өсуі қылмыс пен тәуелділіктіліктің көбеюіне әкеп 
соқтырды (Evans ScTopoleski, 2002).
8.2-кестеде оңтүстік Дакотада орналасқан Пайн Ридж аумағындағы 
30.000 халқы бар Оглало Сию тайпасыныңжағдайы сипатталады. Байыр- 
ғы америкалықтардың мәртебесі эр алуан. Олар 200-ге жуық тайпалық 
топтардан тұрады, өздеріне тән мәдениеті мен тілі бар. Кейбіреулері бір- 
шама жетістіктерге жеткен: солтүстік батыста - балықшы фермерлер; 
Вайомингте - мал шаруашылығымен айналысатындар, М^йнде - ко- 
nip салушылар. Қала аймақтары мен Миссиссипидің шығыс жаға- 
лауында ақ нәсілді америкалық қоғамның әсері басым болғандықтан 
көптеген жергілікті америкалықтар бір мәдени ағымға тоғысып, жеке 
экономикалық жүйе құрған. Солай бола тұра Пайн Ридж сияқгы ре- 
сурстары шектеулі оқшауланған (және казиноларға көпшілікті тарту 
мүмкіндігі жоқ) аймақтарда өмір сүретін түрғылықты америкалық- 
тардың әлеуметтік-экономикалық жағдайы томен және тұрмыстары 
нашар. Сонымен қатар байырғы америкалықтар оқшау тұратын ай- 
мақтарға жақын қалалардағы ақ нәсілді америкалықтар арасында 
тараған бұрмаланған пікір мен дискриминация кесірінен көп түйт- 
кіл шығып түрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет