386
13-ТАРАУ
Кейбір капиталистік елдер демократиялық, кейбірі авторитар-
лық болып келеді. Мәселен, АҚШ пен Жапонияның экономикасы - ка-
питалистік, саяси жүйесі - демократиялық. Сингапур мен Сауд Ара-
биясында - капиталистік экономика, бірақ авторитарлық саяси жүйе.
Оларда сайлау не мүлде өтпейді, өтсе де, мәнсіз-мағынасыз болады.
Бұл мысалдар бізге капитализм де, социализм де авторитарл ық немесе
демократиялық жүйеде жүре алатынын көрсетеді.
Жекешелендіру және АҚШ-тың саяси экономикасы
Бүған дейін байқағанымыздай, АҚШ - капитализм а негізделген де-
мократиялық ел. Бұл жүйенің капиталистік негізі мемлекеттік қыз-
меттерді жекешелендіру процесінен көрініс табады. Жекешелен діру -
мемлекеттік қызметтердің корпорациялар ретінде «төселу» процесі,
осы қызметтердің корпоративтік үлгіде қайта қаралуы немесе оларды
үкіметтің жауапкершілігі емес, қайтадан жеке таңдау ретінде бел-
гілеу (Hacker, 2006; Jurik, 2004).
Мысалы, кейбір қалаларда мемлекет суы жекеменшікке арзан
бағамен жеткізіледі, содан кейін олар суды сүзгіден өткізіп, қымбатқа
сатады. Дегенмен ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша, мемлекеттік
су жүйесі бойынша келетін су Perrier, Calistoga Springs сияқты басқа
да жеке фирмалардың суынан әлдеқайда қауіпсіз (Public Citizen 2006).
Көптеген мемлекеттік университеттер корпорацияларға еліктеп, про-
фессорларды жұмысқа шақырғанда, оқытуы мен зерттеулерінің сапа-
сына емес, соның негізінде патент алуға және ақшалай грант үтуға
мән беретін болды (Washburn, 2006).
Жекешелендіруді жақтаушылар мүдделі тұлғаларды ынталан-
дыру үшін мемлекеттік қызметтерге бұл аса тиімді деп санайды. Ал
қарсы пікірдегілер сумен қамту жүйесін және тағы сол сияқтыларды
тексеретін профессорлар мен ғалымдар барынша мол табыс табу емес,
АҚШ қоғамының пайдасына негізделген шешімдер қабылдауы қажет
екендігін алға тартады.
Достарыңызбен бөлісу: