Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет430/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

Аралас экономика
Қазіргі кезде батыс қоғамында капиталистік және социалистік эконо- 
микалық қүрылымдар қатар жүреді. Көптеген елдерде пошта, темір 
жол және негізгі энергетика салалары сияқты қызметтер әлеумет- 
тендіріліп жагыр. Бүл - соцализмнің таза идеализмнен туындауы 
емес. Мемлекеттік меншік көп жағдайда өмір сүруге қажетті, бірақ 
тиімділігі төмен қызметтердің жалғасуын қамтамасыз етудің үздік 
тәсілі ретінде қарастырылады. Мысалы, денсаулық сақтау мен білім 
беру сияқты өзге қызметтер іиіінара әлеуметтендірілген. Өйткені 
қоғам бұл қызметтердің кедейлер үшін қол жетімді болмауы этикаға 
сай келмейді және оларды ашық нарықта қамтамасыз ету тиімсіз деп 
санайды.
Норвегия және Швеция сияқты бірқатар елдерде әлеуметтік қыз- 
мет көрсету «әркімнен қабілеті жеткенше, әркімге сұранысына қарай» 
деген қагидадан ілгері жылжыды. Әлі күнге дейін денсаулық сақтау 
мен білім беру саласында теңсіздік бар, бірақ бұл салалардағы ақылы 
қызметтерге қарағанда, бұл теңсіздік елеусіз болып көрінеді.
Басқа Батыс елдерімен салыстырғанда, АҚШ капиталистік эко­
номика жүйесіне жақын. Республикалық партия әлеуметтік қыз- 
меттердің үкімет тарапынан көрсетілуін қысқартуды талап етті. 
Ал Демократиялық партия, керісінше, көбейту керек деді. Бола-


САЯСАТ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА
385
Н азар
а у д а р ы ң ы з
ЖАҺАНДЫҚ КӨРІНІС
Ш в е ц и я д а ғы д е м о к р а - 
т и я л ы қ со ц и а л и зм .
Ш
вецияда өмір сүріп, жүмыс істеген 
қалай болар еді? Егер сіз науқас
мүгедек немесе кәрі болсаңыз, сапалы 
қоғамдық көлікке; өтемақы алуға; жайлы 
үйдің қолжетімділігіне; колледжде, аспи- 
рантурадажәнекәсіптікдайындықкезінде 
тегін білім алуға кепілдігіңіз болар еді. Егер 
нәрестелі болып жатсаңыз немесе бала 
асырап алсаңыз, бала күтіміне байланы- 
сты не сізге, не жүбайыңызға бір жылдық 
ақылы демалысқа шыгуға мүмкіндік бар. 
Ал жұмысқа қайта шыққан кезде бала- 
ңыз мемлекеттен қаржыландырылатын 
жоғары сапалы балабақшамен қамты- 
лады. Осындай жецілдіктердіц орнына 
жалақыцыздың 25 пайызы федералдық 
табыс салығына және тағы соншасы жер- 
гілікті сәлықтарға аударылады.
Швеция - экономикасында капи­
тализм мен баршаға арналған елеулі 
әлеуметтік жэрдемақылар аралас келе- 
тін демократиялық-социалистік қоғам 
Швецияда демократиялық жүйе болған- 
дықтан, халқының көп бөлігі осындай 
жәрдемақыларды алып, орнына көлем- 
ді салық төлеуге дауыс берген. Бірақ
Швецияның экономикасы үнемі мүндай 
болған жоқ.
Швецияның 
саяси 
экономикасы 
қарқынды жүмысшылар қозғалысының 
көбеюінен пайда болды (Molin, Amark & 
Misgeld 2000). 1870 жылдары Швецияда 
индустриализацияның басталуына бай- 
ланысты касіподақ мүшелері қоғамды 
жұмыспен қамту және әлеуметтік бағ- 
дарламалар, еңбекақының әділ төленуі 
мәселелерімен айналысатын саяси со- 
циал-демократиялық 
партия 
қүрумен 
шүғылданды 1914-1917 жылдары Ресей 
коммунистері революция жасап, күресте 
жеңіске жетіп жатқан кезде Швецияның 
социал-демократиялық партиясы парла- 
менттегі орындар үшін таласты. 1920 жыл­
дары билікті қолына алғаннан кейін 1932 
жылы социал-демократиялық партия ма­
цы зды сайлауда жеціске жетті. Сол кезден 
бастап партия парламенттік сайлауларда 
басым түсіп отырды Бүл жағдай әлеумет- 
тік дамудың тамырын тереңге жаюға сая­
си мүмкіндікберді.
Мемлекеттің игі жетістігі «қоғам әр- 
бір мүшесіне қамқор болуы керек» деген 
көне шведтік қағидаға сенімнің бір көрінісі. 
Бүл көзқарас швед халқының мәдени бір- 
тектілігінен пайда болған 1980 жылға дей-
шақта социалистік және капиталистік қағидалардың үйлесуі тек 
экономикалық жағдайды ғана емес, сонымен қатар саяси жағдайды 
да көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   426   427   428   429   430   431   432   433   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет