Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет286/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

250
8-ТАРАУ
Аралас нәсілді америкалықтар
Өздерін екі не одан да көп нәсіл өкілі деп санайтын тұлғалар АҚШ 
халқының 2,9 пайызын құрайды (Humes, Jones & Ramirez, 2011). Бұл 
көрсеткіш томен болғанымен, екі себептен елеулі өзгеріс болғанын 
байқатады. Біріншіден, араласұлтты америкалықтар саны соңғы жар­
ты ғасырда 20 есе өсті. Екіншіден, ата-анасының нәсілі/ұлты әртүрлі 
балалар бір ұлтты емес, аралас үлтты деп анықталғаны - Америка та- 
рихында бірінші рет орын алған жағдай.
Өздерін аралас ұлтты деп санайтын америкалықтардың саны неге 
өсіп келеді? Бұрынғы уақыттарда аралас ұлтты балалар көптеген жағдай- 
да зорлық зардабынан дүниеге келген, олар туған әкесінің ұлтын анық- 
тауға ынталы болмаған. Өткен он жыл шамасында адам өз ұлтынан басқа 
ұлт өкілімен тұрмыс құрса, отбасы олардан бас тартқан. Сондықтан олар- 
дан туған балалар бір ата-анасының туысгарымен ғана тұрып, өзін сол 
ұлттанмын деп өскен. Қазір бір отбасында әртүрлі ұлтты ана-анасынан 
туған балалардың көпшілігі сүйіспеншілікпен дүниеге келіп, оларды 
екі жақтың туыстары да қабылдайтын болды. Осының нәтижесінде бір 
үлтын ғана көрсету, отбасының толық еместігінің белгісі болып санала- 
ды. Сондықтан америкалықтар өздерінің үлтын белгілеп көрсетуі үшін 
көптеген қүжаттарды толтыруы қажет. Бұл адамдардың өздерін аралас 
ұлтты деп ашық түрде белгілеуіне алып келеді (Da Costa, 2007).
Аралас үлтты қоғамның өсуіне қарамастан, америкалықтардың 
көпшілігі өздерін белгілі бір ұлтқа жатқыза алмай, ыңғайсыз жағдай- 
ға қалады. Мысалы, гольф спортының жұлдызы Эльдрик «Тайгер» 
Вудс оны афроамерикалық деп атаған журналистерге өзінің арғы ата- 
ларының екеуі байырғы америкалық, төртеуі азиялық, біреуі еуропа- 
лық болғанын әрдайым айтып түсіндіреді.
АҚШ-тағы нәсілдік және
этностық теңсіздіктің
болашағы
Соңғы онжылдықта аз ұлт топтарының әлеуметтік мәртебесі біршама 
жақсарғаны байқалады. Оның дәлелі - афроамерикалықтың АҚШ пре­
зидент! болып сайлануы. Сөйтсе де теңсіздік әлі сақталып отыр. Бұл қо- 
рытынды тарауда нәсілдік және топтық жіктеуге қатысты ой-пікірлер 
келтіріледі және теңсіздікті жою стратегиялары сипатталады.
Қосарланған жаза қаупі - 
стратификация жүйесінің 
екі өлшемі бойынша адам 
мәртебесінің томен болуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет