Бағдарламасы аясында іске асырылды David В. Brinkerhoff, Rose Weitz, Suzanne T. Ortega essentials of



Pdf көрінісі
бет497/530
Дата15.12.2023
өлшемі30,13 Mb.
#138334
түріБағдарламасы
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   530
Байланысты:
Әлеуметтану негіздері

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЗГЕРІСТЕР
445
Технология және әлеуметтік өзгерістерге
теориялық көзқарастар
XIX ғасырдан бастап әлеуметтанушылар технология мен әлеуметтік 
өзгерістердің арасындағы байланысты зерттеді. 1-бөлімнен байқа- 
ғанымыздай, көптеген әлеуметтанушылар өндірістік революция- 
ның салдарын және одан туындаған әлеуметтік өзгерістерді бақы- 
лау үшін ғылыммен айналыса бастаған. Бұл тарауда технология мен 
әлеуметтік өзгеріс арасындағы байланыстардың құрылымдық-функ- 
циялық және конфликт теориялары тұрғысынан түсіндірілуі қарас- 
тырылады.
Қурылымдық-функциялық теория: технология және
эволюциялық әлеуметтік өзгерістер
Құрылымдық-функциялық теория, ең алдымен, әлеуметтік құры- 
лымның ұйымдасңан тәсілмен бір қалыпта сақталуын зерттейді. Бі- 
рақ қоғам мен мәдениеттің өзгеруін де назардан тыс қалдырмайды. 
1-тарауда айтылғандай, құрылымдық-функциялық теория бойынша 
өзгеріс эволюция арқылы жүзеге асады: әлеуметтік құрылымдар жаңа 
сұраныстар мен талаптарға кезең-кезеңімен бейімделеді, ал ескірген 
үлгілер, ойлар және құндылықтар біртіндеп жойылады. Осындай эво- 
люцияға түрткі болатын жаңа сүраныстар мен талаптар технология- 
лық жетістіктер болып саналады.
Өзгерістер эволюциялық жолмен жүргенімен әрдайым біркелкі 
болмайды. Оның себебі - мәдениеттің бір тұсындағы өзгеріс басқала- 
рына эсер етеді. Құрылымдық функцияшылдар мәдениеттердің мұн- 
дай өзгерістерге бейім келетінін, бірақ бейімделу белгілі бір уақытты 
қажет ететінін айтады. Соның салдарынан қоғамдар «мәдени кешігу- 
ді» сезінеді. Бұл ретте мәдениеттің кейбір салалары өзге салалардағы 
өзгерістерден кейіндеп қалады. Мысалы, 1870 жылы фабрикалардың 
көбеюі өндірістік апаттарды көбейтті. Бірақ жүмысшылардың өн- 
дірістік жарақатына өтемақы төлеу туралы заңнамалар 1920 жылға 
дейін қабылданбады. Яғни 50 жылға жуық мәдени кешігу байқалды. 
Мәдени кешігу - әлеуметтік құрылым жаңа технологияларға бейім- 
деліп жатқан кезде болатын уақытша кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   493   494   495   496   497   498   499   500   ...   530




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет