ГЛОССАРИИ А Авторитарлық жүйе - халық басқарушыны
таңдай алмайтын және заң жүзінде ауыстыра
алмайтын саяси жүйе.
Азаматтық дін - Батыс елдерінде (мысалы, АҚШ-
та) салт-дәстүрлерді, наным-сенімдерді және
рәміздерді қастерлеп сақтауға ықпал ететін
сенім жүйесі.
Азшылық топ - мәдени, экономикалық және сая
си тұрғыдан бағынышты топ.
Айнымалы шама - бір адамнан немесе топтан ке-
лесісіне ауысқанда өзгеретін сипаттама.
«Ақ жағалылар» немесе кеңсе қызметкерлерінің
қылмысы - жоғары лауазымды адамдардың
өзгелерге өктемдігін жүргізу мақсатымен жа-
саған қылмыстары.
Ақ нәсіл мәртебесі - «ақ» тұртындардың нәсілдік
ерекшелігі үшін ғана алатын артықшылығы.
Ақпараттық технологиялар - ақпаратты сақтау,
қолдану және жөнелту үшін пайдаланыла-
тын компыотерлер мен телекоммуникаци-
ялық қүрылғылар.
Ақталу - жасалған әрекеттің дұрыс емес немесе
орынсыз екенін мойындайтын мәлімдеме.
Ақшалай қаражат - жеке және үй шаруашылығы-
на тиесілі ақша мен тауардың жалпы сомасы.
Алғашқы әлеуметтену - ерте балалық шақта
түлға ретінде қалыптасгыру және рөлдерге
үйрету.
Алдын ала әлеуметтену - болашақта қабылдауы-
мыз мүмкін рөлдерге даярлайтын процесс.
Альтернативті қозғалыстар - жеке көзқарастар
мен іс-әрекеттерде аздаған өзгерістер жасауға
бағытталған қозғалыстар.
Аномия - қоғам нормаларының бүлыңғыр немесе
қалыптасқан жағдайға сәйкес болмауы.
Аңшылық-терімшілік қоғамдар - жабайы жан-
уарларды аулау немесе жеуге жарамды өсім-
діктерді жинау арқылы өмір сүру.
Арақашықтық - екі адам, топ немесе басқа да бір-
лік арасындағы географиялық қашықтықты
білдіреді.