Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of


ОТ БАСЫ 331 11.2-КЕСТЕ. Алғашқы некеніңон жыл ішінде буэылу ықтималдығына эсер ететін



Pdf көрінісі
бет375/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ОТ БАСЫ
331
11.2-КЕСТЕ. Алғашқы некеніңон жыл ішінде буэылу ықтималдығына эсер ететін
факторлар
Ажырасумен аяқталгаи, %
Жалпы 
23%
Н е ке ле су ж асы
<18 
48
18-19 
40
20-24 
29
23 және одан жоғары 
24
Б іл ім і
12 жылдан кем 
42
12 жыл 
36
13 жыл және одан жоғары 
29
Н екесіз б а л а л а р ы бар
Иэ 
31
Жоқ 
50
Н эсілі
Ақ 
32
Латынамерикалық 
34
Азиялық 
20
А ж ы р а сқа н а т а -а н а л а р д ъ щ б а л а л а р ы
Иә 
43
ЖОҚ 
29
ДЕРЕККӨЗ: Biamletl & Mosher (2002).
• 
Ата-анасы ажырасқан. Ата-анасы ажырасқан адамдардың өздері 
де ажырасып жатады.
• 
Некелеспей жатып балалы болу. Некесіз баланы дүниеге әкелу 
келесі некелердің тұрақсыздығына себеп болады. Алайда тұрмыс 
қүрмаған әйел босанғанға дейін некесін қидырса, бұл - отбасы 
басқаларына қарағанда берік болуы мүмкін.
• 
Білімі. Білімі жоғары болған сайын ажырасу да төмен болады. 
Колледж бітіргендердің ажырасуы басқаларға қарағанда екі есе 
сирек, өйткені олардың көбі толық отбасынан шығады, неке- 
сіз бала тумайды және ақыл тоқтатып барып үйленеді (Hurley,
2005).


332
11-ТАРАУ
• 
Нәсілі. Афроамерикалықтар «ақтарға», латынамерикалықтарга
немесе азиялықтарға қараганда көбірек ажырасады, алайда уақыт
өте мұндай айырмашылық азайып келеді (Теасһшап, 2002).
Қрғамдықдеңгейдегі факторлар
Некелесу жасы, ата-аналарының ажырасқан болуы, некесіз бала туу, 
білімі және нәсілі кез келген отбасының бақытты не бақыгсыз бо- 
луына эсер етеді. Алайда мұндай жеке сипаттамалар алғашқы неке- 
лердің 40-50 пайызы не үшін ажырасатынын, ал бір гасыр бұрын бүл 
көрсеткіш неліктен небары 10 пайыз ғана болғандыгын түсіндіре ал- 
майды (Kreider, 2005). Ажырасудың көбеюі жеке бастың мәселесі ғана 
емес, әлеуметтік үлкен мәселе және оны гүсіндіру үшін әлеуметтік 
қүрылымга тереңірек үңілу керек.
АҚШ үшін ажырасу санының өсуі таңгаларлық жагдай емес. 
АҚШ-та ажырасу деңгейі үнемі жоғары болғанмен, басқа дамыган 
елдерде де экономикалық немесе әлеуметтік мәселелерге байланыс- 
ты ажырасу дендеп келеді. Біріншіден, өткен ғасырларда неке - де­
ген отбасын құрған екі адамның арасындагы экономикалық келісім 
болатын, ал қазіргі неке эмоционалдық сезімдерге толы, махаббатқа 
негізделген, адам өміріндегі өзге қарым-қатынастардан анағүрлым 
пайдалы болады деп күтеміз. Осы иікір кец таралғандықтан некеле- 
рі ойдағыдай болмай қалған жағдайда ажырасам деушілер көбейді 
(Coontz, 2007).
Экономикалық өзгерістер ажырасуға бейім адамдарды көбейтті. 
Өгкен ғасырда адамның ең қүнды активі 
қүрал-сайманы немесе 
жері болатын. Ажырасқан кезде осы активтен айырылатын немесе 
оны бөлісуі керек болатын, сондықтан жүбайлар ондай әрекетке бара 
бермейтін. Қазіргі кезде орта таптың негізгі активі білімі мен тәжіри- 
бесі болып отыр. Ал бүл актив материалдық болмағандықтан, ажы­
расу бұрыигыдай қорқынышты болып көрінбейді. Экономикадағы 
өзгерістер төмен және орта деңгейдегі әйел мен ердің өзін және от­
басын қамтамасыз етуін қиындатып жіберді. Сөйтіп, экономикалық 
қиындықтар отбасындағы қарым-қатынасты зор күйзеліске алып 
келеді, соңында ажырасуға дейін жетеді. Әйелдердің өзін-өзі некесіз 
де қамтамасыз етуге мүмкіндігі молайған сайын ажырасу дұрыс ше- 
шім сияқты көрінуі мүмкін. Осындай өзгерістердің барлығы ерлі-за- 
йыптылардың отбасын сақтап қалуына мұрша бермейді. Дегенмен 
ажырасқан адамдар әсіресе жастар, «ақ» америкалықтар және ерлер 
қайтадан отбасын қүруға тырысады, (Coleman, Ganong, & Fine, 2000).
Б ұ л б і з г е н е б е р е д і ?
Отбасы сипатының озгергендігіне қарамастан, балаларға экономи- 
калық түргыдан, басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету қайырымды- 
лықтыңқайнаркөзі ретінде қалып отыр. Сондай-ақотбасы-өз-өзіңді 
багалауды дамытатын, өзгелермен қарым-қатынас жасауға үйрете- 
тін және қогамдық нормаларды меңгеретін маңызды бірлестік. Отба- 
сылық қатынасты сипаттайтын берік махаббат, іңкәрлік сезімінсіз 
мақсаттарды орындау қиын, тіпгі мүмкін емес. Осылайша, отбасы 
қоғамға пайдалы азаматты тәрбиелеуде маңызды рел атқарады.
Отбасының балалық шақ үшін ғана емес, бүтін өмір үшін маңы- 
зы зор. Әрдайым қалаганына қол жеткізе алмағанымен махаббат, 
эмоционалдық қолдау, қаржылай көмек және жай ғана тілдесу қажет 
болғанда отбасы мүшелері бір-бірінің жанынан табылады. Егер жол




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет